Күш атасы - Қажымұқан № 9. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
3-сынып (НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ, ОМЖ БОЙЫНША)
6-тарау
Атақты тұлғалар
Сабақтың тақырыбы: Күш атасы - Қажымұқан № 9
1.3 Тыңдаған аудио/бейнематериалдың мазмұнын түсіну
3.1.3.1* тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/кесте толтыру/мазмұндау
2.5 Тыңдау-көру материалдары негізінде ойын айту
3.2.5.1* оқыған/тыңдаған материал бойынша өз пікірін (менің ойымша ..., менің көзқарасым бойынша ..., себебі ...) дәлелдеу
4.5 Орфографиялық дағдыларды дамыту
3.4.5.1 жаңа сөздерді орфографиялық сөздіктерге сүйеніп дұрыс жазу
Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың тыңдалым, айтылым және жазылым дағдысын қалыптастыру көзделеді.
Сабаққа қажетті құралдар:
- Сабақты жоспарлау кезінде әр сыныптың ерекшеліктерін басшылыққа алуды ұмытпаңыз;
- Сыныптағы оқушылардың қажеттіліктерін (аудиал, визуал, кинестетик) ескере отырып, саралау тапсырмаларын беріңіз, өйткені әр оқушының білім деңгейін, оның ілгерілеуі үшін не істеу керектігін білген өте маңызды;
- Оқушыларды үнемі қадағалап, үнемі қолдау көрсетіп отырыңыз;
- Сабаққа қажет ресурстарды алдын-ала дайындап, қажетіне қарай бейімдеңіз;
- Ең басты міндет - мақсатқа жету.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты:
- Ұйымдастыру кезеңінде оқушылар шеңберге шығып, «Мен саған гүл сыйлаймын» ойыны арқылы тілдерін жаттықтырады. Оқушылар шеңбер болып тұрады. Бір-біріне өздері білетін сөздерді айтып, қағаз гүлді сыйға тартады. Мысалы: Мен саған бақыт гүлін сыйлаймын, мен саған сәттілік гүлін сыйлаймын, мен саған әдептілік гүлін сыйлаймын, т.б. Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, сыйластықты дамыту, психологиялық жағымды атмосфера қалыптастыру.
- Үй жұмысын «Қағаздағы сұрақтар» әдici aрқылы әр оқушы қағаз қиындысына өзі білгісі келген немесе өзі жауап бергісі келген сұрақтарды жазып, қалташаға салады. Араластырылған сұрақтар еркін түрде сынып ішінде таратылып беріледі. Әркім өзіне түскен сұрақтарға жауап береді. Оқушылар Бауыржан Момышұлы туралы өткен сабақта алған білімдері мен қосымша ақпаратты колданып, айтады.
- Тақырыпқа көшу мақсатымен осы тақырыпқа қатысты суреттер көрсету арқылы ой шақырып, тақырыпқа болжау жасатыңыз. Оқушылар өздері білетін спортшыларды айтады. «Қазақстандық қандай балуандарды білесіңдер? Күрестің қандай түрлері бар?» сияқты сұрақтар қойып, ойларын жинақтауға мүмкіндік жасаңыз.
- Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізіңіз. Оқушы осы сабақта нені білу керектігін жақсы түсінуі керек. Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.
Жаңа сөздер:
Жаңа сөздердің мағыналарын суреттері арқылы болжайды. Қолдауды қажет ететін оқушыларға сөздерді жеңілдетіп немесе күрделендіріп беруге болады. Сөздердің мағынасын түсінік беру арқылы меңгереді.
Қолдану ерекшеліктерін көрсету:
- Бірнеше рет қайталатып айтқызыңыз;
- Сабақ барысында түрлі жағдаяттарда қолдандырыңыз;
- Сөздерді меңгертуде сөздің аудармасын айтпаңыз;
- Сөздерді сөздік дәптерлеріне жаздыртыңыз.
- Сөз орамдары мен сөйлем құрастырғызыңыз.
- Есте сақтаңыз:
Әрбір тапсырманы орындатпас бұрын, оқушыларды тапсырмамен таныстырып, түсінгендеріне көз жеткізіңіз. Тапсырманы орындаған соң, кері байланыс орнатыңыз. Тапсырмалар шиыршық әдісі арқылы орындалады. Яғни білім беру тәсілі оңайдан күрделіге қарай жылжып отырады.
- Тыңдалым.
Мәтінмен жұмыс жасауға кіріспес бұрын, оқушылар «Сен білесің бе? Қажымұқан Мұнайтпасұлы» туралы бейнефильм көретіңіз. «Зымыран сұрақтар» әдісі арқылы бейнеролик бойынша оқушылар бір минут ішінде сұрақтарға жауап береді. Бұл оқушылардың ойларын шоғырландыруға, мәтіннің кім туралы болатынын болжауға жағдай жасайды. Мәтінді алдын-ала аудиожазбаға жазып алыңыз, ондай жағдай болмаса, өзіңіз оқып беріңіз. Дегенмен де аудиожазбадан тыңдап үйренгендері дұрыс. Тыңдалымның алдында мәтінде оқушыларға таныс емес сөздер болған жағдайда (1-2 сөз), міндетті түрде түсінік беру керек. Мәтінді мұқият екі рет тыңдатыңыз, алдын-ала дескриптормен таныстырыңыз. Содан кейін мәтіннің мазмұны бойынша бірнеше мәтінге тақырып қояды, сұрақтарға жауап береді. Жауаптарын барлық оқушыдан сұрау қажет емес, 4-5 оқушыдан сұрасаңыз жеткілікті. Жұмыстың соңында оқушылар смайликтер бойынша өзін бағалайды. Содан кейін «Топтастыру» стратегиясы арқылы оқушылар «Қажымұқан» сөзіне мәтін бойныша алған ақпаратты топтастырады. Бұл тапсырма топпен орындалады. Оқушылар тыңдалым мәтінінен алған білімдері бойынша Қажымұқанды сипаттайды, мәтіннің мазмұнын айтады.
- Жазылым
Бұл тапсырма жеке орындалады. Тапсырмаға дейін берілген жалғауларға қатысты ережелерді мысал түрінде немесе үлгі беру арқылы қайталап кеткен дұрыс. Оқушылар сөздерге тиісті жалғауларды жалғайды, кестені қолданып, сөйлемдер құрайды. Осы тапсырма арқылы оқушы меңгерген білімін, жинақтаған сөздік қорын қолданғанын көрсетеді. Сонымен қатар, каллиграфия нормаларына сәйкес жазуды үйренеді. Тапсырманы орындап болғаннан кейін, бірнеше оқушының жұмысы тексеріледі. Қалған оқушылардың жұмыстарын жинап алып, сабақтан кейін тексеріңіз.
- Айтылым
«Кубизм» әдісі бойынша суретке қарап балуан, қарсы, жеңіс, қуаныш, күрес сөздерін қолданып, жұбымен сұхбаттасады. Жұпқа бөлгенде, қабілеттері әртүрлі оқушыларды бірге отырғызыңыз. Қабылдау деңгейі жоғары оқушы жұбына қолдау көрсеткенін қадағалаңыз. Бір-біріне айтып жатқан уақытта, осы сабақта өзіңіз көздеген бір-екі жұптың қастарына барып тыңдаңыз. Өз дәптеріңізге қай оқушының неден қиналып отырғанын тіркеп отырыңыз. Бұл келесі сабақты жоспарлағанда өзіңізге қажет. Сол оқушылардың ілгерілеуіне ықпал ететін тапсырма дайындаңыз. Соңында «Не қиын болды?», «Не жеңіл болды?» деген сұрақтар қою арқылы кері байланыс жүргізіледі.
- Бағалау:
Қалыптастырушы бағалаудың күнделікті іс-тәжірибесі барысында, оқушының меңгеру деңгейінің өлшемі мен ілгерілеуін анықтауда, «Бас бармақ», «Бағдаршам», «Бір жұлдыз, бір тілек», «Үш шапалақ» түрлерін қолдануға болады. Оқушы көрсетеді және жеке көзқарасын білдіруге қалыптасады.
- Сергіту сәті:
Бір, екі,үш
Жинап алдық күш
Төрт, бес, алты
Біз жазамыз мықты
Дәптерімізді ашайық
Әдемі етіп жазайық
- Рефлексия
Адамның өз істерінің мәнін түсініп, оны ойлану барысында өзіне-өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп беруі қажет. Мұғалім оқушылардың сабақтың соңында сабақтың түсінген, түсінбегендерін білу мақсатында «Чемодан, еттартқыш, себет» әдісі арқылы (Чемодан – өзіммен көп пайдалы білім алдым. Еттартқыш – алған ақпаратты өндеймін. Себет – бәрін лақтырамын, маған керексіз) кері байланыс стикерін таратады.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.