Балаларға арналған тақпақтарды оқу №4. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6-бөлім «Салт дәстүр және ауыз әдебиеті»

Күні:

Сынып: 2

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Кушерова Л.К.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Балаларға арналған тақпақтарды оқу №4

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну

2.1.2.1 баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсіну

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Мұғалімнің көмегімен баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсінеді.

Көптеген оқушылар: Мұғалімнің көмегімен баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді.

Кейбір оқушылар: Өз бетінше баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді.

Бағалау критерийлері

Баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді.

Tілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

көктем, ана, құлыншақ, әдептілік

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Менің ойымша, біздің ойымызша

Құндылықтарды дарыту

Ұлттық салт-дәстүрді қадірлей білуге, адамгершілікке, ізгілікке, сөйлеу мәдениетін дамытуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Ана тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Бастапқы білім

Балаларға арналған тақпақтар туралы идеялар жинау №3

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Қызығушылығын ояту.

  • (Ұ) Оқушыларға «Көктем» тақырыбына қатысты бірнеше суреттер көрсету.
  • Суретте нені көріп тұрғандарын айтады.
  • Көктем мезгілінде өздеріңізді қалай сезінесіздер?

Сабақтың тақырыбы: Балаларға арналған тақпақтар туралы идеялар жинау №4

Сабақтың мақсаты:

  • Сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді.

Оқушыларды сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстыру.

Сабақтың ортасы

5 минут

3 минут

5 минут

10 минут

5 минут

2 минут

(Ұ) Оқушыларға тақпақтын бір-бір сөздерін таратып беру. Оқушылар тақпақты тақтада құрастырады. Оқиды.

Содан кейін таныстырылымнан қарап, салыстырады. Құрастырған тақпақтарының дұрыс/бұрысын анықтайды. Оқушылар мәнерлеп оқиды.

  • Бұл жанр бойынша не?
  • Неге ол тақпақ?
  • Тақпақ не туралы?

КөктемКөктем болды алақай,Қуанар барлық балақай.Көктемде жаңбыр болады,Бақшаға гүлдер толады.

(Ж) Жұптық жұмыс.Оқушыларға тақпақты таратып беру.

Оқушылар түсінберген сөздерінің астын сызып, айтады.

Мәнерлеп оқуға дайындалады.

1-жұп

АнаАна деп күнде ән салам,Ауылға бүкіл жар салам.Қуанту үшін анамдыКүнде-күнде «бес» алам.

2-жұп

Наурыз

Елім менен жеріме,

Ырысын шашқан Наурыз.

Күлімдеген көктемге,

Шуағын шашқан наурыз.

Жеті түрлі дән салып,

Дәм татқызған наурыз.

Жақсылық тілеп халыққа,

Молшылық әкелсін наурыз.

3-жұп

Құлыншақ.Құлыншақ, құлыншақ,Шапқылайсың даламен.Дос болсайшы құлыншақ,Мен сияқты баламен.

4-жұп

БұзауТентек болма, ақ бұзау,Еріншек болма, ақ бұзау.Кең далада сенімен,Жарысып мен жүгірем.

5-жұп

ӘдептілікБіз әдепті баламыз,Айтқан тілді аламыз.Үлкендерге жол беріп,Біз ақылды боламыз.

Оқушылар қарама қарсы екі қатарға тұрады. Жұптар ауысады. Оқушылар бірін-бірі бағалайды.

Дескриптор:

  • тақпақты мәнерлеп оқиды;
  • тақпақтың мазмұнын түсінеді;

Сабақты қорыту.

Дифференциация:

қабылдау деңгейі жоғары оқушылар тақпақтардың мазмұнын түсінеді және жатқа айтып бере алады;

қабылдау деңгейі орташа оқушылар тақпақтардағы кейбір негізгі сөздерді түсінеді.

Үйге тапсырма: тақпақты жаттап алу.

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия:

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

қабылдау деңгейі жоғары оқушылар тақпақтардың мазмұнын түсінеді және жатқа айтып бере алады;

Оқушылар бірін-бірі дескрипторлар арқылы бағалайды.

Ұжымдық, жұптық жұмыс жасағанда бір-бірін мұқият тыңдау, сөздерін бөлмеу, әділетті бағалау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.