12-сабақ. Бұл кісі – суретші. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


 12-САБАҚ

 

 Сабақтың тақырыбы: Бұл кісі – суретші

 

 Сабақтың мақсаты:

1.1 Тыңдаған материалдың мазмұнын түсіну

3.​1.​1.​1* анық айтылған сөзді тыңдап, түсінгені бойынша қарапайым нұсқауларды орындау.

3.5 Түрлі дереккөздер ден қажетті ақпаратты алу

3.​3.​5.​1* сөздіктер мен анықтамалықтардан қажетті ақпаратты табу және оны алу.

5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)

 3.​5.​1.​4* мұғалімнің қолдауымен жіктеу есімдіктерінің септелуін және септеулік шылауларды ауызша/жазбаша тілде қолдану.

 

 Сабаққа қажетті ресурстар: интербелсенді тақта, таныстырылым, үлестірме смайлик суреттері, түрлі түсті қарындаштар немесе фломастерлер.

 

 Сабақтың соңында оқушылар нені үйренеді:

  • Сөздер мен сөйлемдердің мағынасына сәйкес әрекет жасайды.
  • Тақырыпқа қатысты ақпараттарды анықтайды.
  • Жазу барысында жіктеу есімдіктерінің септеулі түрін қолданады.

 Сабақтың басы

 Үй тапсырмасын тексеру. «Сақина салмақ» ойыны. Бұл ойын ережесі бойынша кімнің қолында сақина қалса, сол үй тапсырмасын айтады. Бауыржан Момышұлы туралы фотоколлажын қорғайды.

Ой қозғау. Интербелсенді тақтағы суреттер арқылы оқушыларға тараудың тақырыбын болжатыңыз. Сұрақтар қойып, оқушыларды коммуникативтік қатынасқа тартыңыз. Оқушылардан: «Суреттен нені көріп тұрсыңдар? Сабақтың тақырыбы қандай болады деп ойлайсыңдар? Бүгін кім және не туралы айтамыз?», – деп сұрап, суреттер арқылы жаңа тараудың мазмұнын болжатыңыз.

Сабақтың мақсатымен таныстыру. Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстырасыз. Сабақ мақсатын интербелсенді тақтадаға шығарып қоясыз:

 Тыңдаған материалдың мазмұнын түсіну.

 Тақырыпқа қатысты ақпараттарды анықтау.

 Сөйлеу және жазу барысында жіктеу есімдіктерінің септеулі түрін дұрыс қолдану.

 

Тыңдалым. Оқушыларға мәтінді екі рет мұқият тыңдатыңыз. Берілген сөйлемдерді мұқият тыңдап, «дұрыс» немесе «бұрыс» картасын көрсетуді тапсырыңыз.

Тапсырманы орындап болған соң, «Дұрыс/бұрыс» ойынын өткізіңіз. Оқушыларды жұпқа бөліңіз. Оқушылар мәтін мазмұнына сай 1 дұрыс, 1 бұрыс сөйлем құрастыру қажет.

Ойластырған сөйлемдерін жұбыңа жасырады. Ол айтылған сөйлем мазмұнының дұрыс/бұрыстығын анықтайды.

Бір-бірінің жауабын бас бармақ арқылы бағалатыңыз.

 Оқылым. Мәтінді рөлге бөліп, дауыстап оқытыңыз. Экпрессивті мәнді сөздерді қажет жерінде сол мәнерде оқып шығуларын тапсырыңыз. Оқылымнан кейін мәтін мазмұнын қаншалықты түсінгендерін, негізгі ақпаратты қалай қабылдағандарын тексеру үшін сұрақтар қойыңыз: Диалог кімдер арасында жүріп жатыр? Анасы Әлиге не айтты? Әли анасына не айтты? Әлиге суретшінің қай туындысы ерекше ұнады?

 Сұрақтарға жауап беріп болған соң, мәтін ішінен жіктеу есімдігінің септеулі түрін тапқызыңыз. «Мен» есімдігін басқа септіктер бойынша ауызша түрлендіріп шығуды тапсырыңыз.

 

 Айтылым. Оқушыларға сабақ тақырыбына қатысты сұрақтар қойыңыз. Сабақ барысында алған ақпараты мен суреттер бойынша сұрақтарға жауап беруді тапсырыңыз: Әбілхан Қастеев деген кім? Ол кісі туралы не білесің? Ә.Қастеевтің қандай туындылары бар? Суретші кімдерді бейнелеген? Дескриптор: сұрақтарға жауап береді; сөйлеуде тілдік нормаларды сақтайды.

 Сергіту сәтін ұйымдастырыңыз. «Көңілді күн» (https://www.youtube.com/ watch?v=xyS4WWbtttM) бейнематериалын көрсетіп, кейіпкерлердің қимылдарын қайталатқызыңыз.

 

Жазылым. Оқушыларға көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, берілген мәтінді қатесіз көшіріп жазуды тапсырыңыз. Дескриптор: көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып жазады; әріптердің мөлшерін сақтап жазады; әріптердің байланысын сақтап жазады; мәтінді қатесіз көшіріп жазады.

 

 

 

 

Үй тапсырмасы. Оқулықтың 61-ші бетіндегі 4-тапсырманы үйге беріңіз. Оқулықта берілген сөздер негізінде шағын әңгіме құрауды тапсырыңыз.

Рефлексия. Оқушылардан сабақтан алған әсері туралы сұраңыз. Балаларға желкені бар кеменің суретін беріп, желкенді жасыл, сары немесе қызыл түске бояуды тапсырыңыз. Сабақ ұнаса және тапсырманың барлығын сәтті орындаған болса, желкенді жасыл түске боясын. Сабақта белгілі бір қиындықты кездестірген болса, желкенді сары түске боясын. Сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса, желкенді қызыл түске боясын.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.