Бос уақыт туралы оқу және фильм көру. №1. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1-бөлім «Өзім туралы»

Күні:

Сынып: 2

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Кушерова Л.К.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Бос уақыт туралы оқу және фильм көру. №1

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.4 Мәтіндегі негізгі, қосалқы ақпараттарды түсіну

2.1.4.1 тыңдаған мәтіннің тақырыбын, ондағы жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді анықтау

1.5 Тыңдау-көру материалдарының мазмұнын түсіну

2.1.5.1 тыңдау-көру материалындағы оқиғаларды түсіну және сипаттау.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: тыңдаған мәтіннің тақырыбын, анықтайды; тыңдау-көру материалындағы оқиғаларды мұғалімнің көмегімен түсінеді.

Көптеген оқушылар: тыңдаған мәтіннің тақырыбын, ондағы жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді мұғалімнің көмегімен анықтайды;тыңдау-көру материалындағы оқиғаларды түсінеді.

Кейбір оқушылар: тыңдаған мәтіннің тақырыбын, ондағы жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді өз бетінше анықтайды;тыңдау-көру материалындағы оқиғаларды түсінеді және сипаттайды.

Бағалау критерийлері

Тыңдаған мәтіннің тақырыбын, ондағы жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді анықтайды.

Тыңдау-көру материалындағы оқиғаларды түсінеді және сипаттайды.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

жағымды және жағымсыз кейіпкерлер

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Менің ойымша, ......... деп ойлаймын, ұнайды, келісемін, келіспеймін

Құндылықтарды дарыту

Бос уақытты тиімді өткізуіне дұрыс жоспарлауға үйрету.

Пәнаралық байланыстар

орыс тілі, дене тәрбие сабағы

АКТ қолдану дағдылары

https://www.youtube.com/watch?v=vUaUva1uvRo

Лаққа тамақ беру.

Бастапқы білім

Бос уақытты өткізу түрлерінің тізімін жасау.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Ертеңгілік шеңбер

Әр оқушы қағазға үш оқушының есімін жазады да, шеңберге тұрады.

Есімі бірінші жазылған оқушымен қол алысып амандасады.

Есімі екінші жазылған оқушымен құшақтасып амандасады.

Есімі екінші жазылған оқушыға жақсы тілек айтады.

Сабақтың тақырыбын анықтау, мақсатымен, бағалау критерийлерімен таныстыру.

Сабақтың ортасы

33 минут

(Ұ) Бос уақытты өткізу туралы екі немесе үш қысқа фильм көрсету. Мысалы, жүзу,сурет салу, атқа міну немесе үй жануарын күту туралы.

Бағалау критерийі:

1.Фильм не туралы екенін айта алады.

2. Фильм ұнады/ ұнамады екенін айта алады.

(МК) Қарапайым сипаттау сөйлемдер арқылы фильм туралы айтылымдардың үлгісін көрсету:

Бұл –жүзу бассейні. Суы таза, жылы және мөлдір. Оқушылар жүзу үйірмесіне барады. Мұғалім жүзуді үйретеді. Балаларға жүзу ұнайды, себебі олар жүзудің түрлерін үйренеді.

Бағалау критерийі:

  • Мұғалімнің берген үлгісіне қарап, өзі фильмді сипаттайды.

СЕРГІТУ СӘТІ

Тербеледі ағаштар,

Алдымен жел еседі.

Кіп-кішкентай балалар,

Үп-үлкен  боп өседі.

(Ө) Оқушылар көрген фильмдері бойынша мұғалімнің берген үлгісімен бос уақытты өткізу туралы екі немесе үш қысқа сөз тіркестерін немесе қысқа сөйлемдер жазады.

Бағалау критерийі:

1. Бос уақытты өткізу туралы екі немесе үш қысқа сөз тіркестерін жазады.

2. Бос уақытты өткізу туралы екі немесе үш сөйлемдер жазады.

Дифференциация:

қабылдау деңгейі жоғары оқушылар өздері ұнатқан бір кітап туралы сыныпқа әңгімелеп айтып береді;

қабылдау деңгейі орташа оқушылар

кітапқа деген қызығушылықтарын көрсетеді және сұрақтарға қарапайым түрде жауап береді.

www.youtube.com/watch?v=G8GaXC5L8hM

2013, 09-сәу. - Uploaded by Артур Машталер

Суда жүзу

www.youtube.com/watch?v=7ohfjzlWz7k

2013, 17-қар. - Uploaded by Tatiana Molodaya

Сурет салу

https://www.youtube.com/watch?v=vUaUva1uvRo

Лаққа тамақ беру

Сабақтың соңы

2 минут

Мен бүгін сабақта ..., ... үйрендім.

Маған ..., ... қиын болды.

Саралауоқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар өздері ұнатқан бір кітап туралы сыныпқа әңгімелеп айтып береді.

Меңгеруді бақылау

Сыныпта бір-бірін дескрипторлар арқылы бағалайды.

Сыныпта жұмыс істеу дағдылары (құрмет көрсету, кезекпен сөйлеу және т.б.)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.