Ғаламтор желісіндегі қауіпсіздік. Информатика, 3 сынып, қосымша материал, 1 сабақ.
Сынып: 3
6 Бөлім: Әлемнің барлығы Ғаламторда.
«Ғаламтор желісіндегі қауіпсіздік» сабағына әдістемелік нұсқаулық
Сабақтын мақсаты:
- белгілі бір сұрақтарға жауап табу үшін интернет іздеу жүйелерін пайдалану;
- сөйлемдерді теру және өңдеу үшін мәтіндік редакторды пайдалану;
- Интернеттегі тәуекелдер мысалдары.
Оқу мақсаты:
3.3.3.1 Ғаламтор желісіндегі қажетсіз байланыстың қаупін түсіну
3.3.2.1 желіде ақпарат алмасу жолдарын түсіндіру
3.2.1.1 мәтіндік редакторда қарапайым сөйлемдерді теруді жүзеге асыру
Сабақтын түрі: жаңа тақырыпты үйрену. Осы тақырып бойынша 2 сабақ қарастырылған. Оқушылар алдынғы сабақта қарастырған тақырыптар бойынша «Файлдар мен бумалар», «Программа терезелері», «Ақпаратты іздеу» .
Алдыңғы АКТ сабақтарында алынған материалдарды қайталау.
Оқушылар өткен тақырыптардан алған білімдерін еске түсіреді, оқушылар атақты тұлғалар туралы ақпаратты іздестіруге назар аударады, осылайша «Атақты тұлғалар» тақырыбына пәнаралық қарым-қатынас жасайды.
Оқушыларға сызбаларды таратады.
Жетекші сұрақтармен ми шабуылы:
- Слайд ортасында қандай негізгі сөз жасырылған?
- Неліктен солай ойлайтыныңызды түсіндіріңіз?
Жауабы: Қауіпсіздік.
Материалды түсіндіргеннен кейін оқушыларға талқылауға арналған сұрақтар қойылады:
- Интернет дегеніміз не?
- Қажетсіз контактілердін тәуекелділігін атап беріңіз
- Компьютерді вирустан қалай сақтауға болады?
Төмендегі терминдер мен негізгі білімдерге назар аудару ұсынылады.
- Компьютерінді сақта
- Вирусқа қарсы программаны пайдаланыңыз.
- Маңызды файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
- Ақпаратты жүктеген кезде абай болыңыз.
- Интерентте өзінді сақта
- Жеке ақпаратты ашу кезінде абай болыңыз.
- Сіз кіммен сөйлескеніңіз туралы ойланыңыз.
- Интернетте барлық ақпараттың сенімді емес екендігін және барлық пайдаланушылардың ашық болмайтынын ұмытпаңыз.
- Ережелерді сақта
- Заң интернетте де орындалуы керек.
- Интернетте жұмыс істегенде, өзіңізге секілді, қалғандарға да қамқорлық жасауды ұмытпаңыз.
Материалдың бастапқы шоғырлануы үшін оқушыларға тест сұрақтары беріледі.
Тест «Абайлаңыз, Интернет!»
1. Интернетте қандай ақпарат жарияланбайды?
- Менің хоббиім.
- Өзіңіздің лақап атыңыз.
- Үй мекенжайы.
2. Әлеуметтік желілер қаншалықты қауіпті?
- Жеке ақпарат әртүрлі мақсаттар үшін пайдаланылуы мүмкін.
- Белгісіз сілтемелерді ашқан кезде, компьютер бұзылып қалуы мүмкін.
- Мұның бәрі шындық.
3. Виртуалды әңгімелесуші кездесуді ұсынады, не істеуім керек?
- Ата-аналармен кеңесіп, олардың келісімінсіз ештеңе жасамау.
- Жалғыз кездесуге бармау.
- Досымды бірге шақыру
4. Интернетте заңмен тыйым салынады?
- Өзіңіз туралы ақпаратты жіберу.
- Өздерiнiң келiсiмiнсiз басқалардың ақпаратын беру.
- Жеке қолдануға арналған файлдарды көшіру.
5. Интернеттегі этикеттің ережелері бар ма?
- Интернет - бұл ережелерден бос орын.
- Ерекше жағдайларда.
- Иә, нақты өмірде болғандай.
Жауабы:
1 – 3;
2 – 3;
3 – 1;
4 – 2;
5 – 3.
Материалды қайталау үшін ойнауға ұсынылады.
«Дұрыс – бұрыс» ойынын өткізу.
Интернет туралы деректер экран бетінде көрсетіледі.
- Интернеттің көмегімен белгілі тұлғалар туралы ақпаратты таба аласыз.
- Интернет балаларға қауіп төндірмейді.
- Егер 1 000 000 теңге женімпазы деген хабарлар алсам, мен ұтысты ала аламын.
- Файлды жүктеген кезде, вирусымды компьютерге жүктей аламын.
Жауптары:
- Интернеттің көмегімен белгілі тұлғалар туралы ақпаратты таба аласыз. (дұрыс)
- Интернет балаларға қауіп төндірмейді. (Бұрыс)
- Егер 1 000 000 теңге женімпазы деген хабарлар алсам, мен ұтысты ала аламын. (Бұрыс)
- Файлды жүктеген кезде, вирусымды компьютерге жүктей аламын. (Дұрыс)
Практикалық тапсырма
1 тапсырма
- Firefox браузерін (немесе компьютерді орнатылған кез келген браузерді) іске қосыңыз.
- Мәтіндік редактор MS Word-ті (Блокнот) іске қосыңыз.
- «Интернет желісіндегі қауіпсіздік нұсқаулығы» мәтінің теріңіз. Келесі жолда «бірінші ереже» мәтінің теріңіз.
- Ақпаратты іздеу жүйесін ашыңыз.
- Келесі сұрақтардын жауабын іздеп табыңыз:
Сұрақтар | Жауаптары |
| |
| |
|
Жауабы
Сұрақтар | Жауаптары |
| Жеке мәліметтер: мекен жай, Т.А.Ж., телефон номері және басқа
|
| Бейтаныс адам жазған хабарлама туралы ата ананы хабардар ету, кездесуге өзін бармай ата-анаңды ертіп бару қажет |
| 15-20 минуттан артық емес |
Табылған ақпаратты кесте арқылы жұмыс үстеліне өз атыңызбен сақтап қойыңыз.
***2 тапсырма
Кестеге интернет арқылы жұмыс жасағанда орындалатын тағы екі ереже қосыңыз. Өзгерісті сақтаңыз.
Қалыптастырушы бағалау өткізу
1 тапсырма:
Компьютерлік программалардын түрін анықтаңыз.
1 | ||||
2 | ||||
3 |
Жауабы
1 | Іздестіру жүйесі | |||
2 | Браузер | |||
3 | Мәтіндік редактор |
Дескрипторлар
- 1 номерлі суретте ұсынылған программаны анықтайды
- 2 номерлі суретте ұсынылған программаны анықтайды
3 номерлі суретте ұсынылған программаны анықтайды
Әдебиеттер мен дереккөздер:
1) Информатика 5-6 кл. Начальный курс./ под ред. Н.В. Макаровой. – СПб: Питер, 2008.
2) Тур С.Н., Бокучава Т.П. Первые шаги в мире информатики. Методическое пособие для учителей 5-6 кл. – СПб: БХВ-Петербург, 2009.
3) Л.Л.Босова Информатика: Учебник для 5 класса ФГОС/ Л.Л. Босова, А.Ю. Босова.– М.:БИНОМ. Лаборатория знаний, 2013. – 184 с.:ил.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.