Cілтемелер. Информатика, 6 сынып, қосымша материал.
«Сілтемелер» сабағына әдістемелік нұсқаулық
Сабақтың мақсаты: сілтемелерді ұйымдастыру (гиперсілтемелер, мазмұны, атауы, нұсқамалар).
Аталған сабақты оқу үшін қажетті алғышқы білімдер: мәтіндік редакторде жұмыс істеу дағдылары мәтінді теру және редактілеу, мәтінді форматтау, құжатты сақтау.).
Осы сабақ - жаңа тақырыпты оқу, дағдыларды құрастыру сабағы болып табылады.
Осы сабақта оқушылардың алатын негізгі теориялық білімдер.
Сілтемелер – бұл мәтінге кішігірім ескертулер, әдетте беттің астыңғы жағында орналасады және негізгі мәтіннен горизонталды сызықша арқылы ерекшеленеді. Нұсқамалардың қаріпін негізгі мәтіннің қаріпінен кіші етіп жасайды.
Сілтемелер кейбір сөздерді түсіндіру үшін, ақпарат көзін көрсету үшін қолданады. Нұсқамаларды қолдану құжаттағы ақпаратты қабылдауды жеңілдетеді.
Әдістемелік нұсқаулықтар
Қайталау кезеңінде, практикалық тапсырманы орындау үшін оқушылардың білімі мен дағдылары жеткілікті екеніне көз жеткізіңіз.
Оқушылардың жауаптарын толықтырып, дұрыстап, қажет болғанда түсіндіріңіз.
Практикалық жұмыс жүргізген кезде мәтін ретінде, қазіргі уақытта «Әдебиет» немесе «Қазақстан тарихы» пәндері бойынша өтіп жатқан тақырыптарды алған дұрыс. Осы сұрақты вертикалды жоспарлау барысында басқа пәннің мұғалімдерімен талқылаңыз.
Қалыптастырушы бағалау тәжірибелік жұмысында өткізіледі.
Әдебиет пен ресурстар:
https://www.youtube.com/watch?v=l4V-r6d-4rc – құжатқа сілтемені қалай қосу керек.
https://naprimerax.org/posts/20/snoski-v-word-2007 - сілтемелер.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.