Нәтиже сабақ. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.
15-сабақ «Нәтиже сабақ»
(ЖЖ) Мәтінді оқып, 3 сұрақ құрастыр.
Мәтін.
Өнер-таусылмас байлық, қазына. Өнермен айналысу жауапкершілік іс. Мен ән орындағанды ұнатамын. Мағыналы әнді айтып, халықтың талғамын арттырғым келеді. Өнерлі адам талап қоя білу керек. Өнерлі болу менің арманым.
Сұрақтар:
1._____________________________________________________________
2. _____________________________________________________________
3.______________________________________________________________
(Т) «Кім тез табар екен?»
Сөздерді жүйелі қолдансаң, мақал-мәтел шығады. Тауып көр.
1-тапсырма: мақал-мәтелді дұрыс тауып, мағынасын ашып түсіндіру.
кілемде | өнері | қол |
сөз | өлеңде | өнері |
үйрен | үйренде |
өнерді | жирен |
қолы | алтын | өнерлінің |
алтын | сөзі | өлеңшінің |
2-тапсырма: Жалғау түрлерін қолдана отырып, 4 түрлі сөйлем жаз.
Үлгі: Мен қолөнермен айналысамын.
Зергерге тапсырыс берілді.
Менің ағам шебер адам.
Сыныптта өнерлі балалар бар.
(Ө) А-тапсырмасы – әңгімелеп жазады.
Ә-тапсырмасы – әңгімелеп айтады.
А-тапсырмасы: Сурет бойынша «айналысу», «арманым», «жауапкершілік» деген сөздерді пайдаланып, қолөнердің бір түрін таңдап 4-5 сөйлеммен әңгімелеп жаз. | Ә-тапсырмасы: Сурет бойынша «өнерлі», «киелі», «керемет», «сахна» деген сөздерді пайдаланып, «Өнерлі отбасы» тақырыбында 4-5 сөйлеммен әңгімелеп айтады. |
|
|
Дескриптор:
- Сурет бойынша әңгіме жазады, әңгімелеп айтады (4-5 сөйлем).
- Сөздерді дұрыс байланыстырады.
- Тыныс белгілерді дұрыс қояды.
(ЖЖ) Тілдесім.
Тапсырма. Сұрақтарды пайдаланып, сұхбат құрыңдар.
- Өнердің қандай түрлері бар?
- Өнермен айналысатын тұлға қандай болуы ерек?
- Сен өз уақытыңды өнердің бір түрімен айналысуға арнайсың ба?
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.