Еріншектің ертеңі бітпес № 7. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Күні:

Сынып: 3

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Еріншектің ертеңі бітпес № 7

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

2.5 Тыңдау-көру материалдары негізінде ойын айту

3.​2.​5.​1* оқыған/тыңдаған материал бойынша өз пікірін (менің ойымша ..., менің көзқарасым бойынша ..., себебі ...) дәлелдеу

3.2 Мәтіннің мазмұнын түсіну

3.​3.​2.​1 жиі қолданылатын сөздер мен фразалардан құрастырылған шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну.

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

Оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді, негізгі ойын анықтайды

Оқушылардың көпшілігі:

Мәтіндегі оқиғаға қатысты ойын айтады, мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;

Оқушылардың кейбірі:

Мәтіндегі оқиғаға қатысты өз пікірін дәлелдейді, ойын еркін жеткізеді.

Бағалау критерийлері

  • мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
  • мәтіннің тақырыбына қатысты ойын айтады;

- мәтіннің негізгі ойын анықтайды.

Лексикалық минимум

Қоқыс, оңай, қиын.

Грамматикалық минимум

Жіктік жалғаудың жекеше және көпше түрі

Мен гүлге суды құя+мын Біз гүлге суды құям+ыз

Құндылықтарды дарыту

Жалқаулыққа, еріншектікке жол бермеу керектігін түсінеді.

Пәнаралық байланыстар

Өзін-өзі тану

АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылым

Бастапқы білім

ІІ бөлім. Қайырымды бала № 6

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(5 мин)

Ертеңгілік шеңбер «Менің атымның құпиясы»

Оқушылар ортаға шығып, шаттық шеңберін құрайды да, әрқайсысы «Менің атым Айжан, мен алманы жақсы көремін!», Менің атым Қанат! Мен «Қазақ тілін» жақсы көремін» деп жалғаса береді, яғни өз есімінен басталатын бір сөзді айтады.

 

Оқушылар бейне көру арқылы сабақтың тақырыбын, мазмұнын болжап айтады.

Сабақ мақсаттарымен, бағалау критерийлерімен оқушыларды таныстырып өту. (Тақтада оқушыларға арналған сабақ мақсаты жазылады)

  • мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беремін;
  • мәтіннің тақырыбына қатысты ойымды айтамын;

- мәтіннің негізгі ойын анықтаймын.

 

 

 

 

 

 

 

Таныстырылым № 1

Еріншек етікші (аудио ертегі)

https://www.youtube.com/watch?v=ruWlRyT_7cQ 1:40

Таныстырылым № 2-3

Сабақтың ортасы

(30 мин)

Жаңа сөздерді меңгерту: қоқыс, оңай, қиын.

1. Осы сөздердің мағыналарын суреттер, синонимдері арқылы түсіндіру.

Оңай – жеңіл, қиын – күрделі, қоқыс (суреті көрсетіледі) – қоқсық, қоқыр-соқыр

2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:

- сөздерді мәнерлеп оқып беру;

- оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді дауыстап оқиды, қайталайды, тізбекпен оқиды;

- дұрыс айтады: қиын – қыйын.

3. Жаңа сөздерден сөз тіркестерін құрастыру:

Қоқыс құбырыоңай есеп, қиын жұмыс.

4. Сөйлемдер құрастыру.

Біздің үйде қоқыс құбыры бар. Мен оңай есептерді шығардым. Әкем қиын жұмыс атқарады.

5. Жана сөздерді сөздік дәптерге жазу. 

) Оқушылар мәтінді 2 рет тыңдайды. Мәтінде кездесетін таныс емес сөздерге түсінік беріледі. Алдын-ала дескриптормен танысады. Мәтін бойынша берілген тапсырмаларды орындайды.

Дескриптор:

1. Жаңа сөздерді айтады

2. Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.

3. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды.

Кері байланыс

Тапсырманы орындау қиын болды ма? Не қиын болды?

(Т) Оқылым алды тапсырмасы. Оқушылар «Пазл» әдісі арқылы 3 топқа бөлінеді.

«Бастапқы танысу» әдісі бойынша мәтінді оқырдың алдында оқушыларға тақырып бойынша ассоциация жүргізіледі, яғни тақырыпты оқыған кезде олардың ойына не келгенін айтады. Оқушылар өздерінің ассоциацияларының негізінде мәтін не туралы болады деп ойлайтынын талқыға салады.

Оқылым кезіндегі тапсырма

(Т) Мәтінді рөлге бөліп оқиды. Не туралы оқығандарын топта талқылайды. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.

1. Анасы Қадишаға не деді?

2. Қадиша қалай жауап берді?

3. Қадиша қандай қателік жіберді?

4. Сен Қадишаның орнында болсаң, не істер едің?

5. Қадиша – қандай қыз?

6. Автор не айтқысы келді?

Кері байланыс: Оқушылардың жауаптарын мұқият тыңдау, мадақтау. Қысқа жауаптарды да қабылдау. Жауап беруге талпыныс жасаған оқушыға қолдау көрсету.

Сергіту сәті

Күннің шыққаны жақсы ма? (Күнді бейнелейді) 

Жақсы! (Алақандарын соғады) 

Желдің соққаны жақсы ма? (Желді бейнелейді) 

Жақсы! (Алақандарын соғады) 

Достарыңмен жүрген жақсы ма? (Адымдайды) 

Анаңды құшақтаған жақсы ма? (Өздерін құшақтайды) 

Жақсы! (Алақандарын соғады) 

Оқылымнан кейінгі тапсырма

(Т) Оқушылар суретті пайдаланып, әңгіме құрайды. Қадиша мен жалқау мысықтың әрекетін «Венн диаграммасы» арқылы салыстырады, әр топ өз жұмысын қорғайды, өз ойларын дәлелдейді. Қажет болған жағдайда қолдау көрсету.

Кері байланыс: Оқушылар жауабын қорытындылап, еріншек, жалқау болмауға шақыру.

(Ө) Жақша ішіндегі тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді жазады.

Қадиша, (талға, гүлге, ағашқа) су құйшы. Апа, қуыршақтарымды (ертең, бүгін, таңертең) жинаймын. Апа, (шырын, тамақ, ботқа) ішемін.

(Ұ, МК) Грамматикалық қоржын. «Кофе таяқшалары» әдісі

Мұғалім бұл тапсырманы орындатпас бұрын мысалдар арқылы жіктік жалғауларының жекеше және көпше формасымен таныстырып кетеді.

Орындау барысы: оқушылар кофе таяқшыларына жазылған кофе ішетін стақанынан бір сөйлемді таңдап алады. Таңдап алған сөйлемдегі көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны айтады, содан кейін жазады.

Мен гүлге суды ертең құя... Мен үйді ертең жинай...

Сен бүгін құя... Сен киноны ертең көре...

Сіз таңертең құя... Сіз қуыршақты ертең жинай...

Ол ертең құя... Ол бүгін кино көре...

Біз бүгін құя... Біз тамақты ертең істей...

Сендер ертең құя... Сендер үйді бүгін жинай...

Сіздер таңертең құя... Сіздер тамақты ертең істей...

Олар ертең құя... Олар бүгін үй жинай...

Тиісті қосымшалар тақтада жазылады:

-мын

-сың

-сің

-ді

-мыз

-сыңдар

-сыздар

-сіздер

-ды

-міз

(Т, МК) «Идеялар себеті» әдісі

Топ ішінде бірігіп талқылауға және бір шешімге келуге жағдаят беріледі. Әр топ өз ұсынысын, идеясын ортаға салады.

Жағдаят: Анаң інің/қарындасың екеуіңе үйді жинап қоюды тапсырды. Бірақ ініңнің/қарындасыңның көмектескісі келмейді. Не істейсің? Оны үй жинауға қалай көндіресің?

Дескриптор:

1. «Менің ойымша ..., менің көзқарасым бойынша ..., себебі ...» деген сөздерді қолданады;

2. Өз пікірлерін дәлелдейді;

3. Сөйлемдегі сөздердің жалғауларын дұрыс жалғайды

Таныстырылым № 4-5

Қоқыс

Оңай

Қиын

Таныстырылым № 6

Таныстырылым № 7

Таныстырылым № 8

Таныстырылым № 9

Таныстырылым № 10

Таныстырылым № 11

Таныстырылым № 12

Таныстырылым № 13

Сабақтың соңы

(5 мин)

Рефлексия: «Бағдаршам»

Сабақтан алған әсерлерін төмендегі түстер арқылы көрсету:

Жасыл түс – сабақтан жаңа идеялар байқадым.

Сары түс – жаңа сабаққа көңілім толды.

Қызыл түс – бүгінгі сабақ сезіміме ерекше әсер етті.

Үй жұмысы:

1. Еріншектік, жалқаулық туралы 3 мақал-мәтел жаттап келу

2. «Есте сақта!» айдарын оқу

Таныстырылым № 14

Таныстырылым № 15

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.