Өсиет әңгімелерді, өлеңдерді оқу, фильмдер көру, мақал-мәтел, тыйым сөздермен танысу (2-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ жоспары
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2 Күні: Сынып: 4 С | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Өсиет әңгімелерді, өлеңдерді оқу, фильмдер көру, мақал-мәтел, тыйым сөздермен танысу (2-сабақ) | ||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 4.3.4.1 мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалауға бағытталған (неліктен? не үшін?) құрастыру және оған жауап беру. | ||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалауға бағытталған (неліктен? не үшін?) құрастырады және оған мұғалімнің қолдауымен жауап береді. Көптеген оқушылар: мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалауға бағытталған (неліктен? не үшін?) құрастырады және оған жауап береді. Кейбір оқушылар: мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалауға бағытталған (неліктен? не үшін?) құрастырады және оған еркін жауап береді. | ||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Кейіпкердің іс-әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар құрастырады. | ||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Достық, адал, нағыз, шынайы, көмектесу, қол ұшын беру, қиын жағдайда | ||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Ынтымақтастық | ||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану | ||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация | ||||||||||||||
Бастапқы білім | Достық тақырыбында сөздер мен сөз орамдарын біледі. | ||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||
Сабақтың басы 5 мин | (Ұ)Қызығушылықты ояту. «Сағаттың тілімен». Оқушылар әуенді тыңдай сөздерді айнала жүреді. Әуен тоқтағанда қасындағы сөзбен сөйлем құрастырып айтады. Осылайша өткен сабақтағы сөздерді еске түсіреді.
Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру | ||||||||||||||
Сабақтың ортасы 7 мин 13 мин 10 мин | (МК) «Сөз сыры». Оқылым алды жұмыс. Оқушылар берілген сөздерге қарап, мәтін мазмұнын болжайды. Жаңа сөздердің мағынасын ашады.
(Ө) «Оқы, біл». Оқушылар мәтінді жинақтап оқиды, мазмұнымен танысады. Таныс емес сөздердің мағынасын ашады. Мәтін бойынша берілген кестені толтырады. Екі дос орманда келе жатады. Бір кезде алдарынан аю шығады. Бұл екі достың біреуі әлсіз, ауру екен, ал екіншісі мықты, жас жігіт екен. Аюды көргенде бұл жігіт ауру досын тастап, өзі бір үлкен ағаштың үстіне шығып кетеді.
Ауру дос ағашқа шыға алмай, жерге құлайды да өлген кісі сияқты жатады. Өйткені ол «аю өлген кісіге тиіспейді» деген сөзді естіген еді. Аю ауру достың қасына келіп иіскелеп тұрды да, дыбысын естімей, кетіп қалады.
Содан соң манағы жолдасы ағаштан түсіп, ауру досынан сұрайды:- Достым, аю құлағыңа не айтып кетті?Ауру дос:- Аю құлағыма ақыл айтты, екінші рет қиын жағдайда достарын тастап кететін адамдармен дос болма деді,- дейді.
(Ж) «Сұрақтар мен жауаптар». Оқушылар мәтін негізінде берілген сұраулы сөздерді пайдаланып, кейіпкердің іс-әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар құрастырады. Сұрақтарын бір-біріне қойып, жауап береді.
Дескриптор:
| ||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | «Аяқталмаған сөйлемдер» арқылы өзінің сабақтағы жұмысын қорытындылайды. Мен бүгін............ Маған бүгін.................. | ||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия
| |||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||||||||||||
- Сәлем, Джессика! Қалың қалай? Американың ауа райы қалай?
Бізде күн жылы. Күз келсе де, ауа райы қуантып тұр. Сен хатыңда Қазақстан туралы жазуымды сұрап едің ғой.
Қазақстан - әлемдегі жер көлемі бойынша үлкен мемлекеттердің бірі. Менің елімде асқар таулар, айдын көлдер, ну ормандар өте көп. Әсіресе, біздің Бурабай жерінің табиғаты өте әсем. Ормандарда биші қайыңдар өседі. Бурабайдың әр тауы, әр тасы туралы аңыздар да бар. Біз жазда отбасымызбен Бурабайға демалуға барамыз. Бурабайдың ауасы сондай таза! Сен Қазақстанға келсең, міндетті түрде Бурабайды көрсетемін.
Сау бол, Джессика!
Сәлеммен құрбың Айдана.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.