Құрылыс сызбаларының элементтері. Графика және жобалау, 11 сынып, дидактикалық материал, 15 сабақ.
Құрылыс сызбаларының элементтері
Дидактикалық материял
Тұрғын үйлер мен құрылыстарды құрылыс сызбаларын пайдалана отырып салады.Қай құрылыстың болса да алғашқы кезеңі жобалық тапсырманы жасау
болып табылады. Содан кейін жұмыс сызбалары толық сызылады.
Толық план. Жұмыс сызбаларының құрамына үйлер мен құрылыстарды жер учаскесіне орналастыру планы кіреді, мұны толық план деп атайды. Онда, үйлер мен құрылыстардан өзге, көлік жүретін жолдар,жас көшеттер, учаскенің шекаралары және тағы да басқалар көрсетіледі. Алдарынызда мектептің толық планы көрсетілген, оның үлгілік жобасыда берілген.
Толық планда учаскенің әлем тараптарына қатысты қалпын С (солтүстік) және О (оңтүстік) әріптері қойылған стрелкалардың көмегімен көрсетеді. Құрылыстар толық планға контурлар түріндегі схемамен түсіріледі.
Құрылыс сызбаларындағы негізгі кескіндер фасат,план,тілік деп аталады.
Фасат – үйдің сырт жағының кескіні. Уйдің фасадында терезелер мен есіктердің орналасуы, сондай – ақ үйдің архитектуралық детальдары да көрсетіледі.Бұл кескіндерде ерекше жағдайларда қойылатын белгілерден өзге егер олар пландар мен тіліктерде анықталмай қалса, өлшемдер әдетте түсірілмейді. Белгі деп нөлдік жазықтықтан жоғары жатқан горизонталь алаңның биіктігіне көрсететін санды айтады.
Пландарда бөлмелердің , сонымен бірге басқыш қапастарының өзара орналасуы, олардың пішіндері мен өлшемдері, тереземен есіктердің орындары, қабырғалары мен бөлме аралықтарының қалындығы, бағаналардың орындары мен өлшемдері көрсетіледі.
Пландарға санитарлық – техникалық жабдықтардың ,кейде тұрмыстық жабдықтардың да кескіні түсіріледі.Үйдің ені мен ұзындығы, қабырға мен бағаналар осьтерінің ара қашықтығы, терезе мен есік қондырылатын ойындылардың және аралық қабырғаның өлшемдері де планға түсіріледі . Сонымен бірге, бөлменің ауданы кв. м есебімен асты сызылған цифрмен көрсетіледі.
Үйлердің өлшемдері үлкен болғандықтан,құрылыс сызбаларында кішірейту масштабтары қолданылады, олар: 1:100,1:200,1:400. Шағын үйлер үшін және
фасадтар үшін 1:50 масштабы қолданылады.Мұндай масштаб үйдің фасадындағы архитектуралық детальдарды айқындауға мүмкіндік береді. Әр түрлі кескіннің масштабы әр қилы бола алатындықтан,оны әдетте әрбір кескінің жанына жазып қояды.
Құрылыс сызбаларында өлшемдер миллиметр есебімен,кейде үйлердің сызбаларында сантиметр есебімен, толық планда биіктік белгілері мен өлшемдер метрмен көрсетіледі.
Пландарда өлшемдер әдетте оның сырт жағынан үш қатар етіп қойылады. Бірінші қатарға терезе мен есік қондырылатын ойындылардың және аралық қабырғалардың
өлшемдері толық тізбек бойына түсіріледі. Екінші қатарға әрбір іргелес екі қос осьтердің арасындағы өлшемдер тұйық тізбек бойына түсіріледі. Үшінші қатарға шеткі осьтердің арасындағы жалпы өлшемдер түсіріледі.Мұнымен бірге, бөлменің ішкі өлшемдері де: ұзындығы, ені түсіріледі.
Құрылыс сызбаларында үйдің жеке элементтері мыналар: терезе мен есік қондырылытын ойындылар, басқыш және ішкі жабдықтардың детальдары санитарлық – техникалық құрылыстар, жылыту құрылығылары. Шартты графикалық белгілермен көрсетіледі .
Терезелер мен есіктер қондыратын ойындылардың үйдің тіліктері
мен пландарындағы шартты графикалық белгілеулері мен көрнекі кескіндері келтірілген.Осы суреттен тіліктерде қабырғалардың тұтас негізгі сызықтармен, терезе қондырылатын ойындылардың жіңішке тұтас сызықтармен кескінделетінің көреміз. Есік қондыры-латын ойындылардың орыны планда сызықпен көрсетіледі, бірақ есіктің өзі және ашылатын бағыттары көрсетіледі.
Вертикаль тіліктерде есік қондырылатын ойындылардың орынына жіңішке сызықтар жүргізіледі.Қабырғалардың үзіктері ирек жіңішке сызықтармен көрсетіледі.
Стрелкасы бар сызық басқыш маршының көтерілуі бағытын көрсетеді.Бұл сызық қабат алаңының кескіндерінде орналасқан дөңгелекшеден басталады.
Барлық шартты кескіндер жіңішке сызықпен айналдыра сызылады. Олар берілген сызба үшін, қабылданған масштаб бойынша орындалады.
Үйдің негізгі бөліктері мыналар: Іргетас (фундамент),қабырғалар, еден, төбе, қабырғалық жабындылар, шатыр және басқыштар, терезелер және есіктер.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.