Түстер палитрасы. Информатика, 3 сынып, сабақ жоспары, 2 сабақ.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспарда қарастырылған бөлім:

3.3А Шығармашылық және компьютер

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:

Қатысқан оқушылар саны:

СЫНЫП: 3

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

 Түстер палитрасы 2 сабақ 2 нұсқа.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатың оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.2.1 қарапайым графикалық редактор құралдарын қолдану

3.2.4.2 арнайы тақырыпқа сай фотосуреттерді қолдану

3.2.2.2 нысанның сыртқы келбетін өзгерту (қию, бұру, өлшмін өзгерту)

3.1.2.2 компьютер программасында файлдарды ашу және сақтау командаларын қолдану.

Сабақтың мақсаттары

Оқушылар...

  •  Суретті өзгертуге арналған айналдыру, созу командаларын қолдану;
  •  Суретті қиып өлшемін өзгерту
  •  Суретті бояу
  •  Геометриялық фигуралар қолданып сурет салу

Бағалау критерийлері

 - «Түс таңдау» құралын қолданады;

 - түстер палитрасына түстер қосады;

 - үлгі бойынша суретті бояйды;

 - түстер палитрасының негізгі және қосымша тустерін өзгертеді.

Тілдік мақсаттар

 Оқушылар...

 Компьютер суретін салу кезеңдерін түсіндіреді, графикалық редактор құралдарының тағайындалуын сипаттайды

 Графикалық нысандардың сырт келбетін өзгертетін және нысандар құруға графикалық редакторды қолдану

 Пәндік лексика және терминалогия:

 Палитра, түс таңдау.

 Диалог/жазуға арналған пайдалы сөз тіркестер:

  •  Палитраға түсті қосу үшін ...
  •   Негізгі түсті таңдап алу үшін …
  •  Қосымша түсті таңдап алу үшін….

Құндылықтарды дарыту

 Өзіне және басқаларға құрмет пен ынтымақтастыққа үйрету, өзіндік жұмыс арқылы- академиялық адалдық, оқушылар сабақтын мақсатымен қойылатын талаптарын болжап атайды ашықтық.

Пәнаралық байланыс

Өнер

Қазақ тілі/әдебиет

АКТ қолдану дағдылары

4 Бөлім оқып меңгерген кезде оқушылар графикалық редактормен жұмыс жасаған.

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылардың Paint редакторында суретті құру және өңдеу практикалық дағдылары қалыптасқан

Жоспар

Сабақ кезеңдері мен жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

4 мин

6 мин

  •  Ұйымдастыру кезені

 Сыныптағы оқушылардың қатысымын тексеру. Әрбір оқушы бір-біріне жылылық сыйлау арқылы амандасып психологиялық ахуал тудырады.

 Нұсқаулық: (оқушылар қимыл-қозғалыстар арқылы жаттығуды жасайды).

 Көршіңді оң жақтан құшақта,

 Көршіңді сол жақтан құшақта.

 Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,

 Сол жақтағы көршіңе бір жымиып,

 Бүгінгі сабақты,

 Біз үлкен отбасы- деп бастайық

  Миға шабуыл.

 Бар ойынды жиямын,

 Ақ қағазды бояймын .   (Бояу)

 Қабы сояу,

 Дiнi – бояу. (Қарындаш)

 Қылқалам,

 Сонымен балалар бұдан басқа тағы қандай құралдар бар?

 Палитра дегеніміз не?

  Палитра дегеніміз бұл бірнеше түстерді араластыратын құрал. (Өнер)

 2 Мақсатты тұжырымдау

  •  Сіздің ойыңызша, бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай? (оқушылар өз жауаптарын береді).

 Сабақтын тақырыбы мен сабақ мақсаты түсіндіріліп, оқушылар жаңа сабақтың атын дәптерге жазады.

Сабақтың ортасы

10 минут

15 минут

5 мин

 Ал балалар сурет салуда біз қандай құралдарды пайдаланамыз?

 Компьютерде берілген суреттерді бояу үшін қандай құрылғы қолданамыз?

 3 Жаңа тақырып

 Түс тандаудағы басты талаптар

 

 

 

 Фонның және бояу кезінде түстерді таңдауда түстердің агрессивтік сәйкестігін болдырмау:

 қызыл-жасыл

 көк-сар

 ақ–қара

 қызыл – көк 

 4. Сергіту сәті

 Жаттығу жасау.

 Орнымыздан тұрамыз.

 Қолымызды иық деңгейіне қойып, алға-артқа айналдырамыз 2 рет

 Басымызды оңнан-солға, солдан-оңға айналдырамыз 2 рет

 Көзімізді ашып - жұмамыз

 Көзімізді шеңбер бойымен айналдырамыз 2 рет

 Қолымызды алға созып, кейін төбеге, белге, қайта орнына қоямыз 2 рет

 5. Практикалық жұмыс

  •  Тапсырма
  •  Paint графиктік бағдарламасын іске қосу.
  •  Үшбұрыш, төртбұрыш, қисық сызық, эллипс құралдарын пайдаланып, әртүрлі 5 сурет салу.
  •  Бояу тақтасын пайдалану. 

 *2 Тапсырма

 Paint графиктік программасында жұмбақтың жауабын тауып, суретін салу және бояу.

 Сары қозы, көк қозы,

 Қарындары тоқ қозы.

 Күздігүні көп қозы,

 Қыстыгүні жоқ қозы. (Қауын-қарбыз)

 Тақия, мұрын, бір құлағы бар,

 Самаурын қасында тұрағы бар. (Шәйнек)

 Салынған суретке ат беріп, сақтау

  •  ** Тапсырма

 Мақсаты: өлеңге иллюстрация жасау. Қыс суреті

 Жапалақтап аулада,

 Тұрды таза ұлпа қар.

 Қызықтайды бар бала,

 Шақырады қырқалар.

 Қарашы аппақ далаға

 Жылынсын деп денеміз.

 Отырып ап шанаға,

 Біз сырғанақ тебеміз

 Дескриптірлер

 - сурет салуда әртүрлі құралдарды пайдаланады.

 - суретті түстер палитрасын пайдаланып бояйды;

 - файлды мәзір командасы арқылы сақтап қояды.

 Оқушылар практикалық жұмысты орындауға кіріседі.

 Саралау мақсатында тапсырмалар өсу ретімен күрделенеді.

 Дескрипторлар арқылы өзара бағалау.

 Дескрипторлар арқылы оқушылар жұптасып бір бірінің жұмыстарын бағалайды

 

 Қалыптастыру бағалау

 Paint графиктік программасында жиегі басқа түспен фигура көрсетілген.

  •  Тінтуірдің оң жақ батырмасы арқылы қандай түс таңдалды? (қызыл, көк, жасыл, сары, қара, ақ, қоңыр, қызғылт-сары)

 

 

  •  Тінтуірдің сол жақ батырмасы арқылы қандай түс таңдалды? (қызыл, көк, жасыл, сары, қара, ақ, қоңыр, қызғылт-сары)

 

 

 Бөлім бойынша жиынтық бағалау

Сабақтың соңы

38-40 минут

  Рефлексия «Бағдаршам»

 

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Практикалық тапсырма орындау кезіңде саралау шығармашылықтың кезеңі бойынша іске асады: тапсырмалар өсу ретінде берілген. Тапсырманы орындаған жағдайда мұғалім сұрақтар арқылы немесе нұсқау картасында қадам бойынша алгоритм қолданып қолдау көрсетеді.

Оқушылардың барлығы:

  •  Геометриялық фигура қолданып сурет салады.

Оқушылардың көбісі:

  •  Жұмбақтын шешімін табуып суреттін салып бояйды;

Кейбір оқушылар

  •  өлеңге иллюстрация жасайды суретті бояйды.

Бағалау сабақтың әр кезеңіңде жүзеге асырылады:

- қиындықтарды анықтап қолдау мақсатында оқушылардың жауптарын қадағалау (жұптық жұмыс).

- теориалық материалды түсіну кезеңінде интерактивті тапсырмаларды бағалау үшін қолдану;

- практикалық жұмысты орындау кезіңде бағалау дескрипторлар арқылы жұптасып орындалады.

- өз-өзінің жұмысын бағалау мақсатында, кері байланыс түрінде сабақтың соңында, оқушылар өз жұмыстарын бағалайды, жетістіктері мен қиындықтарын талдайды.

Оқушылардың белсенділігін арттыру үшін сабақ барысында топтық жұмыс, сергіту сәті қарастырылған.

Компьютермен жұмыс жасап отырған кезде оқушылар дене мүсіні дұрыс болуына, көзбен монитор экранының ара қашықтығына көңіл аударып, жағымсыз ситуациялар пайда болған жағдайда мұғалімге хабарлайды.

Практикалық жұмыс орындаған кезде «Дүниетану» пәнімен байланысады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу