Ақпаратты тасымалдау. Информатика, 6 сынып, қосымша материал.


 «Ақпаратты тасымалдау» сабағына әдістемелік нұсқаулық.

 Сабақтың мақсаты: ақпаратты беруші және қабылдаушы арналарына мысал келтіру

 Берілген сабақты зерттеу үшін қажетті бастапқы білім: ақпараттық процестерде дереккөзі, алушысы және байланыс арнасын анықтаудағы алған біліміне және дағдысына негізделген.

 Аталған сабақ жаңа тақырыпты зерттеу, ептілікті қалыптастыру сабағы болып табылады.

 

 Оқушының осы сабақта алатын негізгі теориялық білімдер.

  Ақпарат – сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану нысаны болып табылатын қоршаған әлем туралы мәліметтер.

 Ғылымдардың деректері бойынша біз ақпараттың 81%-ын – көру арқылы, 10%-ын – ест, 4%-ын – иіскеу, 3%-ын дәм сезу және 2%-ын сезу арқылы аламыз.

 Ақпараттың түрлері:

  Адамның ақпаратты қандай ақпараттық арнамен қабылдауына байланысты, ол әртүрлі болады.

 Мысалы, таңертең сағаттың шылдырын адам есту мүшесі – құлақпен қабылдайды. Ақпарат көзі қоңыраулы сағат болып табылады. Ал ақпаратты қабылдаушы – адам. Ақпарат ұйқыдан оянатын уақыт келгені туралы мәліметті жеткізіп тұр. Ақпараттың мұндай түрі естілетін ақпарат деп аталады.

  Сонымен, адамның қабылдау тәсілдері бойынша ақпарат көрінетін, естілетін, дәм сезу, иіскеу және сезу арқылы болып бөлінеді.

 Ақпараттың өзі әртүрлі бейнеленуі мүмкін: сан, мәтін немесе сурет түрінде.

 Бейнелеу тәсілдеріне қарай ақпарат сандық, мәтіндік, графикалық, дыбыстық және видеоақпарат болуы мүмкін. Ақпараттың бұл түрлері қазіргі кезде компьютерде табысты көрсетіледі.

 Ақпаратты тасымалдау үдерісінде әрқашан ақпарат көзі және оны қабылдаушы болады.

 

 Әдебиеттер мен ресурстар:

  • https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/5-synyp/lesson/aqparat-turleri

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.