Көлік – идеяны түсіну №3. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 1 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзім жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5-бөлім: Саяхат | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Кушерова Л.К. | ||
Күні: Сынып: 1 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||
Сабақтың тақырыбы | Көлік – идеяны түсіну №3 | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.2 Сөздердің және сөз тіркестерінің мағынасын түсіну. 1.1.2.1 Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді. 1.4 Әдеби тіл нормасын түсіну. 1.1.4.1 Дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтады. 2.4 Диалогке қатысу. 1.2.4.1 Анық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді. | ||
Сабақтың мақсаттары | Барлығы: Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді. Дыбыстар мен сөздерді мұғалімнің көмегімен дұрыс айтады. Мұғалімнің көмегімен мәселені түсінгенін көрсетеді. Көбі: Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді және түсіндіріп береді. Дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтады. Анық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді. Кейбірі: Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді және сөйлем құрастыра алады. Дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтады және мысалдар келтіре алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді. | ||
Жетістік критерийлері | Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді және орынды қолдана алады. Сөздегі дыбыстарды таниды және ажырата алады. Берілген материалдағы мәселені анық, түсінікті сөйлеуі арқылы жеткізе алады. | ||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: Мынау – көлік тұрағы. Мұнда жеңіл көлік, жүк көлігі, автобустар тұрады. Мотоцикл мен велосипед те бар. Бұл үлкен тұрақ. | ||
Құндылықтарды дарыту | Адами ізгілікке, әдептілікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу. | ||
Пәнаралық байланыс | Бейнелеу өнері, қоршаған орта сабағы | ||
АКТ қолдану дағдылары |
| ||
Бастапқы білім | Көлік – идеяны түсіну №2 | ||
Сабақ барысы | |||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |
Сабақтың басы | Ертеңгілік шеңбері Оқушыларға көліктердің суреттерін ұсыну. Әр оқушы таңдаған суреттерін үйде оқыған мәтіні бойынша әңгімелейді. Мысалы: Мынау – ұшақ. Ол әдемі, үлкен. Түсі ақ. Оның қанаттары бар. Ол аспанда ұшып жүреді. (Тақтада оқушыларға арналған оқу мақсаты жазылады.) Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту. «Анық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді.» |
| |
Сабақтың ортасы | (Ұ) Көлік тұрағында қандай көліктер болады? Оқушылар өздеріне таныс көліктерді атап айтады және көліктердің суреттерін таңдап алып бояйды, көліктің атын жазады. Барлығы бірігіп көлік тұрағын плакатқа салады. Өз көліктерін ұнаған жеріне желімдейді. Әр оқушы тақтада ілініп тұрған көлік тұрағы туралы әңгімелейді. ҮЛГІ: Мынау – көлік тұрағы. Мұнда жеңіл көлік, жүк көлігі, автобустар тұрады. Мотоцикл мен велосипед те бар. Бұл үлкен тұрақ. СЕРГІТУ СӘТІ. Өте биік аспанда/қолын жоғары-төмен сермейді/ Ұшақпен мен ұшамын /ирелектеп көрсетеді/ Жұмсақ, жеңіл бұлттарды/қолдарымен көрсетеді| Қолдарыммен ұстаймын ./ирелектеп көрсетеді/ Дыбыстар әлемі. Сөздерді оқу. Жіңішке естілетін сыңарын атау. Үш-ұш, түс-тұс, үр-ұр, түр-тұр Өлеңді оқу. Қимылмен көрсету. Бір, екі, үш Ұшақ болып ұш. Төрт, бес, алты, Тікұшақ болып қалқы. Жеті, сегіз, тоғыз, он, Қане жерге қон. Жұмыс дәптері бойынша тапсырма орындау. 5 беттегі Анықта. Суретке сәйкес сөзді дөңгелекте. Көлік атауын көркем жаз. 6 бет Жетістік критерийі:
Дифференциация: Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар: өз көліктерін тиісті сөздерді қолдана отырып сөйлемдермен сипаттайды. Қабылдау деңгейі орташа оқушылар: көлікті сипаттауда үлгіде берілген сөздерді қолданады. |
| |
Сабақтың соңы 2 минут | Рефлексия - толық түсіндім; – сұрақтарым бар.
- түсінбедім; | ||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |
Дифференциация іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың дербес қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде көрінуі мүмкін. Дифференциация уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта Қауіпсіздік техникасының ережелерінен қолданатын тармақтар | |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру