Танымалдылық №13. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
3-сынып (ОМЖ)
6-бөлім: Атақты адамдар
13-сабақ «Танымалдылық»
Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың жазылым дағдысын қалыптастыру көзделеді.
Сабақта ұстанатын қағидалар:
- Сабақты жоспарлау кезінде әр сыныптың ерекшеліктерін басшылыққа алуды ұмытпаңыз;
- Аймақтың ерекшелігіне, тілдік ортаға, сыныптың деңгейіне қарай тапсырмаларды күрделендіруге немесе жеңілдетуге болады;
- Сыныптағы оқушылардың қажеттіліктерін (аудиал, визуал, кинестетик) ескере отырып, саралау тапсырмаларын беруге болады;
- Әр оқушының білім деңгейін, оның ілгерілеуі үшін не істеу керектігін білген өте маңызды;
- Оқушыларды үнемі қадағалап, үнемі қолдау көрсетіп отырыңыз;
- Сабаққа қажет ресурстарды алдын-ала дайындап, қажетіне қарай бейімдеңіз.
- Ең басты міндет - мақсатқа жету.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты:
- Ұйымдастыру кезеңінде психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатымен «Өзі туралы» тренинг жүргізіледі. Оқушылар танысу үшін өздері туралы кластер құрастырады. Олар парақтың ортасындағы шеңберге өз есімдерін жазып, одан таралатын үш шеңберге өздерінің өміріндегі маңызды рөлін жазады. Сынып алдына шығып өзін таныстырады. Тренингтің мақсаты – таныстырылым жасау арқылы өзің танымал ету (сабақтың тақырыбына ой шақыру).
Мысалы: Әділ
Жақсы бала
Адал дос
Тәртіпті оқушы
- Әр сабақтың басында мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізуі керек. Оқушы осы сабақта нені білу керектігін жақсы түсінуі керек;
- Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.
Жаңа сөздер:
- Жаңа сөздердің мағыналарын суреттер арқылы түсіндіріңіз;
- Қолдану ерекшеліктерін көрсетіңіз;.
- Бірнеше рет қайталатып айтқызыңыз;
- Сабақ барысында түрлі жағдаяттарда қолдатыныз.
- Сөздерді меңгертуде сөздің аудармасын айтпаңыз;
- Сөздерді сөздік дәптерлеріне жаздыртыңыз.
Грамматикалық қоржын:
- Мұғалім қоржыннан сөзді көрсетеді (дауыстап айтады), оқушылар ойланып тақтадағы сөздердің түбірін және жұрнағын белгілетеді. Сөзге сұрақ қойып, сөз тіркесі, сөйлемдермен бекітуге болады. Мысалы: танымалдылық
1-тапсырма:
Мұғалім орындатпас бұрын тапсырманың мазмұнын түсіндіреді. Оқушылар мәтінді топпен орындайды. Сол себепті оқушыларды топқа бөліңіз. Мысалы, жұп-тақ сандар арқылы бөлінеді. Оқушылар суреттегі маман иелірінің атауын жазады. Содан кейін келесі берілген сұрақтарға жауап дайындайды. Әр топ өз жұмысын қорғайды. Топ жұмысын мұғалім бағалайды. Ол үшін оқушылар бағалау критерийін құрастырады. Жеңген топ жұлдызшамен марапатталады.
Сергіту сәті
Оқушылар мәтінді бірге дауыстап оқиды, содан кейін қимыл арқылы көрсетеді.
Қолды алға созайық,
Қайшы кескен болайық.
Бір, екі, үш, төрт,
Бір, екі, үш, төрт.
Енді еркін тыныстап
Демалайық дұрыстап.
Бір, екі, үш, төрт,
Бір, екі, үш, төрт.
2-тапсырма:
- Бұл тапсырманы оқушы жеке орындайды;
- Алдымен оқушы тапсырманы толық түсінгеніне толық көз жеткізіңіз;
- Оқушының назарын тірек сөздерге аударып, әңгіме құрастыруына тоқтылып өтіңіз.
Біріншіден, 1-ші жақтан жаз;
Екіншіден, ойынды жинақта, не туралы жазатынынды ойластыр;
Үшіншіден, тірек сөздерді қолдан;
Төртіншіден, сауатты жаз.
«Кім боламын?» тақырыбына әңгіме құрастырып жазады.
Қажетті сөздер: менің, арманым, болғым, келеді, танымал, еңбек
Дескриптор:
- тірек сөздерді қолданып, әңгіме құрастырады;
- сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жазады.
Мұғалім бағалауы:
- оқушы берілген сөз тіркестерін суретпен байланыстыра алуын;
- тірек сөздер арқылы әңгіме құрастыра алуын бағалайды.
Кері байланыс оқушының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделеді. Кері байланыс сабақтың соңында ғана емес, сабақ барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын тапсырмаларының соңында жүргізіліп отыруы керек. Мұғалім оқушының кез келген кері байланыс парағын оқи отырып, жұмысының сәтсіз шыққан тұсын және сәтті шыққан қадамын, ендігі іс-әрекетін қалай жақсартуға болатынын алдын-ала біледі. Сонымен қатар кері байланыс парағы арқылы оқушының үніне құлақ түріп, оқу мен оқытудағы кездесетін кедергілерді айқындап, келесі оқытуға бұдан да жақсырақ дайындалуына түрткі болады.
Рефлексия мақсаты - еске түсіру, өзінің сабақ бойындағы іс-әрекетіне баға беру, талдау және мәселелердің шешу жолдарын іздестіру.
«Смайлик» тәсілі арқылы оқушылар өз істерінің мәнін түсініп, оны ойлану барысында өзіне-өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп береді.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.