Көлік – идеяны түсіну №1. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 1 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзім жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5-бөлім: Саяхат

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Кушерова Л.К.

Күні:

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Көлік – идеяны түсіну №1

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1 Зейін қойып оқу.

1.3.1.1 Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсінеді.

1.4 Әдеби тіл нормасын түсіну.

1.1.4.1 Дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтады.

2.1 Сөз көлемі және сөздік қор құрамының сан алуандылығы.

1.2.1.1 Таныс сөздерді қолдана отырып,сұрақ қояды және сұраққа жауап береді.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды. Дыбыстар мен сөздерді мұғалімнің көмегімен бірге дұрыс айтады. Таныс сөздерді қолдана отырып, мұғалімнің көмегімен сұрақ қояды.

Көбі: Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсінеді. Дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтады.

Таныс сөздерді қолдана отырып, сұрақ қояды.

Кейбірі: Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсіндіріп береді. Дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтады және басқаларға көмек береді. Таныс сөздерді қолдана отырып, сұрақ қояды және сұраққа жауап береді.

Жетістік критерийлері

Таныс сөздерді буындап дұрыс оқиды және мағынасын түсіндіре алады.

Сөздегі дыбыстарды таниды және ажырата алады.

Сұрақ қою мен жауап беру барысында таныс сөздерді орынды қолдана алады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Машина бөлшектері: дөңгелек, мотор, руль, жүк салғыш, капот, орындық.

Машинада не бар?

Құндылықтарды дарыту

Адами ізгілікке, әдептілікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Бейнелеу өнері, қоршаған орта сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Бастапқы білім

«Көлік» Оқылым.№3

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ертеңгілік шеңбері

Қандай көліктермен таныстық? Есімізге түсірейік.

Сөздерде неше әріп, неше дыбыс бар?

(Тақтада оқушыларға арналған оқу мақсаты жазылады.) Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту.

«Мен дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтамын»

Сабақтың ортасы

(К) Көліктің бөліктерін білдіретін сөздерді карточкалардың көмегімен үйрету.

Оқушыларға көліктің бөлшектерін көрсететін кеспе қағаздар дайындау:

Дөңгелек

Мотор

Руль

Жүк салғыш

Капот

Орындық

(Ө) Оқушылар таңдаулары бойынша көліктің суретін салады/ бояйды/ моделін құрастырады және оны сыныпқа суреттеп береді.

СЕРГІТУ СӘТІ.

Бір, екі, үш,

Ұшақ болып ұш.

Төрт, бес, алты,

Тікұшақ боп қалқы.

Жеті,сегіз, тоғыз, он,

Қане жерге қон.

(Қ) Оқушыларға жеке сөздерді тыңдата отырып, әр оқушыдан есінде қалған кез келген сөздің дыбыстық құрамын сызбаға түсіруді тапсыру. Оқушы сөзде неше әріп болса, сонша дөңгелек салады және дауысты дыбыстарды қызыл түспен, дауыссыздарды көк түспен бояйды.

( Оқылатын сөздер: дөңгелек, мотор, руль, жүк салғыш, капот, орындық)

Жетістік критерийі:

  • Таныс сөздерді буындап дұрыс оқиды және мағынасын түсіндіре алады.
  • Сөздегі дыбыстарды таниды және ажырата алады.
  • Сұрақ қою мен жауап беру барысында таныс сөздерді орынды қолдана алады.

Дифференциация:

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар:

өз көліктерін тиісті сөздерді қолдана отырып сөйлемдермен сипаттайды.

Қабылдау деңгейі орташа оқушылар: көлікті сипаттауда үлгіде берілген сөздерді қолданады.

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия

- толық түсіндім;

– сұрақтарым бар.

- түсінбедім;

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дифференциация іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың дербес қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде көрінуі мүмкін.

Дифференциация уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта Қауіпсіздік техникасының ережелерінен қолданатын тармақтар

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.