Нәтиже сабақ. № 11. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Күні:

Сынып: 3

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Нәтиже сабақ. № 11

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.1 Оқу түрлерін қолдану

3.​3.​1.​1* мәтінді немесе оның бөлімдерін мәнерлеп оқу, шолып (танысу мақсатында) оқу/рөлге бөліп оқу

4.2 Тыңдаған/ оқыған/көрген материалдың мазмұнын жазу

3.​4.​2.​1* оқыған/аудио/бейне материалдың мазмұнын тірек сөздерді қолданып жазу

5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)

3.​5.​1.​5* үлгі бойынша сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай сөйлем және мұғалімнің қолдауымен құрмалас сөйлем құрастыру.

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

Мәтінді оқиды, оқыған мәтіннің мазмұнын тірек сөздер қолданып жазады, жай сөйлемдер құрастырады.

Оқушылардың көпшілігі:

Мәтінді мәнерлеп оқиды, мұғалімнің көмегімен жай және құрмалас сөйлемдер құастырады.

Оқушылардың кейбірі:

Мәтіннің мазмұнын өз бетінше жазады, жай және құрмалас сөйлемдерді құрастыруда сөздердің орын тәртібін сақтайды.

Бағалау критерийлері

- мәтінді мәнерлеп, шолып оқиды;

- тірек сөздерді қолданып оқыған мәтіннің мазмұнын жазады;

- сөздердің орын тәртібін сақтап жай және құрмалас сөйлемдер құрастырады.

Лексикалық минимум

Бөлімде өтілген сөздерді қайталайды

Грамматикалық минимум

Жіктік жалғау, жай және құрмалас сөйлем

Құндылықтарды дарыту

Өлең арқылы тәртіптілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу, жақсы мен жаманды ажырата білуді үйренеді.

Пәнаралық байланыстар

Өзін-өзі тану, технология

АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылым

Бастапқы білім

ІІ бөлім. Ақылды Мирас № 10

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру: «Жүректен жүрекке» тренингі.

Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, сыйластықты дамыту.

Оқушылар шеңбер болып тұрады. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісіне жүректің моделін беріп, жақсы тілек айтады, солай жалғаса береді: мейірімді бол, ақылды бол, ұқыпты бол, батыл бол, т.б.

Сабақтың мақсатымен таныстыру.

- мәтінді мәнерлеп, шолып оқимын;

- оқыған мәтіннің мазмұнын жазамын;

- сөздердің орын тәртібін сақтап жай және құрмалас сөйлемдер құрастырамын.

«Қазына іздеу»

Орындау барысы: мұғалім тақырыпқа байланысты құнды бір ақпаратты жасырып қояды. Оқушылар жасырын ақпаратты табу үшін кедергілерден өтеді, яғни тапсырмаларды орындайды. Оқушыларға карта (маршрут) ұсынылады.

Кедергі 5 кезеңнен тұрады:

1-кезең. Мәтінмен жұмыс

2-кезең. Кім жылдам?

3-кезең. Мен-Сен-Ол

4-кезең. Сөйлем құрастыру

5-кезең. Коллаж әңгімесі

Таныстырылым№1

 

Таныстырылым№2-3

Таныстырылым№4

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

30 мин

) 1-кезең. Оқушылар мәтінді оқиды, түсініксіз сөздердің астын сызады.

Ұқыпты қыз

Анар деген кішкентай қыз өте ұқыпты. Ол даладан ойнап үйге кіргенде, қолын сабынмен жуады, киімдерін ауыстырады. Бірде анасы үйді жинайын деп Анардың бөлмесіне кіреді. Анар киімдерін бүктеп, кітаптарын ретке келтіріп, сөрелерге өзі жинап қойыпты. Ойыншықтарды да өз орнында. Анасы қызының есейгенін байқайды, ұқыптылығына риза болады.

(Ұ) Ой қозғау.

  • Мәтін кім туралы?
  • Анар қандай қыз?
  • Анар үйге кіргенде не істейді?
  • Анасы нені байқады? Неліктен?
  • Анаса риза болды ма?

Кері байланыс: мадақтау, «Бас бармақ» әдісі.

(Т) «Дәлелде»

Оқушылар түстер бойынша топқа бөлінеді. Әр топ «Анар ұқыпты қыз» деген тұжырымды дәлелдеуі керек, постер жасайды, басқа топтардың алдында қорғайды.

Кері байланыс: Не қиын болды? Неліктен?

(Ө) Берілген тірек сөздерді қолданып, суреттер бойынша мәтіннің мазмұнын жазады.

Тірек сөздер: ұқыпты, өзі жинайды, жуады, киімдерін ауыстырады, бүктейді, ретке келтіреді.

Дескриптор:

- жүйесін сақтай отырып, мәтіннің мазмұнын жазады;

- тірек сөздерді орынды қолданады;

- сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жазады.

(Т) 2-кезең. «Кім жылдам?» ойыны арқылы тақтада жасырынған ұяшықтарды таңдайды, сұрақтарға жауап береді.

1. Сенің досың қандай?

2. Ол ата-анасына көмектесе ме?

3. Еңбекқор бала мен жалқау баланы сипатта.

4. Әли мен Айя қандай балалар?

5. Неліктен Әли мен Айя «Ең үлгілі оқушылар» байқауының жеңімпазы болды?

6. Қанат пен Жансая неге ренжісті?

7. Қанат пен Жансая татуласты ма?

8. Жәнібек пен Азамат қандай балалар?

9. Жәнібек пен Азамат құстарға қалай көмектесті?

10. Мирас ақылды ма?

11. Мирас қайда жиі барады?

12. Үлкендерге сәлем бересің бе?

Кері байланыс: Топтар бір-бірін ұпай санымен бағалайды.

Сергіту сәті. Ойын

Шеңберге тұрып допты лақтырып-қағып алу арқылы бір-біріне әдепті сөздер айтады: Сәлем! Рахмет! Қалың қалай?

Қош келдің! Кешіріңіз! Өтінемін! т.б.

(Ө) 3-кезең. «Мен-Сен-Ол»

Оқушылар өлеңдегі берілген жақ жалғауын өзгертеді, яғни «Мен» сөзін «Сен», «Сен» сөзін «Ол» сөзіне өзгертіп, оқиды.

Мен

Сен

Ол

І-топ

Дайындаймын картаны, Сүртем тақта, партаны. Гүлдерге су құямын, Қоқыс болса, жиямын ... 

Дайындайсың картаны, 

Дайындайды картаны,

ІІ-топ

Мен ұқыпты баламын,

Айтқан тілді аламын.

Кірлесе егер киімім,

Өзім жуып аламын. 

Сен ұқыпты баласың,

Ол ұқыпты бала,

ІІІ-топ

Мен тәртіпті баламын,

Айтқан тілді аламын.

Апам нанға кеткенде,

Үйде ойнап қаламын.

Сен тәртіпті баласың,

Ол тәртіпті бала,

Кері байланыс: «1 жұлдыз, 1 тілек» әдісі арқылы топтар бір- бірін бағалайды.

, МК) 4-кезең. Берілген сөздерді пайдаланып, жай және құрмалас сөйлемдер құрайды.

Ұқыпты, еріншек, жалқау емес, ақылды, ренжімейді, шашпайды, тілді алады, жинайды.

Үлгі: Ол ұқыпты бала.

Ол ұқыпты бала, себебі кітаптарын таза ұстайды.

Дескриптор:

  • берілген сөздермен дұрыс сөйлемдер құрастырады;
  • үлгі бойынша сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жазады.

Мұғалім дәптерлерін жинап алады, жазбаша комментарий беру арқылы бағалайды.

(Т) 5-кезең. «Коллаж әңгімесі»

Орындау барысы: «Менің досым» атты тақырыпта оқушылар алдын-ала үйден А4 парағына дайындап келген постерін үлкен постерге жабыстырып, коллаж жасайды, содан кейін осы коллаж бойынша әркім өзінің досы туралы айтып береді.

Кері байланыс. «Смайликтер» арқылы кері байланыс жасайды.

- тапсырманы дұрыс орындадым, қате жоқ

- тапсырманы орындауда қателерім болды.

- тапсырманы орындау маған қиын болды.

Алақай, қазына!!!!

Бұл кезеңге келгенде мұғалім оқушылардың белсенділігін мадақтап, жолдағы кедергілерден сүрінбей өтіп, қазынаға жеткендерін айтады және қазынадағы құнды ақпаратпен таныстырады.

Ғажайып сөздер

Жақсының аты өлмейді, жаманның хаты өлмейді.

Жақсы адам жолдасынан белгілі.

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

Таныстырылым№5

 

 

 

 

 

Таныстырылым№6

Таныстырылым№7

Таныстырылым№8

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Таныстырылым№9

Таныстырылым№10

Таныстырылым№11

Таныстырылым№12

Таныстырылым№13

Таныстырылым№14

Таныстырылым№15

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия «Бір ауыз сөз»

Оқушылар стикерлерге сабақ туралы бір ғана сөз жазып, оны тақтаға жапсырады. Өз ойларын түсіндіріп береді. Стикерлерге сабақты бағалайтын келесі сөздер жазылады (олар тақтаға алдын-ала жазылып қойылады): ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым т.б. немесе ұнамады, түсінбедім, қызықсыз, қажетсіз т.б.

Үй жұмысы:

Бөлім бойынша өтілген сөздерді қайталап келу.

Таныстырылым№16

Таныстырылым№17

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу