Дара тұлға № 8. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6-бөлім Атақты тұлғалар

Күні:

Сынып: 3

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Дара тұлға 8

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру

3.​3.​4.​1* мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекеті туралы нақты сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?) құрастыру және оған жауап беру

3.3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау

3.​3.​3.​1* мәтіннің жанрын (әңгіме, тұрмыс-салт жырлары, бата, мақал-мәтелдер) ажырату, баяндау/сипаттау мәтіндерін анықтау

2.4 Оқыған/ тыңдаған материалды мазмұндау

3.​2.​4.​1* жоспар (сурет, сызба түрінде) және тірек сөздер негізінде оқиға желісін сақтай отырып мазмұндау

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

Оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді, сұрақтарға жауап береді, мұғалімнің көмегімен мәтіннің жанрын анықтайды.

Оқушылардың көпшілігі:

Оқыған мәтін бойынша сұрақтар құрастырады және оған жауап береді, мәтіннің жанрын анықтайды, тірек сөздер арқылы мәтінді мазмұндайды.

Оқушылардың кейбірі:

Мәтіннің мазмұны бойынша нақты сұрақтар қояды, мәтіннің жанрын, түрін ажыратады, мәтінді мазмұндауда оқиға желісін сақтайды.

Бағалау критерийлері

- мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады және оған жауап береді;

- мәтіннің жанрын ажыратады;

- тірек сөздер арқылы мәтіннің мазмұнын айтады;

Лексикалық минимум

Батыр, ірі

Грамматикалық минимум

Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі

Құндылықтарды дарыту

Басқалардың ойын, пікірін тыңдай білу. Ерлікке, отаншылдыққа баулу

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Power Point таныстырылымы

Бастапқы білім

6-бөлім: Қазақтың тұңғыш ғарышкері № 7 сабақ

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

Ұйымдастыру кезеңі. «Жүректен-жүрекке» әдісі.

Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру.

Оқушылар шеңбер болып тұрады. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісіне жүректің моделін беріп, жақсы тілек айтады, солай жалғаса береді: мейірімді бол, ақылды бол, ұқыпты бол, батыл бол, т.б.

Үй тaпcырмаcын «Aшық микрoфoн» әдici aрқылы текcеру. Оқушылар Тоқтар Әубәкіров туралы қосымша ақпаратты қолданып, әңгімелейді.

  • Тоқтар Әубәкіров кім?
  • Ол қашан ғарышқа ұшқан?
  • Қайдан ұшты?
  • Ғарышта неше күні болды?

Кері байланыс: «Бағдаршам» әдісі

Сабақтың тақырыбын болжау.

(Ұ) «Ассоциация» әдісі арқылы сабақтың тақырыбын болжау.

1.Батыр дегеніміз кім?

2.Батыр қандай болу керек?

3.Қандай батырларды білесіңдер? деген сұрақтар қою арқылы сабақтың тақырыбын анықтайды.

Ауызша кері байланыс беру. Жақсы! Тамаша!

Сабақтың тақырыбымен, мақсаттарымен оқушыларды таныстыру.

- мәтін бойынша сұрақтар құрастырамын және оған жауап беремін;

- мәтіннің жанрын ажыратамын;

- тірек сөздер арқылы мәтіннің мазмұнын айтамын;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

28 мин

Мағынаны тану

(МК,Ұ) Жаңа сөздерді меңгерту: батыр, ірі

1. Осы сөздердің мағыналарын түсіндіру.

Батыр - Ер - Қаһарман

Ірі – зор - үлкен

2. Дұрыс айтуға дағдыландыру.

3. Жаңа сөздерден сөз тіркестерін құрастыру.

4. Сөйлемдер құрастыру.

Мен өскенде батыр боламын. Менің атам батыр болған.

Ірі тұлға. Ірі қайраткер.

5. Жана сөздерді сөздік дәптерге жазу. 

(Ұ) Мәтіналды тапсырма. Оқушылар «Сен білесің бе?

Бауыржан Момышұлы» туралы бейнефильм көреді.

«Зымыран сұрақтар» әдісі арқылы бейнеролик бойынша оқушылар бір минут ішінде сұрақтарға жауап береді.

Кері байланыс: «Үш шапалақ» әдісі

(Ұ, Ж) Мәтінді мұқият оқиды, мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады және оған жауап береді.

1941 жылы соғыс басталды. Бауыржан Момышұлы Отанын қорғау үшін соғысқа аттанды. Батальон, полк командирі болды. Жауға қарсы 207 рет  ірі шабуылға  шықты, бірнеше  рет  жараланды. Майданда батырлық көрсетті. Бауыржан Момышұлы – батыр, жауынгер, халық қаһарманы. Оған арнап көптеген қалада ескерткіш қойылды.

Дескриптор:

- мәтін мазмұны бойынша кемінде 3 сұрақ құрастырады;

- сұрақтарға жауап береді.

Кері байланыс: «Смайликтер» арқылы кері байланыс жасайды.

- тапсырманы дұрыс орындадым, қате жоқ

- тапсырманы орындауда қателерім болды.

- тапсырманы орындау маған қиын болды.

Сергіту сәті:

Орманда кірпі келеді, Саңырауқұлақ тереді. Кездесті, міне, керегі: Екеуі қайың астынан. Біреуі терек қасынан. Қанша олар болмақ есепте, Тоқылған салса себетке? 

(Оқушылар дауыстап бірге айтады. Қимыл арқылы көрсетеді)

(Ө) Әр оқушының алдына мәтін таратылады. Оқушы жұмысын жеке орындайды. Берілген мәтіндерді жанрымен сәйкестендіреді, тақырыбын анықтайды.

Кері байланыс: Үш шапалақ.

  • (Ж) Суретті пайдаланып тірек сөздер арқылы батырлар туралы сипаттау мәтінін құрап айтады.

Тірек сөздер: батыр, ірі, тұлға, қатысты, соғыс, ерлік, жау, қарсы шықты, күресті, шайқасты.

Дескриптор:

  • - мәтіндердің жанрын анықтайды;
  • - сурет бойынша сипаттау мәтінін құрастырады;
  • - тірек сөздер мен суретті пайдаланады.

Кері байланыс: Тапсырманы орындауда не қиын болды?

(Ө, Ж) Оқушылар суретте берілген бұлттардағы сөздерді мағынасына қарай сәйкестендіреді. Сәйкес келген сөз орамдарын оқиды. Мысалы: Соғысқа аттанды. Батырлық көрсетті.

  • Бұлттарды пайдалана отырып, Бауыржан Момышұлы туралы мәтінді мазмұндайды.

Мұғалімнен кері байланыс: Тапсырманы орындауда не қиын болды? Неліктен?

Сабақты қорытындылау. «Сен қандайсың?» ойыны.

- Балалар, кім батыр болғысы келеді?

- Батыр болу үшін қандай болу керек? Сендердің қандай жақсы қасиеттерің бар?

Кезектесіп айтады: «Мен ...... +мын, мін»

Мен ақылдымын! Мен білімдімін! Мен еңбекқормын! Мен Мен қиындықтан қорықпаймын! Мен мықтымын! Мен батыр боламын! Мен жаудан қорғаймын! Мен Отанымды жақсы көремін!

Сен білесің бе?

Бауыржан Момышұлы

https://www.youtube.com/watch?v=a8H7pmwD04w

Уикипедия

Бауыржан Момышұлы

https://kk.wikipedia.org/wiki/Бауыржан_Момышұлы

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия:

Мұғалім оқушылардың сабақтың соңындағы көңіл күйлерін анықтау мақсатында «Ай» әдісі арқылы (жарты ай, толық ай) кері байланыс стикерін таратады.

Толық ай – сабақты толық түсіндім;

Жарты ай – мен жартылай түсіндім, әлі де сұрақтарым бар.

Үй жұмысы

1. Қандай қазақ ғарышкерлерін білесің? Олар ғарышқа қашан ұшты?

2. Жаңа сөздерді қолданып, 2 сөйлем құрастыру.

Бағалау

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын бағалау критерийлері бойынша бағалай алады.

 

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.