Ғарышқа саяхат туралы фантастикалық әңгіме жазу. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзім жоспары
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім: Ғарышқа саяхат | Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Кушерова Л.К. | ||
Күні: Сынып: 4 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||
Сабақтың тақырыбы | Ғарышқа саяхат туралы фантастикалық әңгіме жазу | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау) 4.5.1.5 сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай және құрмалас сөйлем құрастыру | ||
Сабақтың мақсаттары | Барлық оқушылар: сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай сөйлем құрастырады Көптеген оқушылар: сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай және құрмалас сөйлем құрастырады Кейбір оқушылар: жай және құрмалас сөйлемдерді өз бетінше құрастырады | ||
Бағалау критерийлері | Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай және құрмалас сөйлем құрастырады. | ||
Тілдік мақсаттар | Ұшатын тәрелкелер- ҰБН- ұшатын беймәлім нысан бөгде ғаламшарлықтар ғарыш кемесі пішіні дөңгелек жылдамдығы өте жоғары қонған жері | ||
Құндылықтарды дарыту | Бір- бірін құрметтеуге бірлесіп жұмыс жасауға қалыптасады. | ||
Мектеп миссиясын, пайымдауды, Жаһандық азаматтылықты іске асыру | Ғаламшар туралы көбірек білу арқылы тұтас әлем туралы түсінік қалыптасады Табиғатты қорғауға қатысты шараларға белсене қатысып, өзіндік үлес қосуға ұмтылады. | ||
Пәнаралық байланыс | Дүниетану сабағы | ||
АКТ қолдану дағдылары |
| ||
Бастапқы білім | Күн жүйесіндегі ғаламшарлар | ||
Сабақ барысы | |||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |
Сабақтың басы 5 минут | Үй тапсырмасын тексеру Құрмалас сөйлемдер құрастыру Қызығушылығын ояту. ҰБН суреттерін көрсету арқылы сабақты болжату. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.
| ||
| Жазылым алды тапсырма: (МК, Ұ) Тірек сөздермен жұмыс: Ұшатын тәрелкелер- ҰБН- ұшатын беймәлім нысан бөгде ғаламшарлықтар ғарыш кемесі пішіні дөңгелек жылдамдығы өте жоғары қонған жері Жазылым тапсырмасы: ЖЖ. Оқушылар жұпқа бөлініп, суреттерді таңдайды. «Ғарышқа саяхат» туралы фантастикалық әңгіме жазу үшін жоспар құрастырады. Жазылымнан кейінгі тапсырма: ЖЖ. Жұптар жазған әңгімелерімен алмасып, тексеріп, түзетіп кері қайтарады. Оқушылар қайта көшіріп жазады. 8-12 сөйлем. Жұмыстарын қорғайды. Мұғалім бақылайды, бағалайды. Дескриптор:
Үйге тапсырма: «Ғарышқа саяхат» туралы фантастикалық әңгіме жазу 8-12 сөйлем
| ||
Сабақтың соңы 3 минут | Рефлексия
| ||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |
Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап, құрмалас сөйлем құрастырады. | Жұптық бағалау. | Ұжымдық, жұптық жұмыс кезеңінде бір-біріне құрмет көрсету. | |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.