Қуыршақ көріністерін жасау (2-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 2 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ жоспары
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6 Күні: Сынып: | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Қуыршақ көріністерін жасау (2-сабақ) | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.2.5.1 мәлімет, кейіпкер, оқиғаларды салыстыру негізінде қарапайым пікір («мен ... деп ойлаймын», «мен ... деп санаймын», «маған ... сияқты») білдіру | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: мұғалімнің қолдауымен оқиғаларды салыстыру негізінде қарапайым пікір білдіреді. Көптеген оқушылар: оқиғаларды салыстыру негізінде қарапайым пікір білдіреді. Кейбір оқушылар: оқиғаларды салыстыру негізінде қарапайым пікір білдіреді, өз ойын дәлелдейді. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқиғалар туралы өз пікірін білдіреді. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Кейіпкер, түсі, сұрайды, береді, алады, ұқсастық, айырмашылық, салыстыру | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Ынтымақтастық | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Сөйлеуде барыс, шығыс септік жалғауларын орынды қолданады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 мин | (Ұ) Қызығушылықты ояту. «Кім жылдам?» ойыны. Оқушылар берілген сөздерді қатыстырып жылдам сөйлем құрастыруы керек. Құйрық, тары, мысық, сүт, жапырақ, тауық, сағыз, тышқан Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 7 мин 15 мин 3 мин 5 мин | (Ұ) «Сұрақ-жауап». Оқушылар өздерінің білетін ертегілерін ортаға салады. Ертегінің кейіпкерлерін еске түсіріп, олардың іс-әрекеттерін айтады. Содан соң берілген тұжырымдарға қарап, қай ертегі туралы айтылғанын айтады, өз ойларын дәлелдейді.
Тапсырманың мақсаты – тұжырымдар арқылы ертегіні тану, өз ойын дәлелдей алу дағдысын қалыптастыру. (Ж) «Екі есе көпіршіктер». Екі ертегінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау. Оқушылар жұпта «Мақта қыз бен мысық» және «Шалқан» ертегілерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын жетекші сұрақтар негізінде талдайды. Өз жұмыстарын сынып алдында қорғайды. Жасаған жұмыстарының дұрыс-бұрыстығын тексеріп, бір-бірін бағалап отырады. Тапсырманың мақсаты – шығармаға қарапайым талдау жасау дағдысын қалыптастыру, жұпта жұмыс жасау арқылы бір-біріне деген құрмет сезімдеріне баулу.
Бағалау критерийлері:
Кері байланыс. «Бағдаршам» Оқушылар түстер арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды.
Жасыл түс – жеңіл болды. Сары түс – аздап қиын болды. Қызыл түс – қиын болды. (Ө) «Ойлан, жаз». Оқушылар берілген сөйлемдерді тыңдай отырып, жауап парақтарына сөйлемдердің қай шығармаға тиесілі екенін немесе екеуіне де ортақ екенін анықтап белгілейді. 1. Бұл ертегіде отбасы туралы айтылған. 2. Бұл ертегіде мысық кейіпкері бар. 3. Ертегіде тышқан көмектеседі. 4. Ертегіде қыз ашулы. 5. Ертегіде достыққа үйретеді. 6. Кейіпкерлер бір-бірінен көмек сұрайды.
Тапсырманың мақсаты – шығармаларды салыстырып, анализ жасау дағдыларын қалыптастыру. Академиялық адалдыққа баулу. Дескриптор:
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Рефлексия. «Аяқталмаған сөйлемдер» арқылы сабақтағы жұмысын қорытындылайды. Мен бүгін ........................... Маған бүгін ....................... | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру