Кеңістіктегі түзулердің арасындағы бұрыш. Геометрия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Математика пәні бойынша ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ

«Келісілді»

ӘБ жетекшісі

Мектеп:

Мұғалім: Қалдыбаева А.Н.

Күні:

Сынып 10

Бөлім

10.2А Кеңістіктегі бұрыш. Кеңістіктегі арақашықтық

Сабақтың тақырыбы

Кеңістіктегі түзулердің арасындағы бұрыш

Оқу мақсаттары

10.2.6 Кеңістіктегі екі түзу арасындағы бұрыш анықтамасын білу;

Сабақтың мақсаты

1. Кеңістіктегі түзулердің арасындағы бұрыш анықтамасымен танысады;

2. Сызбада түзулердің арасындағы бұрышты көрсетеді;

3. Қарапайым жағдайларда түзулердің арасындағы бұрышты анықтайды.

Бағалау критерийлері

  • 1. Кеңістіктегі түзулердің арасындағы бұрыштың анықтамасын тұжырымдайды;
  • 2. Кеңістіктегі түзулердің арасындағы бұрышты анықтау әдістерін тұжырымдайды;
  • 3.Қарапайым жағдайларда түзулердің арасындағы бұрышты анықтайды.

 Тілдік мақсаттар

Бөлім бойынша лексика мен терминология

- түзу, жазықтық, асқас түзулер, бұрыш, параллель түзулер, қиылысушы түзулер

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

- кеңістіктегі екі түзудің арасындағы бұрыш деп ...;

- түзуді параллель көшіреміз;

- түзудің жазықтыққа проециясы;

Пәнаралық байланыс

физика

 Алдыңғы білім

Планиметриядағы нүктелер мен түзулер геометриясы, кеңістікте түзулердің өзара орналасуы

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңі

Сабақтағы жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

Мақсат қою

3 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

Сыныпты топқа бөлу (әр топта 3-4 оқушы).

Сабақтың мақсатымен, бағалау критерийлерімен таныстыру.

Жаңа материалды игеру

20 минут

Жаңа материалды бекіту

15 мин

Өтілген материалды қайталау және ой қозғау мақсатында келесі сұрақтарды қою:

1.Кеңістікте түзулер өзара қалай орналасуы мүмкін?

2.Кеңістіктегі түзулердің арасындағы бұрыш деп нені түсінесіздер?

3.Екі түзу қиылысқанда пайда болған төрт бұрыштың қайсысын екі түзудің арасындағы бұрыш деп айтамыз?

4.Түзулер айқас болса, олардың арасындағы бұрышты табуға болады ма?

Сабақтың мазмұнын оқушылардың өздеріне аштыру мақсатында барлық топқа Тапсырма 1, 2 беру (Қосымша 1). Оқушыларға жұмыстың нәтижесі әр топқа сұрақ қою арқылы қорытындыланатынын ескертіп айту. Мұғалім оқушылардың жұмыстарын бақылайды, қажет жағдайда кері байланыс, бағыт-бағдар береді.

Тапсырма 1. Сызбада көрсетілген түзулердің арасындағы бұрышты анықтаңдар (көпжақтардың барлық қырлары 1-ге тең )

Тапсырма 2.

Сұрақ: түзулердің арасындағы бұрышты қалай анықтадыңыздар?

Тапсырма: Кеңістіктегі екі түзудің арасындағы бұрышты табу алгоритмін құрастырыңыздар.

Фронтальді жұмыс. 1-тапсырманың жауабын оқушыларға ауызша айтқызу арқылы тексеру және әрқайсысының анықталу жолына тоқталып өту, дайын презентацияда көрсету (Слайд 2-8). Жаңа тақырыптың мазмұнын ашу және оқушылардың жұмысын қорытындылау мақсатында оқушыларға сұрақтар қоя отырып кеңістіктегі екі түзу арасындағы бұрыштың анықтамасын, бұрыш қалай анықталатынын айтып өту, презентация арқылы көрсету (Слайд 9-14 ). Сондай-ақ, екі түзудің арасындағы бұрышты табуға бірнеше мысал көрсету, бұрышты табудың параллель көшіру және проекция түсіру әдістерін айтып өту (Слайд 15-19).

1-тапсырмада ұсынылған екі түзудің арасындағы бұрышты табуда қиындықтар туындаған оқушыларға өз бетінше немесе жұппен орындауға қосымша тапсырмалар ұсынуға болады (Қосымша 2)

Оқушыларға топта орындауға Тапсырма 3, 4 ұсыну (Қосымша 3). Мұғалім оқушылардың жұмысын бақылайды,кері байланыс береді, оқушыларға сұрақтар қоя отырып бағыт бағдар береді.

Тапсырма 3. ABCDA1B1C1D1 бірлік текше. Сызбада көрсетілген түзулердің арасындағы бұрышты сызып көрсетіңіздер.

1)

2)

3)

4)

5)

6)

7)

8)

9)

10)

11)

4-тапсырма жеке орындауға беріледі. Нәтижесін оқушылар кезекпен ауызша айтады (толық орындау міндетті емес), қалған оқушылар өз жауаптарымен тексереді

Тапсырма 4. Алдыңғы тапсырмада көрсетілген түзулердің арасындағы бұрышты анықтаңыздар.

Оқушылардың жұмысын қорытындылау мақсатында оқушыларға сұрақ қоюды ұйымдастыру:

1. Екі түзу арасындағы бұрыш дегеніміз не?

2. Айқас түзулердің арасындағы бұрышты табудың қандай әдістерімен таныстыңыздар?

3. Параллель көшіру әдісі қалай қолданылады?

4. Проекциялау әдісі қалай қолданылады?

Презентация

Атанасян Л.С, Геометрия, 10-11 сынып

Балаян, Геометрия, Задачи на чертежах, 10-11 сынып

http://uchitelya.com/geometriya/19983-ugol-mezhdu-skreschivayuschimisya-pryamymi.html

https://nsportal.ru/shkola/geometriya/library/2012/04/03/ugol-mezhdu-skreshchivayushchimisya-pryamymi

https://pptcloud.ru/presentations/182188/download_page

Рефлексия

2 мин

Оқушылардың рефлексиясы, кері байланыс.

Оқушылар үшін рефлексия сұрақтары:

Не білдім?

Не түсініксіз болды?

Нені жақсартуым керек?

Үй тапсырмасы: №

Саралау

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ барысында өз-өзіне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу арқылы тапсырманы орындау жолдарын бақылап, үйренеді.

Тапсырмалар оңайдан қиынға принципімен әзірленген.

Жекелеген оқушыларға қосымша тапсырмалар ұсынылады.

Бірін-бірі бағалау

Мұғалімнің кері байланысы

Оқушылардың көңіл-күйлерін бақылау. Өрт дабылы немесе локдаун болған жағдайда кабинеттегі оқушылардың әрекетіне басшылық жасау

Қосымша 1.

Тапсырма 1. Сызбада көрсетілген түзулердің арасындағы бұрышты анықтаңдар (көпжақтардың барлық қырлары 1-ге тең )

Тапсырма 2.

Сұрақ: түзулердің арасындағы бұрышты қалай анықтадыңыздар?

Тапсырма: Кеңістіктегі екі түзудің арасындағы бұрышты табу алгоритмін құрастырыңыздар.

Қосымша 2.

Сызбада көрсетілген түзулердің арасындағы бұрышты анықтаңдар (көпжақтардың барлық қырлары 1-ге тең):

Қосымша 3

Тапсырма 3. ABCDA1B1C1D1 бірлік текше. Сызбада көрсетілген түзулердің арасындағы бұрышты сызып көрсетіңіздер.

Тапсырма 4. Алдыңғы тапсырмада көрсетілген түзулердің арасындағы бұрышты анықтаңыздар.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу