Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: | 7.1В: Желілер және қауіпсіздік | Мектеп: | |
Күні: | | Мұғалімнің аты-жөні: | |
Сынып: | 7 сынып | Қатысқандар саны: | | қатыспағандар: | |
Сабақтың тақырыбы: | Компьютерді қорғау |
Сабақтың түрі: | Жаңа сабақты меңгерту |
Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына негізделген) | 7.4.2.1 Компьютерді зиянды бағдарламалардан қорғау |
Сабақтың мақсаты | - Компьютерді зиянды бағдарламалардан қорғау
|
Табыс критерийлері | Оқушы 7.4.2.1 оқыту мақсатына жетті,егер: - “компьютерлік вирус” ұғымына анықтама берсе (дағды:білу және түсіну); - зиянды бағдарламалардың кемінде үшеуін атаса және сипаттаса (дағды: білу және түсіну); - антивирустық бағдарламалардың кемінде үш түрін атаса (дағды: білу және түсіну); - компьютерлік вирустардың таралу жолдарының кемінде үшеуін келтірсе және сипаттаса (дағды: білу және түсіну); - антивирустық бағдарламаларды баптау дағдыларын көрсетсе (дағды:қолдану); - жүйені антивирустық бағдарлама құралдарымен тексеру туралы есептің деректерін түсіндірсе (дағды:қолдану); - антивирустық қордың жаңару процедурасымен компьютерді үнемі тексеру қажеттілігі мен рөлін байланыстырса (дағды: саралау); - компьютерді антивирустық бағдарламаның көмегімен қорғаудың тиімділігі туралы дәлелді тұжырым жасаса (дағды:бағалау); - ақпаратты қорғау мәселелерінде жеке тәжірибесінің негізінде өз пікірін қалыптастырады және дәлелдейді (дағды:сын тұрғысынан ойлау); - алынған ақпарат көздерін көрсете отырып, вирустық бағдарламалардың таралу жолдары мен белгілерін, түрлерін сипаттай алса (дағды: зерттеу). |
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Вирусты жұқтырудың алдын алу шараларын сипаттай алады Пәндік лексика и терминология (сабақтың глоссариі файлында берілген): компьютерлік вирус, антивирустық бағдарламалық жасақтама, желілік құрттар, трояндық программалар, тыңшы-бағдарламалар (spyware), жарнамалық бағдарламалар (adware), антивирустық сканер, CRC сканер (ревизор), вирустық тосқауылшы, вирустық иммунизатор Диалогқа/хатқа пайдалы фразалар: - Негізгі баптаулар … негізделеді …
- Компьютер … көмегімен … тексерілді
- ... жаңарту …бағытталады
|
Құндылықтарға баулу | Сабақ сыйлауға, бірлесіп жұмыс істеуге, еңбекке және шығармашылыққа баулуға бағытталады, бұл ұжымдық, топтық, жұптық жұмыстардың кезектестіріліп, әрі қарай міндетті түрде ұжыммен талқылануының нәтижесінде жүзеге асырылады; сабақты ұйымдастырудың мұндай формасы шығармашылық және сын тұрғысынан ойлай алатын, оқушының игілікті және ақжарқын тұлға қасиеттерін дамытуға бағытталады. 7.1В – желілер және қауіпсіздік бөлімі бойынша оқушыларда тұрақты теориялық білім мен практикалық дағдыларын қалыптастыру оқушыларға міндетті түрде денсаулықты сақтайтын құралдарға сүйене отырып, оқу және кәсіптік міндеттерін шешу үшін АКТ құралдарын тиімді және кәсіби пайдалануға мүмкіндік береді. |
Пәнаралық байланыс | Валеология (тақырып – Экранның жарығымен жабдықталған құралдармен жұмыс істегенде денсаулықты сақтау), орыс тілі (тақырып – Стилистика және сөйлеу мәдениеті), құқық негіздері (тақырып – Ақпараттық технология саласындағы қылмыс; Авторлық құқықтың негізгі ұғымдары). |
АКТ қолдану дағдылары | Жүйелік және қолданбалы БЖ – антивирустық бағдарламалар (жұптық жұмыс аясында тапсырма орындау үшін) мен веб-браузер (нәтижесінде топтық жұмыстың нәтижесі бар постер болатын зерттеу аясында ақпарат жинау үшін) орнатылған, және Интернетке қосылған ноутбуктер (стационарлық компьютерлер) пайдалану. |
Бастапқы білімдері | Желілік ресурстармен жұмыс істеу негіздері (5-6 сынып); “Бағдарламалық жасақтама” ұғымы (5 сынып); Ақпараттық технология саласындағы авторлық құқық және плагиат (5-6 сыныптар). |
Сабақтың барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтың жоспарланған іс-әрекеттері | Ресурстар |
Сабақтың басталуы 0-5 мин | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
| Коллаборативті орта құру (ФБ ОМ 7.4.2.1, дағды – сын тұрғысынан ойлау), сабақтың тақырыбын тиянақтау, сабақтың мақсатын қою және табыс критерийлерін талдау: (а) мұғалім оқушыларға қорғау әдістері бар карточкаларды пайдалана отырып (слайд 1), тақтадағы кестені толтырып, «ақпаратты қорғау» және «компьютерді қорғау» деген екі ұғымды талқылауды ұсынады. Оқушылар ұжыммен жұмыс істей отырып, қорғаудың әр түріне сай әдістерді орналастыру керек (3 мин). Карточкалардың тізімі: - Деректерді мұрағаттау
- Файлды резервті көшіру
- Файлдың арнайы атрибуттарын орнату (мұрағаттық, тек оқу және т.б.)
- Соңғы әрекетті жою
- Компьютерік ресурстарға пайдаланушылардың кіруін шектеу
- Антивирустық бағдарламалар
- Құпиясөзді енгізу және шифрлеу
Дағды | Табыс критерийі | Сын тұрғысынан ойлау | ақпаратты қорғау мәселелерінде жеке тәжірибесінің негізінде өз пікірін қалыптастырады және дәлелдейді |
(б) Оқушылардың жауаптарының ұжымдық талқылануын жалпылау ретінде мұғалім статистикадан мәлімет келтіреді (2 слайд); содан кейін оқушыларды сабақтың тақырыбымен және мақсаттарымен таныстырады, табыс критерийлерін талқылайды (3 слайд). 2 Слайдтағы презентация үшін мұғалімге арналған мәтін: Статистика мәліметтері бойынша ақпарат қауіпсіздігіне төнетін қауіпті жасаудың сәтті әдістері вирустық шабуыл жасау болып табылады. Олардың үлесіне статистикаға түскен және белгіленгендердің ішінен ақпарат қауіпсіздігі 57% оқиға және шамамен 60% жүзеге асырылған қауіп келеді. Мұғалімге ұсыныс: оқушыларда қиындық туындаса, мұғалім ұжымдық талқылауды ұйымдастыруға арналған бірқатар жетектеуші сұрақтарды ұсына алады: - Төмендегілерді ақпаратты қорғау немес компьютерді қорғаудың - қайсысына жатқызуға болады:
- жабдықтың жаңылуынан қорғау; - бағдарламалық жасақтаманы қорғау; - аяқ астынан жоғалтудан қорғау; - бұрмаланудан қорғау? | Оқушылар ұжыммен тақтада жұмыс істеп, қорғау әдістері бар карточкаларды пайдалана отырып, кестені толтырып, «ақпаратты қорғау» және «компьютерді қорғау» - ұғымдарын талқылайды; содан кейін сабақтың тақырыбымен және мақсаттарымен танысады, табыс критерийлерін талқылайды. |
| Сабақтың презентациясы (слайд №№ 1-3) Флипчартта орнасқан кесте Қорғау әдістері бар карточкалар (7 ед.) Магниттік тақта немесе флипчарт Магниттер Мұғалімнің материалдары (А бөлімі, 1 слайд) |
Сабақтың ортасы 6-25 мин (топтық жұмыс) 26-38 мин (жұптық жұмыс) | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
| Оқушылардың топтық жұмысы аясында зерттеу арқылы жаңа материалды меңгеру, презентациямен (ФБ ОМ 7.4.2.1, дағды – білу және түсіну, зерттеу): мұғалім карточкаларды пайдалана отырып 3 топ құрады (1 мин), олардың әр қайсысы келесі тақырыптар бойынша интернет-ресурстарын пайдаланып постер дайындайды (А3 форматты парақ, 4 слайд) соңынан презентация жасайды (10 мин, ФБ арналған материал – А бөлім) (әр топқа 3 мин): № 1 топ – зиянды бағдарламалардың типтері; № 2 топ – антивирустық бағдарламалардың түрлері; № 3 топ – компьютерлік вирустардың таралу жолдары. Мұғалім Бағалау парағын пайдаланып (5 слайд), оқушыларды топтық жұмыспен, және оның нәтижелерінің презентациясымен бағалайды. Дағды | Табыс критерийі | Білу және түсіну | “компьютерлік вирус” ұғымына анықтама береді | зиянды бағдарламалардың кемінде үш түрін атайды және сипаттайды | антивирустық бағдарламалардың кемінде үш түрін атайды | компьютерлік вирустардың таралу жолдарының кемінде үшеуін атайды және сипаттайды |
| Зерттеу | алынған ақпарат көздерін көрсете отырып, вирустық бағдарламалардың таралу жолдары мен белгілерін, түрлерін сипаттай алады |
|
Дифференциациялаудың негізгі принципі – күрделендіру: барлығы «компьютерлік вирус» ұғымына анықтама бере алады; көпшілігі антивирустық бағдарламалардың түрлерін атай алады және оларға сипаттама бере алады, сонымен бірге олардың таралу жолдарын сипаттай алады; кейбіреулері танымал заманауи вирустарды атап және компьютерлік вирустарды жұқтыру белгілерін келтіре алады. Мұғалімге ұсыныс: - топтық жұмысқа арналған тапсырмаларды орындау барысында қиындықтар туса, мұғалім оқушыларға тірек ұғымдар тізімін ұсына алады (сабақтың пәндік лексикасы), олардың мазмұны мен байланысын оқушылар постерде көрсетеді;
- Интернетке еркін қосыла алмаған жағдайда мұғалім оқушыларға топтық жұмыс аясында тапсырма орындау үшін қажет мөлшерде үлестірмелі материал таратып бере алады.
| Оқушылар топпен жұмыс істей отырып, зерттеудің берілген тақырыбына сәйкес постер дайындайды; топтық жұмыстың нәтижелері барлығының алдында айтылады. |
| Сабақтың презентациясы (№№ 4-5 слайдтар) Топ құруға арналған карточкалар ОФ материалдары (А бөлім) Сабақтың глоссарийі Ноутбуктер / Компьютерлер Веб-браузер Және іздеуші сервистер Постер жасауға А3 парақтар Мұғалімнің материалдары (Б бөлімі, 5 слайд) Мұғалімнің бағалау парағы |
| Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
| Оқушылардың жұптық жұмысы аясында компьютерде практикалық жұмыс арқылы дағдыларын бастапқы бекіту, оқушылар өзін-өзі бағалайды (ФБ ОМ 7.4.2.1,дағды – қолдану, саралау, бағалау): мұғалім оқушыларға жұптасып практикалық жұмысты орындауды (10 мин, 6 слайд, ФБ материалы – Б бөлімі) және диалогқа арналған фразаларды пайдалана отырып, нәтижелерін талдауды ұсынады (2 мин, слайд 7): - Негізгі баптаулар … негізделеді …
- Компьютер … көмегімен … тексерілді
- ... жаңарту … бағытталады
Дағды | Табыс критерийі | Қолдану | антивирустық бағдарламаларды баптау дағдыларын көрсетеді | жүйені антивирустық бағдарлама құралдарымен тексеру туралы есептің деректерін түсіндіреді |
| Саралау | антивирустық қордың жаңару процедурасымен компьютерді үнемі тексеру қажеттілігі мен рөлін байланыстырады | Бағалау | компьютерді антивирустық бағдарламаның көмегімен қорғаудың тиімділігі туралы дәлелді тұжырым жасайды |
Дифференциацияның негізгі принципі –күрделендіру: барлығы антивирустық бағдарламаны баптай алады; көпшілігі жүйені антивирустық бағдарлама құралдарымен тексеру туралы есептің нәтижелерін талдай алады; кейбіреулері әр түрлі антивирустық бағдарламалардың тиімділігін салыстыра алады. Мұғалімге ұсыныс: практикалық жұмысты басқалардан жылдам орындаған және оның нәтижелерін диалогқа ұсынылған фразаларды пайдаланып талдаған оқушыларға (а) антивирустық БЖ тиімділігін бағалау критерийлерін жасауға немесе (б) әр түрлі антивирустық БЖ бір бірімен салыстыруға тапсырма беруге болады . | Оқушылар жұптасып практикалық жұмысты орындайды, содан кейін диалогқа ұсынылған фразаларды пайдалана отырып, оның нәтижелерін талдайды; Бағалау парағын толтырып (өзін-өзі бағалау) және стикерлерді жапсырып, жұптық жұмысты аяқтайды. |
| Сабақтың презентациясы (№№ 6-7 слайдтар) ОФ материалдары (Б бөлім) Ноутбуктер / Компьютерлер Антивирустық БЖ (мұғалімнің таңдауы бойынша) Өзін-өзі бағалау бойынша стикерлер |
Сабақтың соңы 39-40 мин | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
| Сабақтың рефлексиясы және үй тапсырмасын беру: мұғалім оқушыларға пәннің іші мен пәнаралық байланысты тақырыптарына негізделген бірқатар жалпылау сұрақтарын қоя отырып, шағын талдау ретінде сабақтың рефлексиясын жасай алады (8 слайд). Талқылауға ұсынылатын сұрақтар: - Неге кейбір бағдарламашылар компьютерлік вирустарды жасайды?
- Компьютерлік вирустары жасап, өз мақсаттарына жетуге бола ма?
- Өз ақпараттарыңды вирустан қалай қорғауға болады?
Үй тапсырмасы: келесі тапсырмалардың (9 слайд) біреуіне презентация дайындау (5 слайдтан артық емес): - Заңдар және компьютерлік вирустар.
- Вирустарды жасаудың жауапкершілігі.
- Компьютерлік вирустардың көп түрлілігі және топтастыру.
- Ең танымал антивирустық бағдарламалар және олардың принциптері.
| Оқушылар талдауға ұсынылған сұрақтарға жауап береді; соңынан үй тапсырмасын жазады. |
| Сабақтың презентациясы (№№ 8-9 слайдтар) |
Дифференциация – Сіз қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушылардың алдына қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Бағалау – Сіз оқушылардың жаңа материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Денсаулық және техникалық қауіпсіздікті сақтау |
Жұптық/топтық жұмыс – сыныптастарының қолдауы. Қажет болса, мұғалімнің көмегі. Қабілеті жоғары оқушылар басқа оқушыларға күрделірек/қызық болып көрінетін өз шешімдерінің аспектілерін көрсете алады. Сабақта дифференциациялаудың негізгі принципі – күрделендіру. | Сұрақтарға жауап беру және жауаптар сеансы. Тапсырманы орындау барысында сұрақтарды пайдалану. Сабақтың әрбір кезеңінде оқушылардың нәтижесін/жетістігін түсіну үшін шолу сұрақтарын пайдалану. Өзара бағалауды және өзін-өзі бағалауды пайдалану. | Компьютерлік техникамен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін, мысалы, экранды, пернетақта мен тышқанды қосу кезінде абай болуды; денсаулыққа қауіп төндіретіндіктен сымдардан сақ болуды еске салу. |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақтың мақсаты/оқу мақсаты шындыққа негізделген бе? Барлық оқушылар ОМ-на жетті ме? Егер жоқ болса, неге? Сабақта дифференциация дұрыс келтірілді ме? Сабақтың уақытша кезеңдері болды ма? Сабақ жоспарынан қандай шегіністер болды және неге? | |
Жалпы баға Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру тұрғысынан да, оқу тұрғысынан да ойлаңыз)? 1: 2: Сабақты не жақсартуы мүмкін (сабақ беру тұрғысынан да, оқу тұрғысынан да ойлаңыз)? 1: 2: Мен сынып туралы немесе жеке оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы сабақ барысында не білдім, алдағы сабақтарда неге көңіл бөлінуі керек? |