Жобаны әзірлеу. Дыбыстық сүйемелдеу. Информатика, 9 сынып, дидактикалық материал, 2 сабақ.


Қосымша «Дыбыс галереясы»

Бағдарлама сипаттамасы Жобаны құру

Қосымша дизайнын әзірлеу

Бағдарламалау

Қосымшаны безендіру

Тестілеу бағдарламасы

Қосымшаның сипаттамасы

«Дыбыс галереясы» қосымшасы тиісті суретті басқан кезде пайдаланушыға Bells қосымшасындағы дыбысты есту мүмкіндігін береді.

Қолданылатын компоненттер:

  • Жазу
  • Кестелік орналасу - кестеде экрандағы объектілердің орналасуын ұйымдастыруға мүмкіндік беретін компонент.
  • Батырма - басылған кезде дыбыстық файл ойнатылады.
  • Дыбыс - көрінбейтін компонент, ол қосымшаға дыбыстық аудио файлдарды енгізуге мүмкіндік береді.

«Медиа файлдар» бөлімінде қоңыраудың 4 бейнесі және 4 дыбыстық файл қоңыраулар дыбысы бар. Қолданбада қоңыраулар суреттері бар бір Screen1 экраны бар.

Жобаны құру

  • Жаңа жобаны бастау батырмасына басыңыз және BellGallery жобасының атын енгізіңіз

Қосымша дизайнын әзірлеу

  • Screen1 параметрінде ортасы бойынша орналастыруды таңдаңыз
  • Жазу компонентін экран терезесіне сүйреп әкеліңіз
  • Атын өзгерту батырмасына басып, “Надпись Заголовок” жазуын жазыңыз
  • Жазу компонентін ерекшелеңіз және оның келесі қасиеттерін өзгертіңіз: шрифт -24 px , мәтін - “Колокольная галерея”
  • ТабличноеРасположение компонентін экранға орналастырыңыз
  • ТабличноеРасположение компонентіне келесі параметрлерді енгізіңіз:
    • Высота – Наполнить родительский
    • Ширина – Наполнить родительский
    • Строки -8
  • “Кнопка” компоненті қосымша экранына орналастырыңыз
  • “Кнопка” компоненті ерекшелеп “Переименовать”. “КнопкаБлаговест” мәтінін енгізіңіз.
  • Батырмаға арналған суретті жүктеңіз
  • Оны суреттің дерек көзі ретінде орнатыңыз
  • Батырма мәтінін кетіріңіз
  • “Надпись” компонентін экранға орналастырыңыз және атын «НадписьБлаговест» деп жазыңыз
  • “НадписьБлаговест” батырма компонентіне келесі параметрлерді енгізіңіз
    • Қаріп өлшемі -18 px.
    • Мәтін -Благовест
    • Орналасуы -по центру (ортасы бойынша)
  • Келесі қоңыраудың 3 суретін дәл осылай орналастырыңыз
  • ”Звук” компонентін экранға орналастырыңыз
  • Атын «ЗвукБлаговест» етіп өзгертіңіз
  • Дыбыстың дерек көзі ретінде аудио файлды жүктеңіз
  • 3 дыбыстық компонентті сол сияқты жасаңыз, тиісті дыбыстарды дерек көз ретінде орнатыңыз.
  • Қолданбаның дизайны дайын, келесі «Бағдарламалау» кезеңіне өтуге болады

Бағдарламалау

  • “Блоки” режиміне өтіңіз
  • “Блоки” аумағында “КнопкаБлаговест” компонентін ерекшелеңіз және «Просмотр» терезесіне “Когда КнопкаБлаговест. Щелчок” блогын орналастырыңыз
  • “ЗвукБлаговест” компонентін тңдаңыз және Вызов ЗвукБлаговест блогын орналастырыңыз. “Просмотр” терезесінде ойнатыңыз.
  • “Просмотр” терезесінде келесі блоктар конструкциясы көрінеді
  • Бұл қадамдарды қалған «Дыбыс» компоненттері үшін қайталаңыз, соның нәтижесінде келесі құрылым пайда болады.

Қосымшаны безендіру

  • “Дизайнер” режиміне өтіңіз
  • Screen1 үшін келесі қасиеттерді орнатыңыз
    • Қосымша аты ( AppName) - “Колокольнаягалерея”
    • Қосымша шартбелгісі - “blagovestnik.Jpeg”
    • Экран атауы -“Колокола”

Бағдарламаны тестілеу

  • Құрылғы мәзірі арқылы қосымшаны мобильді құрылғыға жүктеңіз. Ол үшін келесі қадамды орындаңыз: Построить->Приложение (Жүктеу үшін QR-код құрыңыз .apk)
  • Бағдарламаның QR-коды шығады.
  • Бағдарламаны іске қосу үшін мобильді құрылғыда MIT AI2 Companion қолданбасын іске қосып, құрылғының QR кодын құрылғы камерасымен сканерлеңіз
  • Қосымшаны құрылғыға орнатыңыз
  • Орнату аяқталғаннан кейін, бағдарламаны жұмыс үстеліндегі немесе «Барлық бағдарламалар» мәзіріндегі белгішені пайдаланып ашыңыз.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.