Компьютерлік желілер. Информатика, 8 сынып, дидактикалық материал, 2 сабақ.
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар
Тапсырма №1
1. 2560 бит/мин жылдамдықпен 2.5 Кбайт ақпараттық хабарлама көлемі беріледі, хабарлама неше минутта беріледі?
Тапсырма №2
2. Ақпараттарды беру жылдамдығы ADSLарқылы қосылу 1 024 000 бит/с тең. Осы желі арқылы хабарлама жіберу 5 секунд уақытты алды. Жіберілген хабарлама өлшемін килобайттпен анықтағңыз
Тапсырма №3
3. Ақпараттарды беру WAP арқылы қосылу 512 000 бит/с жылдамдыққа тең. Осы желіден 875 Кбайт ақпарат жіберілді. Ақпарат қанша секундта жететіндігін анықтаңыз.
Дескриптор:
- Желіні өткізу қабілеті формуласын анықтайды;
- Желідегі хабарламаның жету уақытын, берлген уақыттағы жылдамдыққа байланысты хабаралама көлемін, белгілі бір уақыттағы берілген ақпараттың жету жылдамдығын анықтайды.
ҚОСЫМША ТАПСЫРМА
№1. Мульти тайпасының алфавиті 8 әріптен тұрады. Бұл алфавиттің 1 әрпі қанша ақпаратқа ие?
№2. 128 таңбалық алфавит көмегімен жазылған хабарлама 30 таңбадан тұрады. Хабарламаның ақпараттық көлемін анықта?
№3. 4 Кбайт көлемінен тұратын ақпараттық хабарлама 4096 таңбадан тұрады. Хабарлама жазылған алфавиттің саны қанша?
№4. Хабарлама 25 жолдан тұратын 3 бетті құрайды. Әр жолда 60 таңба бар. Бүкіл хабарламада 1125 байт болса, пайдаланылған алфавитте қанша таңба бар?
№5. Пайдаланушы пернетақтада мәтінді минутына 90 таңба жылдамдықпен енгізеді. 15 минуттан кейін (компьютердің әліпбиін пайдаланып) жазылған мәтін қанша ақпараттан тұрады?
№6. Әрбір таңба екі байтта кодталған болса, Unicode кодындағы келесі сөйлемнің ақпараттық көлемі қандай: «Бүгін 35 градус жылы».
Қолданылған ресурстар:
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.