Проекциялаудың негізгі әдістері. Графика және жобалау, 10 сынып, дидактикалық материал.
Проекциялаудың элементтерін төмендегілерден көруге болады (сурет 1):
- проециялау орталығы – проециялау жүргізілетін нүкте;
- проециялаудың нысаны - бейнеленетін нысан;
- проекция жазықтығы – проецияланатын жазықтық;
- проецияланатын жарық сәулелері – проециялау арқылы шыққан түзу сызықтар.
Сурет 1. Проециялаудың элементтері
Егер затта жазықтыққа кескіндеген кезде проекциялаушы сәулелер бір нүктеден тарайтын болса, онда мұндай әдісті орталық проекциялау деп атайды.
Сурет 2. а – орталық; 6 – параллель қиғаш бұрыштан; в – параллель тік бұрыштан.
Сызуда параллель проекциялауды да қолданады. Параллель проекциялаудың орындалуы орталық проекциялауға қарағанда жеңіл.
Проекциялау бағыты проекциялар жазықтығына перпендикуляр болатын параллель проекциялардың жеке түрін тік бұрыштап проекциялау дейді. (рис. 2).
Тік бұрыштап проекциялауды ортогональді (грек сөзінен "orthos" – тік и "gonia" – бұрыш) деп те атайды.
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру