Жыл мезгілдері туралы идеялар жинау – фильм қарау. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 2 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім «Табиғат және қоршаған орта» | Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Бердібаева А.М. | ||
Күні: Сынып: 2 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||
Сабақтың тақырыбы | Жыл мезгілдері туралы идеялар жинау – фильм қарау | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.2.5.1 Медиақұралдарды пайдалану арқылы дауыс ырғағын мәтін мазмұнына, оқиға желісі өрбуіне сай өзгерте отырып, дұрыс және анық айтады | ||
Сабақтың мақсаттары | Барлығы: тақырыпқа қатысты сөздерді түсінеді Көбі: бейнематериалдың мазмұнын түсінеді, мазмұнын дауыс ырғағын келтіре әңгімелейді. Кейбірі: жыл мезгілдерінің айырмашылықтарын айтады | ||
Жетістік критерийлері | Көрген бейнематериалдың мазмұнын түсінеді, түсінгенін жеткізе алады. | ||
Сөздік | қарлы боран, қалың қар, аязды күн, жауын-шашын, қапырық ыстық, бұлтты күн, ашық күн, жел соғады, көңілді мезгіл | ||
Құндылықтарды дарыту | Табиғатты қорғау | ||
Пәнаралық байланыс | дүниетану | ||
АКТ қолдану дағдылары | |||
Бастапқы білім | Күз мезгілі туралы оқу | ||
Сабақ барысы | |||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |
Сабақтың басы 2 минут | Жұмбақтар шешу арқылы сабақтың тақырыбын анықтау. Жиып-теріп болатын, Қамбаға астық толатын Қызыл қырман ойнайтын Қай мезгіл деп ойлайсың? (Күз) Қойның толы жеміске, Көк майсалы еңісте. Шомылып суға ойнайтын, Қай мезгіл деп ойлайсың? (Жаз) Шанамен зырлап желетін, Шаңғы,коньки тебетін Аққала жасап ойнайтын. Қай мезгіл деп ойлайсың? (Қыс) Бұлтты айдай желдеткен, Нөсерлеткен селдеткен Қозы-лақ қуып ойнатқан Қай мезгіл деп ойлайсың? (Көктем) Сабақтың мақсатымен таныстыру: Көрген/тыңдаған материалды түсінемін және түсінгенімді айта аламын. | ||
Сабақтың ортасы 7 минут
15 минут 5 минут 5 минут 8 минут | (Ұ) Төрт мезгілдегі ауа райына байланысты суреттер көрсету
боран соғады аяз болады жауын-шашын
найзағай жел соғады қапырық ыстық
бұлтты күн ашық күн Оқушылар суретке қатысты сөздерді парақшаларына жазады. Соңында жазған сөздерімен бір-бірімен бөліседі. (Ұ) Мультфильмді көру, мазмұны бойынша сұрақтар қою:
(Ұ) Көрген бейнематериалдан естіген сөздерді тізімге жазып қою. Сергіту сәті Оңға, оңға түзу тұр,Солға, солға түзу тұр.Артқа қарай бір адымАлдыға қарай бір адымЖоғары төмен қарайықОрнымызды табайық. (Ұ, Қ) Шеңберде отырып, бір сөйлемнен мультфильмнің мазмұнын айту. (Ө) «Менің сүйікті жыл мезгілім» тақырыбына қысқа әңгіме жазу Дифференциация: қабылдау деңгейі жоғары оқушылар көрген бейнематериал бойынша мезгілдердің айырмашылықтарын түсіндіреді; қабылдау деңгейі орташа оқушылар тақырып бойынша негізгі сөздерді қолданады. | https://www.youtube.com/watch?v=41CD-avnrLs Әли мен Айя Жыл мезгілдері туралы | |
Сабақтың соңы 3 минут | Рефлексия «Ағаш жапырақтары» әдісі Жасыл түс – толық түсіндім Сары түс – сұрақтарым бар Қоңырқай түс - түсінбедім | ||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |
Қабылдау деңгейі орташа оқушылар үшін сыныптың қабырғаларына суретті сөздер іліп қоямын. Қабілеті жоғары оқушылар көрген бейнематериалға сүйене отырып, жыл мезгілдерінің айырмашылықтарын айтып береді. | Бірнеше тапсырмаларды жоспарлау кезінде олардың бір-бірімен байланысты болуына баса назар аударамын. Мысалы, бірінші тапсырмада ақпарат берілсе, келесі тапсырманы сол алған ақпараттарды қолдануға құрамын. | Қысқы ойындар кезінде сақтау қажет қауіпсіздік ережелер туралы айту Таза ауада серуендеудің денсаулыққа пайдасы туралы түсіндіру. | |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.