Академик Қаныш Сәтбаев № 4. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

3-сынып (НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ, ОМЖ БОЙЫНША)

6-тарау

Атақты тұлғалар

Сабақтың тақырыбы: Академик Қаныш Сәтбаев № 4

3.5 Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алу

3.​3.​5.​1* сөздіктер мен анықтамалықтардан қажетті ақпаратты табу және оны алу

2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог)

3.​2.​3.​1* белгілі тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасын түсіну және олардың ойын толықтыру

Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың оқылым және айтылым дағдысын қалыптастыру көзделеді.

Сабаққа қажетті құралдар:

  • Сабақты жоспарлау кезінде әр сыныптың ерекшеліктерін басшылыққа алуды ұмытпаңыз;
  • Сыныптағы оқушылардың қажеттіліктерін (аудиал, визуал, кинестетик) ескере отырып, саралау тапсырмаларын беріңіз, өйткені әр оқушының білім деңгейін, оның ілгерілеуі үшін не істеу керектігін білген өте маңызды;
  • Оқушыларды үнемі қадағалап, үнемі қолдау көрсетіп отырыңыз;
  • Сабаққа қажет ресурстарды алдын-ала дайындап, қажетіне қарай бейімдеңіз;
  • Ең басты міндет - мақсатқа жету.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты:

  • Ұйымдастыру кезеңінде оқушылар шеңберге шығып, «Жылы жүрек» ойыны арқылы тілдерін жаттықтыралы. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісіне 2 cөзден ғана тұратын жақсы тілек айту керек. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады. Мысалы: Мейірімді бол! Әдепті бол! Сыпайы бол! немесе Жалқау болма! Тәртіпсіз болма! Ұқыпсыз болма!
  • Тақырыпқа көшу мақсатымен суреттер, бейнеролик арқылы ой шақырып, тақырыпқа болжау жасатыңыз. Оқушыларға алдын-ала даярланған қағазға немесе тақтада суретті көрсетіңіз, бейнероликті көрсетіңіз. Оқушылар шығып, суретті сипаттайды және бейнеролик бойынша өз ойын жазады;
  • Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізіңіз. Оқушы осы сабақта нені білу керектігін жақсы түсінуі керек. Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.

Жаңа сөздер:

Жаңа сөздердің мағыналарын суреттері арқылы болжайды. Қолдауды қажет ететін оқушыларға сөздерді жеңілдетіп немесе күрделендіріп беруге болады. Сөздердің мағынасын түсінік беру арқылы меңгереді.

Қолдану ерекшеліктерін көрсету:

  • Бірнеше рет қайталатып айтқызыңыз;
  • Сабақ барысында түрлі жағдаяттарда қолдандырыңыз;
  • Сөздерді меңгертуде сөздің аудармасын айтпаңыз;
  • Сөздерді сөздік дәптерлеріне жаздыртыңыз.
  • Сөз орамдары мен сөйлем құрастырғызыңыз.
  • Есте сақтаңыз:

Әрбір тапсырманы орындатпас бұрын, оқушыларды тапсырмамен таныстырып, түсінгендеріне көз жеткізіңіз. Тапсырманы орындаған соң, кері байланыс орнатыңыз.

  • Оқылым

Тапсырмалар шиыршық әдісі арқылы орындалады. Яғни білім беру тәсілі оңайдан күрделіге қарай жылжып отырады.

Оқушылар мәтінді мұқият оқиды, ой шақыру үшін мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді. Тапсырманы орындатпас бұрын, мұғалім өз шеберлігін қолданады. Алдымен, мәтінді дауыстап (іштей) оқытады. Оқушының түсінігі қалыптасқан соң сұрақтарға көшеді. Алдын ала оқушыларға тірек сөздер мен дескриптор беріңіз.

  • Грамматикалық қоржын

Алдымен етістіктің өткен шақ формасын естеріне түсіріп, ауызша немесе жазбаша мысалдармен бекітіп алуына жағдай жасаңыз. Содан кейін мәтіннен өткен шақ тұлғасында тұрған етістіктерді теріп жазады, бірнеше сөйлем құрастырады. Үлгісін беріңіз. Грамматикалық терминдерді қолданбаңыз.

  • Практикалық бөлім

Оқушылар жұп болып, арнайы дайындалып қойған дереккөздерден Қаныш Сәтбаев туралы қосымша ақпарат іздейді. Ақпаратты кестеге жазады. Табылған ақпарат және мәтіннің негізінде диалог құрастырады, сұхбатқа түседі. Ғаламтордан Уикипедия сайтын, балаларға арналған жеңіл тілмен жазылған энциклопедиялар, журналдарды алдын-ала дайындап қойыңыз. Жауаптарын барлық оқушыдан сұрау қажет емес, 2-3 жұптан сұрасаңыз жеткілікті. Жұмыстың соңында жұптар тақтада көрсетілген дескриптор бойынша бір-бірін бағалайды. Жұпқа бөлгенде, қабілеттері әртүрлі оқушыларды бірге отырғызыңыз. Қабылдау деңгейі жоғары оқушы жұбына қолдау көрсеткенін қадағалаңыз. Бір-біріне айтып жатқан уақытта, осы сабақта өзіңіз көздеген бір-екі жұптың қастарына барып тыңдаңыз. Өз дәптеріңізге қай оқушының неден қиналып отырғанын тіркеп отырыңыз. Бұл келесі сабақты жоспарлағанда өзіңізге қажет. Сол оқушылардың ілгерілеуіне ықпал ететін тапсырма дайындаңыз. Соңында «Не қиын болды?», «Не жеңіл болды?» деген сұрақтар қою арқылы кері байланыс жүргізіледі.

  • Жазылым

Оқушылар «Ғалым» деген сөзге «Синквейн» әдісі бойыша бес жолды өлең құрастырады. Бұл әдіс оқушылардың сыни тұрғадын ойлау қабілеттерін арттырады. Қолдауды қажет ететін оқушыларға ҚМЖда берілген сұрақтарымен қоса берген дұрыс.

  • Бағалау:

Қалыптастырушы бағалаудың күнделікті іс-тәжірибесі барысында, оқушының меңгеру деңгейінің өлшемі мен ілгерілеуін анықтауда, «Бас бармақ», «Бағдаршам» түрлерін қолдануға болады. Оқушы көрсетеді және жеке көзқарасын білдіруге қалыптасады.

  • Сергіту сәті:

Кәне, кәне, тұрайық!

Алға, артқа бұрылайық.

Ағаштар секілді тербелейік,

Самал желдей соғайық.

Оқушылар дауыстап бірге айтады. Саусақ арқылы тізбектейді немесе қимыл арқылы көрсетеді)

  • Рефлексия

Адамның өз істерінің  мәнін түсініп, оны ойлану барысында  өзіне-өзінің нені, қалай жасағаны  туралы толық және анық есеп беруі. Сабаққа қатысты «Алма ағашы» әдісін қолдануға болады. Оқушы тізбектей отырып, рефлексия жасайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.