Саяхат Демалыс туралы әңгімелерді оқу (3-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 2 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
| Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні : Лепесбаева А.Т., Темирова Ж.А. Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Саяхат Демалыс туралы әңгімелерді оқу (3-сабақ) | ||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | А 4 Мәселеден хабардар екенін көрсете отырып, нақты тақырып бойынша қысқа диалогке қатысады. О2 Қарапайым әңгімелерді (оқиғаны) түсініп оқиды. | ||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||||||||||||
Жетістік критерийлері | Қарапайым мәтінді түсініп оқиды және мазмұндай алады. | ||||||||||||||
Сөздік қор | Серуендеуге шықты, «Қуаласпақ» ойыны, өткізді, әсем дауыс, бұлбұл, қарлағаш. | ||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Құрмет көрсету | ||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | дүниетану | ||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Демалыс туралы қысқа әңгімелерді мазмұндай алады. | ||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||
Сабақтың басы 7 мин | (Ұ) Қызығушылықты ояту. "Ақсүйек" ойыны. «Саяхатшы бақа» әңгімесі бойынша мазмұнға сәйкес сұрақтарға дұрыс жауап қайтару.
| ||||||||||||||
Сабақ ортасы
10 мин 2 мин 7 мин 10 мин | Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. (Ұ) «Әдеби шеңбер» Сынып екі топқа бөлінеді. Бірінші топ ішкі шеңбер, екінші топ сыртқы шеңбер болады. Екі топқа тапсырма бірдей беріледі. Мұғалімнің бастапқы сөйлемін жалғастырып әңгіме шығарады. Әңгіменің желісі түсінікті болу үшін презентацияда тірек сөздер екі топқа ұсынылады. Екі топқа топта талқылауға бес минут беріледі. Екі топ бір-бірін шеңберде қарама-қарсы тұрып кезектесіп тыңдайды. Ең алдымен сыртқы топ сөйлейді, содан соң ішкі топ өз үлгісін ұсынады. Мұғалімнің сөзі: Жаз келді. Тірек сөздер: серуенге шығу, бота, құлын, қуану, өзен жағасында, «Қуаласпақ» ойыны, көңілді. (Ұ) Сергіту сәті Оқушылар берілген бейнематериалдағы қимылдарды әуенге сай қайталап орындайды. (Ж) Оқылым. Мәтінмен жұмыс. Берілген мәтінді жұптарда оқып шығады. Өздері ұсынған мәтіндермен салыстырады. Ұқсастығы мен айырмашылығын ауызша 3 дәлелден айтады.
Жаз келді. Жексенбі күні бота аулаға серуендеуге шықты. Бота өзен жағасында құлынды көрді. Ол қуанды. Екеуі өзен жағасында «Қуаласпақ» ойынын ойнады. Бота мен құлын күнді көңілді өткізді. (Ө) «Оқы. Толықтыр» Мәтін бойынша берілген үш тапсырманы әрбір оқушы жеке орындайды. Орындаған соң жазған жұмыстарын ауызша қорғайды.
| Презентация | |||||||||||||
Сабақтың соңы 4 мин | (МК) "Пайыздық көрсеткіш" арқылы өзінің сабақтағы жұмысына баға беру. 25% 50% 100% |
| |||||||||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Бір-бірін итермеу, жүгірмеу | |||||||||||||
Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үшін тапсырманы күрделендіру: Тапсырма бойынша берілген сұрақтарды толықтай орындап, жауаптары толық сөйлемдермен береді.
|
| Сергіту сәттерін өткізу; қауіпсіздік техникасын сақтау | |||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әдістемелік бірлестік жетекшісі ____________Д.Ш. Рахимова
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру