Бос уақыт туралы оқу және фильм көру. №2. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1-бөлім «Өзім туралы»

Күні:

Сынып: 2

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Кушерова Л.К.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Бос уақыт туралы оқу және фильм көру. №2

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру

2.3.4.1 мәтін мазмұны немесе иллюстрация/постер бойынша қарапайым сұрақтар құрастыру және оған толық жауап беру

2.6 Орфоэпиялық нормаларды сақтау

2.2.6.1 қазақ тілінің төл дыбыстарын артикуляциялау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: иллюстрация/постер бойынша қарапайым сұрақтар құрастырады. Қазақ тілінің төл дыбыстарын мұғалімнің көмегімен артикуляциялайды.

Көптеген оқушылар: мәтін мазмұны бойынша қарапайым сұрақтар құрастырады және оған жауап береді. Қазақ тілінің төл дыбыстарын өздері артикуляциялайды.

Кейбір оқушылар: мәтін мазмұны немесе иллюстрация/постер бойынша қарапайым сұрақтар құрастырады және оған толық жауап береді. Қазақ тілінің төл дыбыстарын артикуляциялайды.

Бағалау критерийлері

Мәтін мазмұны немесе иллюстрация/постер бойынша қарапайым сұрақтар құрастырады.

Құрастырған сұрақтарға толық жауап береді.

Қазақ тілінің төл дыбыстарын дұрыс артикуляциялайды.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

қыдырып барды, аула ішіндегі, арамшөптер, ретке келтіру, шиқылдап сары ауыз балапан, ұя, құлап түскен, жүні жоқ, қызылшақа, шиқылдай береді, басқышқа міну, үнемі қамқорлық жасап жүретін болды.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Менің ойымша, ......... деп ойлаймын, ұнайды, келісемін, келіспеймін

Құндылықтарды дарыту

Бос уақытты тиімді өткізуіне дұрыс жоспарлауға үйрету.

Пәнаралық байланыстар

орыс тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Бастапқы білім

Бос уақытты өткізу түрлерінің тізімін жасау

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Ертеңгілік шеңбер

Шеңберге тұрып, бір-бірінің көңіл-күйлерін сұрайды. Жауап берген оқушы себебін түсіндіре отырып айтады.

Мысалы:

-Сенің көңіл-күйің қандай?

-Менің көңіл-күйім тамаша, өйткені анам туған күніме сыйлық берді.

Сабақтың тақырыбын анықтау, мақсатымен, бағалау критерийлерімен таныстыру.

Сабақтың ортасы

33 минут

(Ұ, Қ) Суретті болжа.

Жетелеуіш сұрақтар:

  • Суретте кімдер бейнеленген?
  • Олар қайда барды?
  • Балалар не тауып алды?
  • Балапанға не болды деп ойлайсыңдар?

Дескрипторлар:

  • Сұрақтарға жауап бере алады.
  • Оқиғаның аяқталуын болжай алады.

СЕРГІТУ СӘТІ

Тербеледі ағаштар,

Алдымен жел еседі.

Кіп-кішкентай балалар,

Үп-үлкен  боп өседі.

«Бірлесіп оқу» әдісі. Мәтіннің түпнұсқасын оқу.

БАЛАПАН

Жазғы каникулда Арман мен Нұрлан атасы мен әжесінің ауылына қыдырып барды. Бірде олар аталарына аула ішіндегі бау-бақшаны арамшөптерден тазартып, ретке келтіруге көмектесіп жүр еді. Арман Нұрланды шақырды. Барса, жерде шиқылдап сары ауыз балапан жатыр екен. Бұл ағаш басындағы ұядан құлап түскен торғайдың балапаны болып шықты. Өзі кіп-кішкентай, жүні жоқ, қызылшақа. Балапан шиқылдай береді. Арман басқышқа мініп, балапанды ұясына қайта салды. Арман мен Нұрлан балапанға қарайлап, үнемі қамқорлық жасап жүретін болды.

  • (Ж) Мәтін бойынша сұрақтар құрастырады:

Дескрипторлар:

  • Мәтіндегі сөздердің тән дыбыстарын дұрыс артикуляциялап оқи алады.
  • Сұрақтарды дұрыс құрастырады.
  • Сұрақтарға толық жауап береді.

Дифференциация:

қабылдау деңгейі жоғары оқушылар өздері ұнатқан бір кітап туралы сыныпқа әңгімелеп айтып береді;

қабылдау деңгейі орташа оқушылар

кітапқа деген қызығушылықтарын көрсетеді және сұрақтарға қарапайым түрде жауап береді.

Сабақтың соңы

2 минут

«Бағдаршам» арқылы кері байланыс береді.

Саралауоқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Өздері ұнатқан бір кітап туралы сыныпқа әңгімелеп айтып береді.

Меңгеруді бақылау

Жұптар бір-бірін бағалайды.

Дескрипторлар арқылы бағалау

Жұптар жұмыс істеу дағдылары (құрмет көрсету, кезекпен сөйлеу және т.б.)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.