Су денсаулыққа пайдалы. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7-бөлім «Су – тіршілік көзі»

Күні:

Сынып: 3

6-сабақ

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Су денсаулыққа пайдалы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.3. Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау

3.3.3.1.мәтіннің жанрын (әңгіме, тұрмыс-салт жырлары, бата, мақал-мәтелдер)әңгімелеу, сипаттау мәтінін анықтау.

2.5. Оқыған/тыңдаған материал бойынша пікірін білдіру

3.2.5.1.оқыған/тыңдаған материал бойынша өз пікірін (менің ойымша..., менің көзқарасым бойынша...., себебі, ....) дәлелдеу.

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

Мәтін мазмұнын мұғалімнің қолдауымен тірек сөздер арқылы айтады.

Оқушылардың көпшілігі:

Оқыған мәтін мазмұнын, өз пікірін жай сөйлеммен білдіреді.

Оқушылардың кейбірі:

Мәтіннің жанрын анықтап, оқыған мәтін бойынша өз ойын дәлел келтіріп айтады.

Бағалау критерийлері

  • Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтайды.
  • Оқыған/тыңдаған материал бойынша пікірін білдіреді.

Лексикалық минимум

Сусын, жағажай, қайна

Грамматикалық минимум

Жай және құрмалас сөйлем

Құндылықтарды дарыту

Судың адам ағзасына пайдалы әрі қажеттілігін ұғындыру

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Power Point таныстырылымы

Бастапқы білім

7-бөлім: Су –тіршілік көзі. Құдықтың суы тұщы №5

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру

«Сені көргеніме қуаныштымын...» жаттығуы

Мақсаты: оқушылардың жағымды жақтарын анықтау

Әрбір қатысушы өз көршісіне келесі сөздерді айтады: «Мен сені көргеніме қуаныштымын, себебі,....» бұл сөйлемді адамның сыртқы келбетіне байланысты емес, мінез ерекшелігіне байланысты айту керек.

Бұл жаттығуды орындау сізге қиын болды ма? Көршіңіз «Мен сізді көруге қуаныштымын» деген сөзді айтқан кезде қандай сезімде болдыңыз.

Ой шақыру

Оқушылар сабақ тақырыбын сурет арқылы анықтайды.

  • Балалар, бұл суреттен нені байқадыңыздар?

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Судың түсі қандай?

Сабақтың мақсатымен таныстыру

  • Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтаймын
  • Оқыған/тыңдаған материал бойынша пікір білдіремін.

 

 

 

 

 

 

 Таратпа материалдар

 

 

 

 

 слайд

Сабақтың ортасы

28 мин

Мағынаны тану

(МК,Ұ) Жаңа сөздерді меңгерту

Балалар, суретке назар аударыңыз.

Бұл не? Жазда адамдар қайда демалады?

(оқушылар көп нүктенің орынына сөзді қойып,жауап беру керек)

Бұл ........

Жазда адамдар ........-да демалады.

Бұл не? Адамдар шөлдеген не ішеді?

Бұл .....

Адамдар шөлдегенде ...... ішеді?

Бағалау «Бас бармақ» әдісі арқылы жүргізіледі.

(Ұ) Оқылымалды тапсырмасы: Оқы. Қайтала

-ды қайнатып іш.

Бұл

Бұл

) Оқылым мәтіні

Мәтінді түсініп оқы.

Әлібек жазда жағажайға барды. Күн ыстық. Ол шөлдеп, суық сусын ішті. Оның тамағы ауырып, дәрігерге барды.

Дәрігер:

-Суық сусын іштің бе?- деп сұрады.

Әлібек:

-Иә, суық сусын іштім,- деп жауап берді.

Дәрігер:

-Әрине, ауырасың. Суық сусын ішпе. Суды қайнатып іш. Су пайдалы,- деді.

Дәрігер Әлібекті емдеді.

-Балалар, мәтінде қай сөздер жиі қайталанады?

-Дұрыс айтасыздар, жағажай және сусын.

(Ұ) Ой қозғау.

  • Мәтін не туралы?
  • Әлібек қайда барды?
  • Ол жағажайда не ішті?
  • Дәрігер қандай кеңес берді?
  • Балалар, бұл мәтін қай жанрға жатады?

Тұрмыс-салт па?, Мақал-мәтел ме?, әлде әңгіме ме?

Оқушылар сұрақтарға жауап берген соң, мәтін үш бөлікке бөлініп, топтарға таратылады.

Топ арасынан бір оқушы тағайындалып, топ ішінде мәтінді дауыстап оқиды, ал қалған оқушылар мәтінге қатысты 3 сөзді толықтырып жазып шығады.

1-топ

Әлібек жазда .............. барды. Күн ыстық. Ол шөлдеп, суық .......... ішті. Оның тамағы ауырып, ..... барды.

2-топ

Дәрігер:

-Суық ....... іштің бе?- деп сұрады.

Әлібек:

-Иә, ...... сусын іштім,- деп ..... берді.

3-топ

Дәрігер:

-Әрине, ауырасың. Суық ...... ішпе. Суды ...... іш. Су пайдалы,- деді.

Дәрігер ........ емдеді.

Кері байланыс: Не қиын болды? Неліктен?

Сергіту кезеңі: Кел ойлайық, бірге!

Ребусты шеш. «Су – өмірдің нәрі»

(ЖЖ) Оқылымнаннан кейінгі тапсырма:

Тапсырма: Мазмұн желісі бойынша суреттің ретін айт.

Кері байланыс. «Мадақ сөздер» арқылы жүргізіледі.

Дескриптор

- сурет желісі бойынша мазмұндайды

- өз пікірін білдіреді

- сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап айтады.

(оқушылардың кейбірі құрмалас сөйлеммен ойын білдіреді.)

(ЖЖ) Айтылым

Сынып оқушыларын қаламның көмегімен жұптасып, жоспарға сүйеніп мазмұндайды.

Жоспар:

1.Әлібек жағажайда

2. Салқын су

3. Әлібекті емдеу

4. Дәрігердің кеңесі

Тірек сөздер: сусын, жағайжай, суық сусын, пайдалы

Өз пікірін білдіргенде:

Менің ойымша...

Менің көзқарасым бойынша...., себебі, ....

(Оқушылардың кейбірі құрмалас сөйлеммен ойын жеткізсе, көпшілігі жай сөйлеммен баяндайды.)

Дескриптор

- мәтінді мазмұндайды;

- тірек сөздерді орынды қолданады;

- өз көзқарасын білдіреді.

Кері байланыс: «Бағдаршам» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды.

Жеңіл болды

Ойландырды

Қиын болды

Есте сақта!

Жағажайға барамын.

Салқын су ішпе

Суды қайнатып іш.

Дәрігер емдейді.

Слайд

Таратпа материалдар

таратпа қағаз

слайд

Слайд

Таратпа материал

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия

жақсы, көңілді

орташа

төмен

Үй жұмысы

Жағажай және сусын деген сөздерді қатыстыра отырып 4 жай сөйлем жазып келу.

Бағалау

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын бағалау критерийлері бойынша бағалай алады.

 

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.