Мектептегі сүйікті пәндерім №1. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3-бөлім «Менің мектебім»

Күні:

Сынып: 2

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Кушерова Л.К.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Мектептегі сүйікті пәндерім №1

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну

2.1.2.1 баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсіну

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсінеді.

Көптеген оқушылар: баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді.

Кейбір оқушылар: баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді және пәнді не себепті ұнататындарын айтады.

Бағалау критерийлері

Баяу және анық айтылған сөздердің мағынасын түсінеді.

Баяу және анық айтылған қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді.

Tілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

пән, мектептегі сүйікті пәндерім

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Маған ... ұнайды/ұнамайды, себебі ....

Құндылықтарды дарыту

Өз мектебіне сүйіспеншілік, құрмет көрсетуге үйрету.

Пәнаралық байланыстар

орыс тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Бастапқы білім

1-тоқсан бойынша қайталау.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(МК) «Шаттық шеңбері» әдісі. Мұғалім оқушыларды шаттық шеңберіне тұрғызады. Оқушылар шаттық шеңберіне тұрып мұғаліммен амандасады, бір-біріне сәттілік тілейді, басқа да жақсы тілектер айтады.

Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру.

Мектептің суретін пазлдарға бөлу, әр бөліктің артына мектеп тақырыбына қатысты сөздер жазып қою. Оқушылар пазл бөліктерін алып, сөздердің жуан немесе жіңішке екенін ажыратады.

(мектеп, мұғалім, оқушы, сабақ, тақта, дәптер, күнделік, қалам, пәндер, оқулық)

Оқушылар пазлды құрастырып мектептің суретін шығарады.

Сабақтың ортасы

(МК) Суретке қарап, бүгінгі сабағымыз не туралы болады деп ойлайсыңдар?

Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру. «Мен қарапайым сөз орамдарының мағынасын түсінемін»

  • Мынау ненің суреті?
  • Ағаштың.
  • Ағаштың бұтақтарында нелер ілулі тұр?
  • Кітаптар.
  • Ол қандай кітаптар?
  • Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, математика, т.б.
  • Оларды бір сөзбен қалай айтамыз, кім біледі?
  • Пәндер.

Мектеп пәндерінің атауларымен таныстырылым арқылы таныстыру.

(Ұ) Әр оқушы өзіне ұнайтын/ ұнамайтын пәндерді суреттерге қарап айтады. Маған қазақ тілі ұнайды/ұнамайды, себебі ....... .

Cергіту сәті

http://www.youtube.com/watch?v=XoEo9K7S-SM

Мектеп туралы ән.

(Ұ) «Күн мен түн» ойыны.

«Түн» сөзін айтқанда, оқушылар көздерін жұмады, осы кезде бір пәннің атауын өшіру немесе жасыру, ал «күн» дегенде, көздерін ашып, қай пән екенін табады.

(Ө, Қ) Сүйікті пәніне қатысты сурет салады және сөйлем құрап айтады. Менің сүйікті пәнім-....

Сынып оқушылар бас бармақ арқылы немесе пікір айту арқылы баға береді.

Дифференциация:

қабылдау деңгейі жоғары оқушылар сәйкес сөздерді қолданып, пәнді не себепті ұнататындарын айтады;

қабылдау деңгейі орташа оқушылар мұғалім үлгісіне сүйене отырып, өз сүйікті пәндерінің суретін салуға және пәнді атауға тырысады.

Сабақтың соңы

Кері байланыс:

Мен бүгін сабақта ..., ..., ... үйрендім.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

қабылдау деңгейі жоғары оқушылар сәйкес сөздерді қолданып, пәнді не себепті ұнататындарын айтады;

қабылдау деңгейі орташа оқушылар мұғалім үлгісіне сүйене отырып, өз сүйікті пәндерінің суретін салуға және пәнді атауға тырысады.

Меңгеруді бақылау

Ұжымдық, өздік жұмысын орындау.

Сынып оқушылар бас бармақ арқылы немесе пікір айту арқылы баға береді.

Ұжымдық, өздік жұмыс істеу дағдылары (құрмет көрсету, кезекпен сөйлеу және т.б.)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.