Шеңбердің теңдеуі. Геометрия, 8 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

8.4В бөлім: Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы: Шеңбердің теңдеуі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.3.17 центрі (a,b) нүктесі және радиусы r болатын шеңбердің теңдеуін біледі: ;

8.1.3.18 берілген теңдеуі бойынша шеңберді салады

 Сабақ мақсаттары

Оқушы:

  • центрі (a,b) нүктесі және радиусы r болатын шеңбердің теңдеуін біледі:
  • берілген теңдеуі бойынша шеңберді салады

 Бағалау критерийлері

  • Центрі мен радиусын біле отырып, координаталар жазықтығында шеңбер сала аламын.
  • Центрі мен радиуысын біле отырып, шеңбердің теңдеуін жаза аламын.
  • Теңдеуден шеңбердің центрін және радиуысын қалай анықтайтынымызды түсіндіре аламын.
  • Квадрат түрінде берілген шеңбердің теңдеуін анықтай аламын.
  • Жалпы түрде берілген шеңбердің теңдеуін тани аламын
  • Мен берілген теңдеу бойынша Geogebra бағдарламасында шеңбер сала аламын

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • шебердің теңдеулерін құру қадамдарын сипаттайды;

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі;
  • фигураның теңдеуі;
  • кесінді ортасының координаталары;
  • екі нүктенің арақашықтығының формуласы;
  • шеңбердің теңдеуі;
  • түзудің теңдеуі;
  • шеңбер центрі;

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • А(х;у) нүктесінің координаталарын табамыз …;
  • ... нүктесі .... кесіндісінің ортасы болып табылады, сондықтан ....;
  • ... нүктесінің координаталарын біле отырып, ... координаталарын табамыз;
  • осыдан ...дейінгі қашықтықтарын теңестіргенде ... аламыз;
  • центрі....нүктесі және радиусы ...шеңбердің теңдеуін құрамыз;
  • ... нүктелері арқылы өтетін түзудің теңдеуін құрамыз;
  • нүкте түзуде жатыр, яғни оның координаталары ... теңдеуін қанағаттандырады.

 Құндылықтарды дарыту

 

Құндылықтарды дарыту топпен, жұппен жұмыс жасау арқылы жүзеге асады. Сыныптастардың бірлесіп проблема шешу, басқалардың ойын тыңдау, санасу, қадірлеу сияқты дағдыларының қалыптасуына ықпал ету.

 Пәнаралық байланыстар

Физика, сызу

 АКТ қолдану дағдылары

Презентация,Bilimland.kz сайты

Бастапқы білім

  • жазықтықтағы екі нүктенің арақашықтығын олардың координаталары, кесінді ортасының координаталарын анықтайды;
  • кесіндіні берілген қатынаста бөлетін нүктенің координаталарын анықтайды;

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа жағымды орта қалыптастыру.

Үй тапсырмасын тексеру. Үйге берілген тапсырмаларды тексеру. Оқушылар көршілес оқушымен дәптерлерін алмасып, үй жұмысын өзара тексеріп шығады.

Қызығушылықтарын ояту

Сабақтың ортасы

7 мин

5 мин

10 мин

7 мин

5 мин

Жаңа білімді меңгерту. 

1 қадам: Білу және түсіну

Жаңа мәлімет экраннан презентация арқылы түсіндіріледі. Оқушылардың сұрақтарына жауап беру.

Практикалық бөлім.

Оқушыларға презентацияда бейнеленген материалды ауызша сұрастыру қажет.

9 слайд арқылы оқушылардың теңдеуін құрастыруды сұрау.

Есептің нәтижелері экранға шығарылады. Сыни тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту іс жүзінде көрініс алу қажет.

2 қадам: Қолдану

Топтық тапсырма. 3 топқа бөліп, оқушыларға деңгейлік тапсырмалар тарату. Әр топта 3 тапсырма бар. Жысыл түсте – қарапайым деңгейлі, Сары түсте – орташа деңгейлі, қызыл түсте – жоғары деңгейлі тапсырмалар. Тобыңызбен ақылдасып, бір деңгейді таңдап, жауаптарыңызды жазасыздар. Тапсырма соңында өз жауаптарыңызды басқа топпен алмасып, дұрыс жауап парағымен бір-біріңізді тексересіздер.

Әр топ өз жұмыстарынының қорытындысын ортаға салып талдайды. Уақытты үнемдеу үшін әрбір топқа дайын күйінде кеспе парағы беріледі. Оқушылар осы кеспе парақтарын толтырады. Қажет кезде мұғалім қосымшалар мен түзетулер енгізеді.Топтық бағалау жүзеге асады. Бағалау парағы бойынша топтар бірін-бірі бағалайды.

Оқушылардың жауаптары әр түрлі болуы мүмкін. Бірақ бұл жерде маңыздысы оқушылардың өз шешімдері үшін негіздемесінің бар болуы.

Топта өз ойларын білдіріп, бөлісу. Ақырында ортақ шешімге келуі.

3 қадам: Талдау

Презентациядан және қосымша 1-ден тапсырмалар арқылы сабақты бекіту.

Бекіту.

Қалыптастырушы бағалау жұмысы

1-тапсырма:

Егер АВ– шеңбер диаметрі болса, онда оның центрінің координаталары мен радиусының ұзындығын табыңдар.

2-тапсырма:

Центрі координаталар басы болатын К(-12;5) нүктесі арқылы өтетін шеңбер теңдеуін құрыңдар.

3-тапсырма:

Центрі А(3;2) нүктесі болатын, В(7;5) нүктесі арқылы өтетін шеңбер теңдеуін құрыңдар.

4-тапсырма:

(х + 3)2 + (у − 4)2 =25 теңдеуімен берілген шеңбердің бойында А(1; -1), В(0;8), С(-3; -1) нүктелері жата ма, жоқ па тексеріңдер.

Қалыптастырушы жұмыс біткен соң оқушыларды бағалау.

Слайд 1-5

Слайд 6-8

Слайд 9

Слайд 10-14

Деңгейлік тапсырмалар

Слайд 15-18

Слайд 19-20

Қосымша 3

Қорытындылау:

1 мин

Рефлексия

2 мин

Үй тапсырмасы

Өзіндік бағалау.

«Білімнің басы бейнет, соңы зейнет»

Бүгінгі сабақта …

а) Бүгінгі жұмысыма ризамын, менде барлығы дұрыс болды.

б) Менде қателер болды, бірақ мен өз ісіме ризамын.

в) Мен теориялықматериалдыбілемін, бірақ мен практикалықжұмыстақиналдым.

г) Мағанқиынжәнетүсініксізболды.

Қосымша 1 мен 2 нің қалған есептері

Слайд 21-22

Қосымша 3

Қосымша 1-2

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

1. Қабілеті жоғары оқушыларды қабілеті төмен оқушылармен бірге бірлесе отырып топтық жұмыс жасайды. Олар көмек көрсету арқылы олардың жинақталуына септігін тигізіп, оқуға тарта алады. Топқа қойылатын талап бойынша әр топ шығарған есепті қалай шығарғанын басқа топ алдында қорғайды және әрбір топ мүшесінің өзіндік рөлі болу керек.

2. Әрбір оқушыны назардар тыс қалдырмай жеке қадір-қасиетін сезіну үшін іс-әрекетіне қарай мадақтау алады.

Оқушы өзін-өзі бағалау арқылы неге жеткенін және неге әлі қол жеткізу керектігін бағалап отырады.

Ойлауды сезінуді дамытатын материалдар. Оқушылардың өзара әрекеттесу мәдениетін қалыптастыру, кездескен қиын және күрделі жағдайларда оқушы өзін бірқалыпты ұстануға көмектеседі

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.