Қайталанатын үзінділер. Информатика, 3 сынып, қосымша материал.
Сынып: 3
5 Бөлім: Шығармашылық және компьютер.
«Қайталанатын үзінділер» сабағына әдістемелік нұсқаулық
Сабақтын мақсаты:
- Графикалық редактордың мәзір командалары арқылы жұмыс жасайды (нысандарды қиып алу, бұру, өлшемін өзгерту).
- Нысандармен жұмыс жасау кезінде әрекеттердің кезектілігін сипаттайды.
Оқу мақсаты:
3.2.2.1 қарапайым графикалық редактор құралдарын қолдану
3.1.2.4 компьютерлік программаларда мәзір командаларын қолдану
Сабақтын түрі: практикалық жұмыс. Бұл сабақ бөлім бойынша екінші сабақ болып табылады. Өткен сабақта оқушылар графикалық редактормен танысып сол редакторда құрал саймандарды қолданып сурет салу дағдылары қалыптасқан. Осы сабақта осыған дейін меңгерілген білім қолданылады Оқушылар файлдарды ашып жабады, компьютердің құрылғыларымен жұмыс жасайды (тінтуір, пернетақта), графикалық редакторда сурет салады.
Осы сабақта оқушылар оюлармен жұмыс жасайды
Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында оқушыларға ою салынған кеспе қағаз таратылып, суретті жалғастырып салуы ұсынылады.
Сабақтың басында мұғалімге үлестірме материалдар дайындауға кеңес:
- Практикалық тапсырма
- Кеспе қағаздар.
Сабақтың әр кезеңінен кейін оқушылар сабақтан алынған білімін айқындап және терминологияны ерекше атап өтуге тиіс.
Жас ерекшеліктеріне қарай, оқушылардың шаршағаның басу үшін сабақтың ортасыңда сергіту сәтің өткізу ұсынылады. Сергіту сәтің орындаған кезде мұғалім оқушылармен бірге орындауы қажет.
Практикалық бөлікті өткізу
Практикалық жұмыс
Оқушылармен компьютерде жұмыс жасау кезінде орындалатын ережелерге нұсқаулық беріледі.
Практикалық жұмыс орындамас бұрын, оқушылармен сурет салу үдерісінің іс әрекеттерін талқылаңыз.
Ең күрделі жағдаяттарға назар аударыңыз. Вогон суреттерін салған кезде не өзгеріп отыратынына назар аударыңыз. Дәптерлеріне сурет салудың негізгі этаптарын жазу қажет.
Мұғалім паровозбен вагондардың салу үрдісін көрсетеді, оқушылар ілегісіп реті бойынша сретті компьютерде салады.
Дескриптірлерді талқылау:
- «Бөліп алу» тобының батырмасын қолданды;
- Бөліп алудың әр түрлі формасы қолданылды: «Тік төртбұрыш арқылы бөліп алу», «Еркін бөліп алу»;
- бөліп алу параметрлерін қолданды «Фон арқылы», «Фонсыз»;
- үзінділерді жылжыту арқылы сурет құрастырады.
Ұсынылған тізімді тағы да қандай дескрипторлармен толықтыруға болатының оқушылармен талқыланыз. Мысалы, «ұқыпты орындау» және т.б.
Оқушылар практикалық жұмысты орындауға кіріседі.
Саралау мақсатында тапсырмалар өсу ретімен күрделенеді.
Дескрипторлар арқылы өзара бағалау.
Алдын ала құрастырылған дескрипторлар арқылы оқушылар жұптасып бір бірінің жұмыстарын бағалайды.
Әдебиеттер мен дереккөздер:
- https://www.youtube.com/watch?v=wRqT6XGgZHo Үзіндіні көшіруге арналған бейне
- https://es.dhgate.com/product/cushion-cover-cotton-linen-black-and-white/388572312.html
- http://www.slovoart.ru/node/1120
- http://ethnoboho.ru/slavyanskiy/drevnie-sekrety-russkogo-narodnogo-ornamenta.html
- http://fromtundra.ru/?p=2491
- http://xn----7sbbfb7a7aej.xn--p1ai/informatika_06_fgos/informatika_materialy_zanytii_06_05_fgos.html
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру