Мини-жоба «Әлемді өзгерткен ашылымдар». Презентация жасау. Информатика, 5 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.1А Компьютер және қауіпсіздік

Мектеп: Көкшетау қаласы, ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Сыздыков М.С.

Сынып: 5

Қатысқандардың саны Қатыспағандардың саны:

:

Сабақ тақырыбы

Мини-жоба «Әлемді өзгерткен ашылымдар». Презентация жасау.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.3.1 жалпы қолданыстағы папканың ішіндегі файлдарды орналастыру, өзгерту, жүктеу

5.4.2.2 құжаттарға құпиясөз орнату

Сабақ мақсаттары

  • Оқушыларда бірігіп құжаттармен жұмыс істеу дағдыларын дамыту (Google Drive).
  • жалпы қолданыстағы папканың ішіндегі файлдарды орналастыру, өзгерту, жүктеу
  • құжаттарға құпиясөз орнату

Дескрипторлар

Білім және түсіну

  • Презентацияның атауын қалай істейтінін түсіну және ақпараттың әртүрлі түрлерін еңгізу
  • Бірігіп құжаттармен жұмыс істеудің маңыздылығын түсіну

Икемділік

  • Презентацияның атауын істей алады және ақпараттың әртүрлі түрлерін еңгізеді
  • жалпы қолданыстағы папканың ішінде файлдарды орналастырады, өзгертеді, жүктейді

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

  • арқаны дұрыс ұстаудың маңыздылығын талқылау (сөйлеу және тыңдау дағдылары)
  • деңсаулықты сақтауға көмектесетін жаттығулардың жиынтығын сипаттау (жазу дағдысы)

Пәнге қатысты лексика мен терминология

  • көз көруінің нашарлануы, арқа келбетінің бұзылуы, сіңірлердің созылуы, денсаулық және қауіпсіздік
  • білек, мойын, қол, арқа, иық, омыртқа, іш, бұлшық еттерді нығайту, созу, босаңсу, хабардар болу

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

  • Көздің кернеуінен немесе шаршағандығынан құтылу үшін алдымен..., кейін...
  • Арқаның түзі болуы үшін біріншіден..., кейін...
  • Қауіпсіздік ережелерінің сақталуы ... байланысты

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Сыйластық, топта жұмыс істей білу

 Пәнаралық байланыстар

Мини – жобаның тақырыбына қарай тарих, ағылшын тілі, қазақ тілі, орыс тілі, жаратылыстану пәндерімен байланыс орнатуға болады

Бастапқы білім

Өткен сабақтарда оқушылар таңдаған мини-проект бойынша зерттеу жасады және Google Drive ресурсымен жұмыс жасаудың бастапқы дағдыларын алды.

Өткен сабақтың тақырыбы: Жоба «Әлемді өзгерткен ашылымдар». Зерттеу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған ісәрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин

Оқушылардың зейінін шоғырландыру. Оқушылармен бірге сабақтың мақсаттарын және оқу мақсаттарын анықтау. Сонымен қатар мини-жоба дайындау бойынша сабақтың соңындағы күтілетін нәтижелер талқыланады. (оқушылардың іс-әрекет жоспары)

Тақта, презентация

Сабақтың ортасы

5-15 мин

15-17 мин

17-30 мин

30-35 мин

35-40 мин

(Т) Оқушылар «Әлемді өзгерткен ашылымдар» тақырыбы бойынша жоба жасауды бастайды. Мұғалім бұл жобаның дайындау формасы әртүрлі болуы мүмкін екенін түсіндіреді. Мысалы:

  • «Ғылым жаңалықтары» журналында мақала
  • Фотоколлаж
  • Жарнама баннері
  • Постер
  • Компьютерлік презентация және т.б.

(Жобалық жұмыс 3-5 оқушалардан түратын топтарда орындалады. Оқушылар өткен сабақтағы зерттеу кезеңінің алдында топтарға бөлінеді деп ойластырылды)

(Т) Оқушылар жобаның презентациясын әзірлеу үшін өздеріне ыңғайлы бағдарламаны таңдайды. Мұғалім мәтіндік редактор, графикалық редактор және презентация дайындау бағдарламасын таңдағанда оқушыларға көмектеседі.

Сонымен қатар оқушылар мини-жобаның презентациясының түрі қандай болатынымен анықталады. Ақпаратты орналастырудың түрі, фон түсі, экрандағы суреттердің орналасуы, түсі, қаріптің өлшемі мен түрі сияқты сұрақтар топта талқыланады және шешім қабылданады.

Презентацияның атауын дайындау. Алдында талқылағанда айтылған ұсыныстарды ескере отырып, топ өздерінің мини – жобасының атауын жазады және оны көркемдейді.

Презентацияны ақпаратпен толықтыру. Оқушылар, өткен сабақта жиналған ақпаратты, суреттерді презентацияға қосады және оны көркемдейді. Мұғалім әрбір топтың қасына келіп олардың өзіндік жұмыстарын қарайды және жақсартуға болатын жерлерді өзіне белгілейді.

Ақпарат дереккөздеріне сілтемелерді көрсету. Мұғалім ақпарат дереккөздеріне сілтемелерді көрсетудің маңыздылығын ескертеді. Оқушылар презентацияның осы сұрағы бойынша жұмыс істейді және керек кездерде мұғалімнен кеңес алады.

Дифференциациялау: Осы жұмысты ерте аяқтаған оқушылар презентацияға дыбыстық көркемдеу немесе анимация қосу кезеңіне кірісуге болады.

Барлық топтарға презентацияға дыбыстық көркемдеу немесе анимация қосу кезеңіне кірісуге болады. Оқушылар презентация атауының және топтағы әрбір оқушының жазылған аты-жөні барын тексереді.

Сабақтың соңы

40-45 мин

Мұғалім топтармен бірге презентация жасау сабағының қорытындысын жасайды. Оқушылар бүгінгі сабақта істелінген жұмыстары туралы бір-бірлеріне айтып береді және басқа топтарды жұмыстың осы кезеңін сәтті аяқтағандарымен құттықтайды.

Саралау

Бағалау

Денсаулық және техника қауіпсіздігінің ережелерін сақтау

Денсаулық сақтау технологиялары

Сергіту сәттері мен белсенді іс әрекет түрлері

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білідм, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Мұғалім: Сыздыков М.С.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу