Табиғат ресурстары. Топырақ. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6-бөлім: Қоршаған ортаны қорғау | Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Бердібаева А.М. | ||
Күні: 12.02.2018 Сынып: 4c | Қатысқандар саны: 12 Қатыспағандар саны: 0 | ||
Сабақтың тақырыбы | Табиғат ресурстары. Топырақ. | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 4.1.2.1 бейтаныс сөздер мен сөз тіркестері бар мәтіннің мағынасын мәнмәтінге қатысты анықтап түсіну 1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну 2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог) 4.2.3.1 белгілі бір тақырыпта сұбхаттасу барысында нақтылап сұрау/қайталап сұрау/шағын мәліметті (3-4 сөйлем) баяндау | ||
Сабақтың мақсаттары | Тыңдаған материалдағы сөздердің мағынасын түсіну Тақырып бойынша диалог құру | ||
Бағалау критерийлері | Тыңдаған бейнематериалдың мазмұнын түсінеді. Тақырып бойынша диалогқа қатысады. | ||
Тілдік мақсаттар | Қоршаған орта, табиғат ресурстары, топырақ, қарашірік, саз, шіріген қалдықтар, құнарлы, қоректік заттар | ||
Миссия және пайымдау Жаһандық азаматтық | Үздіксіз білім алу, өз біліміне жауаптылықты сезінуі, алған білімін өмірде қолдана білу, бақытты оқушы Қоршаған ортаны қорғауға, тіршілік иелерін сақтауға қатысты шараларға қатысуға үндеу | ||
Құндылықтар | Ынтымақтаса жұмыс істеу, бір-бірінің пікірін құрметтеу, әділеттілік (жұптық жұмыс, бағалау арқылы) | ||
Пәнаралық байланыс | дүниетану | ||
АКТ қолдану дағдылары | таныстырылым | ||
Бастапқы білім | Бөлім бойынша жиынтық бағалау | ||
Сабақ барысы | |||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |
Сабақтың басы | Суреттер арқылы сабақтың тақырыбын болжау Сабақтың мақсаты: Тақырып бойынша сөздердің мағынасын түсінемін. Тақырып бойынша диалогқа қатысамын. | ||
Сабақтың ортасы | (МК,Ұ) Балалар, айналаға қараңдаршы. Қандай заттарды көріп тұрсыңдар? Мұның бәрі өзінен өзі пайда болды ма? (Жоқ, кейбірін табиғат жасады, кейбірі адамның қолымен жасалды). Бұл заттар неден жасалған? (пластмасса, темір, жүн, ағаштан...). Бұл заттарды байлық деп атауға бола ма? Бұл кімнің байлығы? Егер бұл табиғат байлығы болса, өзімізге берілген байлықты сақтап қалу үшін не істеуіміз керек? (Қызыл кітап) (ағаш егу, гүлдерді жұлмау, аңдарды атпау, жануарларға қамқорлық жасау, суды үнемдеу, ауаны ластамау, қоқыс тастамау) (МК, Ұ) Жаңа сөздерді меңгерту (сурет, анықтама беру арқылы) Топырақ, топырақтың құрамы, қарашірік, саз, шіріген қалдықтар, құнарлы, қоректік заттар Сөйлемдер құрастыру, дәптерге жазу (бағалау) (Ұ) Топырақ туралы бейнематериал көру. 3 минут (Ө) «Дұрыс – бұрыс» (Өзін- өзі бағалау)
Сергіту сәті Қимылды ойын: «Құбылыстарды көрсет» Жел тұрды гуілдеп, Ағаш біткен уілдеп. Аспанды бұлт торлады, Найзағайлар ойнады. Жаңбыр жауды себелеп, Кемпірқосақ көрінді. Жарқыраған күн шықты. «Иә», «Жоқ» ойыны(Оқушылар екі топқа бөлініп, екі қатарға тұрады. Екі орындық қарама-қарсы қойылып, бір орындыққа «ИӘ» сөзі, ал екінші орындыққа «ЖОҚ» сөздері жазылған қағаздар қойылады. Ортаға кезекпен екі топтан бір- бір оқушы шығып отырады. Мұғалім бір сөйлемнен оқиды. Оқылған ақпарат дұрыс болса, «ИӘ» сөзі жазылған орындыққа жылдам отыру керек. Дұрыс болмаса, «ЖОҚ» сөзі жазылған орындыққа отырып үлгеру керек. Қай топ, көп ұпай жинаса, сол топ жеңеді).
(Ж) Диалог құру (сөйлеу қабырғаларын қолдану) Табиғаттың бөлшегі,тығыз байланыста, табиғатты қорғау, біздің міндетіміз, қамқорлық жасау, ағаштар отырғызу Қабылдау деңгейлері әртүрлі балаларды жұптастыру Дескриптор:
| https://imektep.kz/kz/topirak | |
Сабақтың соңы | Рефлексия Мен ... туралы жаңа ақпарат білдім. Мен ... сияқты сөздерді меңгердім. Мен үшін ... қызық болды. Мен ... таңғалдым. Мен үшін ... қиын болды.
| ||
«Дұрыс – бұрыс»
Реті | Тұжырымдар | дұрыс | бұрыс |
1 | Топырақтың құрамында су, ауа, құм, саз, түрлі тұздар, қарашірік болады. | ||
2 | Егер топырақтың құрамында қарашірігі мол болса, онда топырақтың түсі сары болады. | ||
3 | Ағаштың ұсақ қалдықтары, қураған жапырақтар, өсімдіктер мен жануарлардың шіріген қалдықтары барлығы да саз болады. | ||
4 | Құнарлы топырақта өсімдіктер жақсы өседі. | ||
5 | Өсімдік топырақты қорғаса, топырақ өсімдікті қорғайды. | ||
6 | Топырақтың түсі оның құрамына байланысты. | ||
7 | Топырақтың құрамында ауа жоқ. |
«Дұрыс – бұрыс»
Реті | Тұжырымдар | дұрыс | бұрыс |
1 | Топырақтың құрамында су, ауа, құм, саз, түрлі тұздар, қарашірік болады. | ||
2 | Егер топырақтың құрамында қарашірігі мол болса, онда топырақтың түсі сары болады. | ||
3 | Ағаштың ұсақ қалдықтары, қураған жапырақтар, өсімдіктер мен жануарлардың шіріген қалдықтары барлығы да саз болады. | ||
4 | Құнарлы топырақта өсімдіктер жақсы өседі. | ||
5 | Өсімдік топырақты қорғаса, топырақ өсімдікті қорғайды. | ||
6 | Топырақтың түсі оның құрамына байланысты. | ||
7 | Топырақтың құрамында ауа жоқ. |
ИӘ
ЖОҚ
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.