Ауа райы туралы сипаттау мәтінін жазуға ойлар жинау. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 2 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7-бөлім «Табиғат және қоршаған орта»

Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Бердібаева А.М.

Күні:

Сынып: 2

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ауа райы туралы сипаттау мәтінін жазуға ойлар жинау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.2.4.1 Мәселеден хабардар екенін көрсете отырып, нақты тақырып бойынша қысқа диалогке қатысады

2.2.1.1 Өз ойларын бейнелі сөздерді пайдалана отырып жеткізеді

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: тақырыпқа сәйкес қойылған сұраққа жауап береді, жай сөйлемдер құрады.

Көбі: тақырыпқа сәйкес қысқа диалогқа қатысады, ойларын бейнелі сөздермен жеткізеді.

Кейбірі: бейнелі сөздерді орынды қолданып, диалогқа еркін қатысады.

Жетістік критерийлері

Қысқа диалогқа қатыса алады.

Сөздік

Ауа райы бұзылады

Ауа температурасы

Күрт төмендейді

Суытады, ысиды

15 градусқа дейін жетеді

Солтүстікте,оңтүстікте, батыста, шығыста

Құндылықтарды дарыту

Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік сезім, денсаулықты шыңдау.

Пәнаралық байланыс

дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Компьютерде мәтінді теріп жазады.

Бастапқы білім

Жыл мезгілдерін сипаттау

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

Сабақтың мақсатымен таныстыру

Тақырып бойынша қысқа диалогқа қатыса аламын.

(Ұ) «Мезгілді тап» ойыны

Оқушылар дөңгеленіп отырады және біреуі жыл мезгілдерінен бір әрекетті ымдап көрсетеді, мысалы, аққала жасау, күннен ыстықтау. Қалғандары соған сәйкес мезгілді табады.

Сабақтың ортасы

(МК, Ұ) Жаңа сөздерді меңгерту, сөйлемдер құру

Ауа райы бұзылады

Ауа температурасы

Күрт төмендейді

Суытады, ысиды

15 градусқа дейін жетеді

Жауын-шашын

Солтүстікте, оңтүстікте, батыста, шығыста

Сын есім мен етістіктің сөйлемде қолданылуын қайталау

Қандай? Не істейді?

Салқын салқындайды

Суық суытады

Ыстық ысиды

Төмен төмендейді

Жоғары көтеріледі

Жылы жылынады

(Ұ) Оқушыға ауа райы суретін көрсетіп, ойыншық микрофонмен (қолдан жасалған) сұхбат алуG. Мысалы: жаңбыр кезі. Қандай мезгіл? Қай ай? Сен қайдасың? Бүгінгі ауа райы қандай? Ыстық па, әлде суық па? Жаңбыр жауып тұр ма? Жел соғып тұр ма? Қар жауып тұр ма? Сен не киіп тұрсың?

, Қ) Оқушылар жұп болып суреттерді және ауа райына қатысты үйренген сөздерді қолдана отырып кезекпен бір-бірінен (микрофонмен) сұхбат алады. Көрсетілген лексиканы қолдануды естеріне салу.

(Ұ, Қ) Сыныпқа сұхбаттарын көрсету үшін бір немесе екі жұпты таңдау. Оқушылардың төмендегідей дағдыларын бағалау:

  • ауа райы бойынша лексика мен ауа райының тілін, реттілік лексиканы, ай аттарын қолдану;
  • басқаларды түсіне отырып тыңдау;
  • бейнелі сөздерді пайдалана отырып, ойларын түсіндіру;
  • диалогқа қатысу.

(МК, Ұ) Бейнематериалдан ауа райы болжамын тыңдау

(Ө, Қ) Ертеңгі күннің ауа райы болжамын айтып беру (тақтадағы тірек сөздерді қолдану) .

Дифференциация:

қабылдау деңгейі жоғары оқушылар өздігінен тақырыпқа сәйкес сұхбат жүргізе алады, ауа райына қатысты бейнелеу сөздерді қолданады.

қабылдау деңгейі орташа оқушылар сұхбатқа көмек арқылы қатысады және үлгі бойынша ауа райына қатысты сөйлемдер айтуға талпынады.

Үш күнге арналған ауа райы

 болжамы

http://go.mail.ru/search_video?q=%D0%B0%D1%83%D0%B0%20%D1%80%D0%B0%D0%B9%D1%8B%20%D0%B1%D0%BE%D0%BB%D0%B6%D0%B0%D0%BC%D1%8B&fr=chvbm7.0.25&gp=800000

Сабақтың соңы

4 минут

Рефлексия

«Бағдаршам» әдісі

Жасыл түс – толық түсіндім

Сары түс – сұрақтарым бар

Қызыл түс - түсінбедім

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар мен қабілеті орташа оқушыларға жұптық тапсырма беремін. Бірі қолдау көрсетеді, екінші оқушы көмек арқылы орындайды.

Қабілеті жоғары оқушы сұхбат дайындайды.

Бірнеше тапсырмаларды жоспарлау кезінде олардың бір-бірімен байланысты болуына баса назар аударамын. Мысалы, бірінші тапсырмада ақпарат берілсе, келесі тапсырманы сол алған ақпараттарды қолдануға құрамын.

Денсаулықты бала кезінен күтуге тәрбиелеу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.