Жазғы ойындар №11. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-бөлім «Демалу мәдениеті. Мерекелер» Күні: Сынып: 3 | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Жазғы ойындар №11 | ||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 4.5 Орфографиялық дағдыларды дамыту 3.4.5.1 жаңа сөздерді орфографиялық сөздіктерге сүйеніп дұрыс жазу 5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау) 3.5.1.4 мұғалімнің қолдауымен жіктеу есімдіктерінің септелуін және септеулік шылауларды ауызша/жазбаша тілде қолдану | ||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылардың барлығы: мұғалімнің қолдауымен сөздерді сауатты жазады, ауызша және жазбаша жіктеу есімдіктерінің септелуін дұрыс қолданады. Оқушылардың көпшілігі: сөздерді орфографиялық сөздіктерге сүйеніп сауатты жазады, ауызша және жіктеу есімдіктерінің септелуін дұрыс қолданады. Оқушылардың кейбірі: сөздерді сауатты жазады, жіктеу есімдіктерінің септелуін ауызша және жазбаша дұрыс қолданады. | ||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||||||||||||||
Лексикалық минимум | Топ, өткіз, жасырынбақ | ||||||||||||||||||||||||
Грамматикалық минимум | Дұрыс жазу және айту: жасырынбақ (жасырымбақ) | ||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Құрмет, ынтымақтастық, өмір бойы оқу, азаматтық жауапкершілік, ашықтық | ||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, өзін-өзі тану | ||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Power Point таныстырылымы | ||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Кім қайда демалады? №10 | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 10 мин | «Шаттық шеңберіне» шақыру «Достық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Балалар достық сөзінің мағынасын түсіндіреді. Қолданылатын сөздер: Менің ойымша ...., өйткені .... Ой шақыру Сұрақ-жауап:
Мақсаты: Оқушылар сұраққа жауап береді. Ойын туралы мәліметтер бөліседі. Өмірмен байланыс орнатады. Практика: «Соқыр теке» ойыны «Соқыр теке» – ойыны да біздің қазақтың көптен келе жатқан ойын түрі. Бұл ойын кез-келген жерде ойнала беретін болғандықтан, көп пайдалануға болады. Оқушылар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады да, ортада көзі байланған бір адамды қалдырады. Соқыр теке – сол. Қалғандары оны қолымен түртіп қойып, одан айнала қашады. Соқыр теке түрткен адамды ұстап алуы керек. Ойын солай жалғаса береді, қашан мұғалім тоқтатқанша. Бұл ойын сезімталдыққа, жылдамдыққа баулиды. Ойынға 10-12 адамға шейін қатысуға болады. Бұл ойын сезімталдыққа, жылдамдыққа Сабақтың мақсатымен таныстыру:
| Слайд | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 25 мин | Мағынаны тану Жаңа сөздер (Ұ) Жаңа сөздерді суреттер мен мағынасы жақын сөздер арқылы меңгерту
Дамыту жолдары:
1-тапсырма: (Ұ) Мәтінді тыңда. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып мазмұнда. Тапсырманының орындау шартын түсінеді. Мәтінді екі рет тыңдайды. Қажетті сөздерді дұрыс жазады. Оқушылар бір-бірінің жұмысын тексеріп бағалайды. Керекті сөздер: жазғы ойындар, көңілді, өзенде, топ, жасырынбақ. Жазғы демалысты ... өткіземін. Маған .. өте ұнайды. Күндіз ... шомыламыз. Кешке ... ойнаймыз. Біз ... болып ойнаймыз. 2-тапсырма: (Ж) Тыңдалған мәтін бойынша сөздерді тіркестіріп жаз. Тапсырманың мазмұнын талқылайды. Алдынғы тыңдалым мәтінін қажет болса, тағы бір тыңдайды. Берілген сөздердің тіркестіріп сөз тіркесін құрастырады. Мысалы, жазғы ойындар т.б.
Кері байланыс Тапсырма қиын болды ма? Сергіту сәті «Миссис Марпл» ойыны Мақсаты: Ойын көңіл көтереді және дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтырады. Шарты: Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Оқушы тісін көрсетіп сөйлеу керек, бірақ айтылып жатқан сөзін барлығы есту керек. Кім анық, дұрыс айтпаса немесе ойын шартын бұзса, сол ойыннан шығады. Мысалы: Марат: Кешіріңіз, Миссис Марплды көрмедіңіз бе? Анар: Жоқ, Миссис Марплды көрмедім. Кері байланыс Ойын ұнады ма? 3-тапсырма: (ЖЖ) Мәтінді оқы. Бір-біріңе сұрақ қойындар. Оқушылар мәтінді алдымен оқып, мазмұнын әңгімелейді. Мазмұны бойынша сұраулы сөйлемдер құрастырады. Бір-біріне сұрақ қойып, жауаптармен алмасады. Оқушылардың жауабын мұғалім бағалайды.
Маған жазғы ойындар ұнайды. Жазда мен доп ойнаймын, секіргішпен секіремін, бормен асфальтқа сурет саламын. Достарыммен бірге топ болып, бадминтон, жасырынбақ ойнаймыз. Жазғы демалысты көңілді өткіземіз. Кері байланыс Тапсырма қиын болды ма? 4-тапсырма: (Ж) Тиісті қосымшаларды жалғап, көшіріп жаз. Оқушы қосымша сөзінің жалғау екенін түсінеді. Сөйлемдерді сауатты көшіріп, жалғауларын дұрыс жалағайды. Әр оқушы тізбектеп дауыстап оқыиды, қалған оқушылар «дұрыс», «қате» деп бағалайды, қателескен жерін түзетеді. Мен жасырынбақ ойнай... . Сен жасырынбақ ойнай... . Сіз жасырынбақ ойнай... . Ол жасырынбақ ойнай... . Мен секіргішпен секіре... . Сен секіргішпен секіре... . Сіз секіргішпен секіре... . Ол секіргішпен секіре... . Тиісті қосымшалар:
Дескриптор:
| Слайд
Үлестірмелі қағаздар
«Көкжиек» оқулығы, 120-121 бет
«Көкжиек» оқулығы, 122-бет, 5-тап
| |||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Рефлексия «Бағдаршам»
Қызыл түс - бүгінгі сабақты мүлдем түсінбедім. Сары түс - бүгінгі сабақты орташа түсіндім. Жасыл түс - бүгінгі сабақты түсіндім. Бағалау Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын бағалау критерийлері бойынша бағалай алады. Үй жұмысы 122-бет «Кел жаттайық!» | Слайд | |||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады. | Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары. | |||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру