Наурыз тойы №9. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8-бөлім

«Демалу мәдениеті. Мерекелер»

Күні:

Сынып: 3

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Наурыз тойы №9

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

1.3 Тыңдаған аудио/бейнематериалдың мазмұнын түсіну

3.​1.​3.​1 тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/кесте толтыру/ мазмұндау

2.6 Орфоэпиялық нормаларды сақтау

3.​2.​6.​1 мұғалімнің қолдауымен айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді дұрыс айту

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға дұрыс жауап береді және айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді мұғалімнің қолдауымен ажыратады.

Оқушылардың көпшілігі:

мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға дұрыс жауап береді және айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді үлгі бойынша ажыратады.

Оқушылардың кейбірі:

мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға дұрыс жауап береді және айтылуы мен жазылуы өзгеше сөздерді дұрыс ажыратады.

Бағалау критерийлері

  •  Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға дұрыс жауап береді;
  •  айтылуы мен жазылуы өзгеше сөздерді дұрыс айтады.

Лексикалық минимум

Бәйшешек, қоштасу

Грамматикалық минимум

Орфография, орфоэпия (е, ө)

Өнер - өнөр

Құндылықтарды дарыту

Құрмет, ынтымақтастық, өмір бойы оқу, азаматтық жауапкершілік, ашықтық

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, өзін-өзі тану

АКТ қолдану дағдылары

Power Point таныстырылымы

Бастапқы білім

Мерекелер №8

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

«Шаттық шеңберіне» шақыру

«Гүлмен тілек» тренингі

Оқушыларды бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

Ой шақыру

«Наурыз тойы» Роза Рымбаеваның әнін тыңдату

- Ән не туралы?

- Ән саған қандай көңіл-күй сыйлайды?

Сабақтың мақсатымен таныстыру:

  • мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға дұрыс жауап беремін;
  • айтылуы мен жазылуы өзгеше сөздерді дұрыс айтамын.

 Слайд

https://www.youtube.com/watch?v=UiR2KfxFRfA

Сабақтың ортасы

25 мин

Мағынаны тану

(Ұ) Жаңа сөздерді меңгерту

Бәйшешек – гүл, дала гүлі

қоштасу – Сау болыңыз! Кездескенше!

Ертеңге шейін!

Дамыту жолдары:

  • сөздерді суреттер арқылы меңгерту;
  • сөздерді синоним немесе мағынасы жақын сөздер келтіріп түсіндіру;
  • сөздермен сөйлемдер ойластыру;
  • дұрыс айту мен дұрыс жазу жолдарын меңгерту;
  • сөздерді дауыстап айтқызу.

1-тапсырма:

(Ұ) Мәтінді мұқият тыңда. Сұрақтарға жауап бер.

Бүгін наурыз мерекесі. Әжем наурыз көже пісірді. Анам дастарқан жайып жатыр. Мен даладан бәйшешек жинап әкелдім. Бәріміз дастарқан басына жиналамыз. Көктемді қарсы алып, қыспен қоштасамыз. Наурыз тойы қызықты және көңілді өтеді. Маған Наурыз мейрамы өте ұнайды.

1) Наурыз мерекесін қашан тойлайды?

2) Наурыз мерекесін қалай қарсы алады?

2-тапсырма:

(Ж) Сурет бойынша мәтінді мазмұнда.

Қолданылатын сөздер: Наурыз мерекесі, наурыз көже, бәйшешек, қоштасу, пісіреді, көңілді

Кері байланыс

Тапсырма ұнады ма?

Сергіту сәті

Қолды алға созайық,

Қайшы кескен болайық.

Бір, екі, үш, төрт,

Бір, екі, үш, төрт.

Енді еркін тыныстап

Демалайық дұрыстап.

Бір, екі, үш, төрт,

Бір, екі, үш, төрт.

3-тапсырма:

(Ж) Берілген сөздерді оқы.

  • Бұл сөздерді айтқанда қандай дыбысты қолданамыз?
  • Жазғанда қай әріппен жазамыз?
  • Сөздерді дұрыс жаз және айтылу транскрипциясын көрсет.

Үлгі: бүгін [бүгүн], ......

Дескриптор:

  • сөздің айтылуына байланысты әріпті анықтайды;
  • сөздерді дұрыс жазады;
  • айтылуы транскрипциясын көрсетеді.

 Слайд

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Таратпа материал

 

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия «Паровоз»

Мен бүгін білдім ....

Мен бүгін түсіндім ....

Маған сабақта ұнады ....

Бағалау

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын бағалау критерийлері бойынша бағалай алады.

Үй жұмысы

Наурыз мерекесі туралы әңгіме дайында.

 Слайд

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу