Эргономика ұғымы. Информатика, 6 сынып, қосымша материал, 1 сабақ.


«Эргономика ұғымы» сабағына әдістемелік нұсқаулық

 Сабақтың мақсаты: Эргономика тапсырмаларын құру және шешу (жоғары деңгейде жайлы және тиімді болу үшін).

 Аталған сабақты оқу үшін қажетті алғашқы білімдер: информатика кабинетінде қауіпсіздік техникасы мен тәртіп ережелері

 Осы сабақ оқу жылдың алғашқы тақырыбы болып табылады және эргономика сұрақтарын шешуіне арналған (соның ішінде, максималды жайлылық және жұмыс тиімділігі үшін жұмыс орнын ұйымдастыру).

 Осы сабақта оқушылардың алатын негізгі теориялық білімдері.

 Эргономика – адамның денсаулығы мен еңбекке жарамдылығын сақтау үшін еңбектің тиімді жағдайларды құрайтын жұмыс процесін, зерттейтін ғылым түрі.

 Компьютердің адам денсаулыға әсері келесідей сипатталады:

  •  Әрдайым отыру қалпында,
  •  Көрудің жоғары шиенілісі,
  •  Қолдың біркелкі іс-қимылдары,
  •  Компьютердің адам психикасына әсеріне байланысты жүйкелі-эмоционалдық шиелініс.

 Компьютердің зияндық әсері тек аталған мәселелерден ғана тұрмайды, сондай-ақ ол мәселелер бірден емес, уақыт өте келе әсері көрінеді.

 Адамның компьютермен жұмыс істеу кезінде денсаулыққа әсер ететің негізгі факторлар:

  •  Монитордың жыпылықтауы (көзге әсер етеді),
  •  Электромагниттік сәулелену,
  •  шу (тітіркендіреді),
  •  психикаға әсері,
  •  отыру қиындығы (омыртқаға әсер етеді),
  •  бөлменің микроклиматы (ылғалдылық, шаң),
  •  жұмыс режимі (дем алуға арналған үзілістер).

 

 Әдістемелік нұсқаулық

 Сабақты бастамас бұрын, жұмыс орнын дайындау қажет, компьютердің немесе ноутбуктың бөлшектерін, қосалқы құрылғыларды және қажетті жабдықтарды орналастыру керек. Олардың дұрыс орналаспауын қадағалау қажет.(ыңғайсыз, кішігірім арақашықтық, тиімді жұмысқа кедергі). Оқушылар топпен жұмыс істеген кезде бір-біріне кедергі болмайтынына көз жеткізіңіз. Сіз эргономикалық тапсырманы шеші үшін кез келген топқа құралдардың әртүрлі жинағын ұсынуыңызға болады.

 Сабақтың барлық кезеңдерінде презентацияны қолданыңыз.

 «Сыйға-сөз» жаттығу орындау үшін бос орын болмаған жағдайда, оқушылардың жұмыс орындарында жүргізуге болады. Анық кезектілік бойынша өз ойларын білдіруді ұсыну арқылы.

 Қауіпсіздік техниканы қайталаған кезінде, оқушыларға толық жауаптарды беріңіз. Қиналған жағдайда бағыттаушы сұрақтар қою арқылы немесе басқа оқушылардың демеуі арқылы көмек көрсетіңіз.

 Сабақтың тақырыбын анықтау кезінде оқушылар «эргономика» сөзі таныс көрінуі мүмкін. Сіз, олардың ойлары мен мысалдарын қорытындылап жаңа ұғымға әкелу керек.

 Бейне жазба көру алдында, оқушыларды қойылатын сұрақтармен таңыстырыңыз.

 Топтарға бөлуді кез келген әдіспен орындауға болады. Егер сіз осы оқушыларды алғаш рет оқытып тұрмасаңыз, онда әр топта белсенді, үлгерімі жоғары оқушы болатындай бөлуге болады.

 Егер сіз қажет қылсаңыз, онда компьютердің және оның құрылғыларының денсаулыққа зияны туралы алдын ала тарату материалын дайындай аласыз.

 Тапсырманы қойған кезде, оқушылардың әр айтқан мысалын немесе ойын жеткізе алатынына назар аударыңыз.

 Формативті бағалауды жүргізу үшін, оқушыларды жеке жауап беретіндей етіп орналастырыңыз.

 Оқушылардың жауаптары әртүрлі болуы мүмкін.

Сабақ тапсырмаларының шешімдері

 Дұрыс жауап мысалдары:

 1.

 

Жағымсыз әсер

Қорғану әдістері

 

 Жарығы жоғары құрылғылармен жұмыс істеген кезде, көз бұлшық еттерінің шаршауы және көру қабілетінің төмендеуі

 Уақыт бойынша жұмыс режимін сақтау, көзге арналған жаттығулар

 

 Қолдың қақсауы (білезік каналдарының синдромы)

 Дұрыс отырысты сақтау, қол мен арқаға арналған жаттығулар

 

 Тыңдау қабілетінің төмендеуі

 Дыбыс көлемін қадғалау, құлақшыңдарды мойында ұстау

 

 2. Эргономика ережелеріне сәйкес, келесі құрылғылар қалай орналасу қажет:

 Монитор қолданушыдан ортада және қолдың ұзындығы арақашықтығында орнласу қажет, ыңғайлы қаріпті таңдау керек, терезе түскен күн сәулесін азайту, экранның жоғарғы бөлігі көз деңгейінде болу керек __

 Пернетақта шынтақ деңгейінде қолданушының алдында, жұмыс үстелінің шетінде қолды ұстамау керек

 Тінтуір шынтақ деңгейінде пернетақта қасында

 Жүйелік блок батареядан алыс арнайы тіреуіште болу керек, айналасында бос кеңістік болу керек, сымдар бір біріне кедергі болмауы керек.

 Егер уақыт болса өзара тексеріс жүргізіңіз: кейбір оқушыларға жауаптарын айтқызыңыз (әрқайсысына сұрақ қойыңыз), ал қалғандарына – қолдау немесе жауаптарды толықтыру.

 Рефлексияны жүргізген кезде сабақ уақыты кезінде белсенділігі төмен болған немесе толық емес жауап берген оқушыларған өз ойларын немесе мысалдарын келтіруді ұсыныңыз.

 Әдебиеттер мен ресурстар:

 Монитор қалай дұрыс орнату қажет http://computer-ergonomics.blogspot.com/2009/09/blog-post_15.html

 Пернетақта мен тінтуірді қалай дұрыс орнату қажет http://www.nvtc.ee/e-oppe/Erstling/kompzd/__7.html

 Жүйелік блокты қалай және қайда орнату қажет http://temowind.ru/na-zametku/kak-i-gde-ustanovit-sistemnyj-blok/

 Ештеңе ауырмайтындай компьютерде қалай отыру қажет https://lifehacker.ru/kak-sidet-za-kompyuterom/

 Компьютерлік үстелдер. Жұмыс орнын ұйымдастыру http://teletap.org/tekstil-i-aksessuary/kompyuternye-stoly-organizaciya-rabochego-mesta-kak-pravilno-podobrat-kompyuternyj-stol.html

 Зиян әсерлерден қорғану әдістерімен келесі сілтеме арқылы толығырақ біле аласыз https://www.compgramotnost.ru/computer-i-zdorovye/vliyanie-kompyutera-na-zdorove-cheloveka

 https://nsportal.ru/ap/library/nauchno-tekhnicheskoe-tvorchestvo/2013/02/13/negativnoe-vozdeystvie-kompyutera-na-zdorove

 

 

 

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.