Сфера теңдеуі. Геометрия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

10.3В Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі және векторлар

Мектеп:

Күні:

Мұғалім аты-жөні:

Тақырыбы:

Сфера теңдеуі

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу бағдарламасына сілтеме

10.4.10 - сфера теңдеуін білу және оны есептер шығаруда қолдану

Сабақтың оқу мақсаттары

Радиусы мен центрі арқылы сфераның канондық теңдеуін жаза білу;

Сфераның теңдеуін центрі мен сфера бойындағы нүкте арқылы құра білу;

Сфераның теңдеуін диаметрдің екі шеткі нүктелері арқылы құра білу;

Сфераның жалпы теңдеуінен радиусы мен центрін таба білу;

Радиусы мен жанасу жазықтығы арқылы сфера теңдеуін құра білу.

Тілдік мақсаттар

Тілдік мақсаттарды, лексика мен тіркес мысалдарын қоса анықтаңыз

Оқушылар: сфера анықтамасын, сфераның элементтерін, теңдеуін, қасиеттерін, қолданылуын ауызша баяндайтын болады.

Пәндік лексика және терминология:

Сфера, радиус, центр, сфера теңдеуі

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Сфера

Сфера

Sphere

радиус

радиус

Radius

центр

центр

Center

канондық теңдеуі

Каноническое уравнение

Standard equation

Жалпы теңдеу

Общее уравнение

General equation

Диаметр

Диаметр

Diameter

Жанасу жазықтығы

Плоскость касания

Plane of tangent

Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері :

Сфера дегеніміз....Сфераның теңдеуі:..

Сфера теңдеуінен радиусты анықтау үшін.....

Бағалау

критерийлері:

Сфераның теңдеуінен центрі мен радиусын анықтай алады;

Сфераның теңдеуін есеп шығаруда қолдана алады.

Құндылықтарды дарыту

-өзінің әрекеттеріне деген жауапкершілікті өзіне жүктейді;

- өзінің мүмкіндіктері мен шектеулерін түсінеді;

-бірлесе жұмыс жасауға ынта танытады;

Пәнаралық байланыстар:

Физика мен механика, информатика, география пәндері. Өмірмен байланыстыру.

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Сфера анықтамасын біледі. Сфераның теңдеуін жаза алады.

Концепт

Ғылым және инновация

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақта орындалатын іс-әрекеттер

Сабақ ресурстары

Сабақтың басы

5 минут

І. Ұйымдастыру

ІІ. Оқушыларды сабақ тақырыбымен, оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарымен таныстыру, бірлесіп сабақ мақсаттарын қою

ІІІ. Тілдік мақсаттарға назар аудару. Оқушыларға кестедегі тақырыпқа байланысты терминдерді орысша, ағылшынша оқуды ұсыну.

Қайталау сұрақтары:

Қандай айналу денелерін білесіздер?

Суреттегі қай фигуралар сфера болып табылады?

Шеңбер дегеніміз не? / Жазықтықтағы бір нүктеден бірдей қашықтықта орналасқан нүктелер жиыны

-Яғни, сфера дегеніміз не?/ Кеңістіктегі бір нүктеден бірдей қашықтықта орналасқан нүктелер жиыны

-Шеңбер теңдеуін жазу үшін нені білу қажет? / оның радиусы мен центрін

-Сфера теңдеуін жазу үшін нені білу қажет? / оның радиусы мен центрін

-Жалпы теңдеуі арқылы радиус пен центрді қалай табуға болады? / екі мүшенің айырымының квадраттарын жіктеу арқылы

-Сфера кеңістіктегі декарттық координаталар жүйесіне қатысты қалай орналасуы мүмкін? / жанасып орналасуы мүмкін

Өмірде сфераға мысал келтіріңіздер / глобус, бәйтеректің төбесі, доп және т.б.

1-4 слайдтар

5 cлайд

4. Терминологический словарь по математике. Астана, 2008

6 -7 слайд

9 cлайд

10 слайд

Cабақтың

ортасы

35 минут

Есептер шығару

Жұптық жұмыс. 15 мин

Оқушыларға сфера теңдеуіне байланысты есеп шығару дағдыларын жетілдіру. Оқушылар берілген тапсырмаларды орындайды. Сосын жұптар шешу жолын түсіндіреді. Бағалау критерийлеріне қарап, өзін-өзі бағалайды.

1. АВ кесіндісіне тиісті А және В нүктелері центрі О болатын сферада жатыр, ал Е нүктесі АВ кесіндісінде жатыр. Егер Е нүктесі АВ кесіндісінің ортасы болса, онда ОЕ АВ екенін дәлелдеңіз.

2. К нүктесі АВ кесіндісінің ортасы, оның ұшы центрі О, радиусы R болатын сферада жатыр.

Егер R = 50 см, АВ = 40 см болса, ОК табыңыз

Жеке жұмыс. 5 мин

Оқушылар cлайдта берілген ауызша тапсырмаларды орындайды. Мұғалім жауаптарын тыңдайды, қадағалайды, белсенділік көрсеткен оқушыларды мадақтайды.

Деңгейлік тапсырмалар. 10 мин

1.

теңдеуі берілген. А нүктесі сфераға тиісті ме?

егер: а) А(5;-2;6)

б) А(-5;2;6)

2. Егер А(-2;2;0); N(5;0;-1) болса, центрі А және N нүктесі арқылы өтетін сфераның теңдеуін жазыңыз.

3. Берілген теңдеулердің сфера теңдеуі екенін дәлелдеңіз. Олардың центрі мен радиусын табыңыз:

а)

в)

Сабақты бекіту: 5 минут

Ағылшын тілінде тапсырмалар беріледі.

Топтық жұмыс / Work in group

G1.Find radius of the sphere with center

C(-2; 0; 2) which passes through the point

P(-1; 1; 1)

G2. The sphere

(x-2)2+(y+2)2+(z-3)2=45 and the point A(2; 4; 6) are given.

a)Show that A lies on the sphere

b)If [AB] diameter of the sphere, find the coordinates of point B.

G3. The point A(1; -1; 1) lies on the sphere defined by

x2+y2+z2-dx - 6y - 8z+1=0. Find the center C and the radius r of this sphere.

Презентация

1 қосымша

11,12 слайд

13, 14 слайд

15, 16 слайд

2 қосымша

3 қосымша

1.Coskun Erden. Vectors and analytic geometry in space. 2007

5. Larson Edwards. Calculus. 2010

Сабақтың

соңы

5 минут

Үйге тапсырма. Ә.Н. Шыныбеков. Геометрия 10 класс №449, №452,456

- Бүгінгі сабақ тақырыбы қандай?

- Сабақ мақсаты қандай?

- Сабақ мақсатына жетті ме?

- Бүгінгі сабақтан нені үйрендіңдер?

Кері байланыс

3. Апеева Г.К., Борамбаева Г.Е., Жампеисова Г.Д., Кожахметова Г.Б., Нурсеитова З.Р., Таганов Б.С.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау сабақтың барлық кезеңдерінде: оқушылардың ауызша жауап беруінде , есептер шығаруда, өздігімен есептер шығаруда, сабақты қорытындылау кезінде өткізіледі.

Мұғалім қалыптастырушы бағалауды ауызша жауап беруде, есептер шығаруда, өзіндік жұмыс орындау кезінде жүргізе алады.

Бөлмені желдету, таза ауа. Сыныпта жақсы жұмысқа бейімдейтін психологиялық климат орнату

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік /қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Қосымшалар

1 қосымша

Жұптық жұмыс

1. АВ кесіндісіне тиісті А және В нүктелері центрі О болатын сферада жатыр, ал Е нүктесі АВ кесіндісінде жатыр. Егер Е нүктесі АВ кесіндісінің ортасы болса, онда ОЕ АВ екенін дәлелдеңіз.

2. К нүктесі АВ кесіндісінің ортасы, оның ұшы центрі О, радиусы R болатын сферада жатыр.

Егер R = 50 см, АВ = 40 см болса, ОК табыңыз.

3 қосымша

Топтық жұмыс / Work in group

G1. Find radius of the sphere with center

C(-2; 0; 2) which passes through the point

P(-1; 1; 1)

G2. The sphere

(x-2)2+(y+2)2+(z-3)2=45 and the point A(2; 4; 6) are given.

a) Show that A lies on the sphere

b) If [AB] diameter of the sphere, find the coordinates of point B.

G3. The point A(1; -1; 1) lies on the sphere defined by

x2+y2+z2-dx - 6y - 8z+1=0. Find the center C and the radius r of this sphere.

2 қосымша

Дифференцация / Differentiation

1.

теңдеуі берілген. А нүктесі сфераға тиісті ме?

егер: а) А(5; -2;6)

б) А(-5; 2;6)

2. Егер А(-2; 2; 0); N(5; 0; -1) болса, центрі А және N нүктесі арқылы өтетін сфераның теңдеуін жазыңыз.

3. Берілген теңдеулердің сфера теңдеулері екенін дәлелдеңіз. Олардың центрі мен радиусын табыңыз:

а)

в)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.