Мамандығым-мақтанышым. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, дидактикалық материал.
Дидактикалық материалдар
Мәтінді түсініп тыңдаңдар.
Мектеп қабырғасын бітірген соң,өздеріңе ұнаған мамандық таңдайсыңдар.Ал мамандық таңдау- өте жауапты іс.мамандықты таңдау арқылы өмірге дайындаласыңдар.Адам мамандықты өз жүрегінің қалауы бойынша таңдау керек. Сонда ғана өз ісіне адал,жұмысын сүйетін жақсы маман болып шығады.Сонымен қатар сол мамандыққа адамның қабілеті мен бейімділігі болуы қажет.
Қазіргі уақытта мамандықтың түрлері өте көп.Сондықтан да өзің ұнататын мамандықты дұрыс таңдай біл!Мамандық таңдаудан қателеспе!
Жүрдек сұрақтар:
-Мамандық таңдау арқылы неге дайындалады?
-Қалай ойлайсыңдар, өз мамандығын жақсы көрмейтін адамнан жақсы маман шыға ма?
Т.Оқушылар топта берілген мәтіндердің жанрлық ерекшеліктерін ажыратады. Ол үшін балаларға жанрлық ерекшелікті көрсететін сөздер мен сөз орамдары ұсынылады. Оқушылар солардың ішінен өзіне берілген жанрға қатыстыларын іріктеп алады. Түпнұсқамен салыстыру арқылы өз-өзін тексереді. Мәтін жанрларына қатысты ақпарат алады.
Өлең | Ұйқасқа құрылады, шумақтардан тұрады. |
Мақал-мәтел | Көлемі шағын, көбінесе 2-4 жолдан тұрады, адамдарға ақыл үйретеді |
Әңгіме | Сюжеті болады, кейіпкерлері болады, ұйқас болмайды |
ЖЖ.«Ойлан, айт» Оқушылар жұпта берілген мәтіндердің жанрлық ерекшелігін ажыратады, өз ойларын дәлелдейді.
І
Ақ халатты киемін,
Аппақ болып жүремін.
Аппақ болып жүргенді
Өзім жақсы көремін.
«Дәрігермін» мен деймін,
Кәрі әжемді емдеймін.
«Көп – көп ішіп дәріні,
Кәрілікті жең», - деймін.
ІІ
Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.
Еріншектің ертеңі бітпес.
ІІІ
Камила мен Жамила – достар. Екеуі төртінші сыныпта оқиды. Бүгін олар сабақта мамандықтар туралы өтті. Мұғалім үйге болашақта кім болатындары жайлы жазып келуге тапсырма берді. Камила ойланып, мұғалім мамандығы туралы жазды. Ал Жамила дәрігер мамандығын алғысы келетінін жазды.
Жекелей.«Ойлан, тап». Оқушылар мамандық тақырыбына қатысты берілген тапсырмаларды орындайды.
1-тапсырма. Өлеңді оқы, көп нүктенің орнына тиісті мамандық атауларын қойып жаз.
Мен ................ боламын,
Суреттерді саламын.
Марапатқа ие болып,
Бірінші орын аламын.
Мен ................. боламын,
Бәрін емдеп жазамын.
Адамдарды құрметтеп,
Бәріне ие боламын.
Ал мен ........... боламын,
Өлеңдерді жазамын.
Ақындыққа ие болып,
Бәрінен озып шығамын.
2-тапсырма. Мәтіннің жанрын анықта. Ойыңды дәлелдеп жаз.
Дескриптор:
- көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қояды;
- мәтін жанрын анықтайды;
- өз ойын дәлелдейді;
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.