Шеңбердің теңдеуі. Геометрия, 8 сынып, дидактикалық материал, 5 сабақ.


Қосымша 1

Оқу мақсаты:

8.1.3.17 центрі (a, b), радиусы r болатын шеңбердің теңдеуін білу;

8.1.3.18 берілген теңдеуі бойынша шеңбер салу.

Бағалау критерийлері:

Оқушылар

біледі:

  • формуласы центрі (a,b) нүктесі және радиусы r болатын шеңберді сипаттайтытын;
  • берілген теңдеуі бойынша шеңберді салуды;
  • теңдеуден шеңбер центрінің координаталарын табуды;
  • берілген теңдеуден шеңбер радиусын анықтауды.

қолдана алады:

  • айқын есмес түрде берілген теңдеуден толық квадрат арқылы шеңбердің теңдеуін ажыратып, шеңберді түрге келтіруде;
  • есептер шығару кезінде.

Жекелеме жұмыс

№ 1. А(2; 0), В(-2; 6) нүктелері берілген. АВ диаметрі болатын шеңбердің теңдеуін табыңыз.

№ 2. А(2; 2), В(5; 6) нүктелері берілген. АВ диаметрі болатын шеңбердің теңдеуін табыңыз.

№ 3. Центрі O(1, 2) нүктесі болатын абсцисса осін жанап өтетін шеңбердің теңдеуін жазыңыз.

Қосымша 2

«Белсенді сынып» ойыны

№ 1.Координаталар басы центрі болып табылатын шеңбер P(8; 6) нүктесін басып өтеді. Радиусын табыңыз.

№ 2. Диаметрі MN болатын шеңбер теңдеуін жазыңыз, егер:

а) М (-3; 5), N(7; -3); б) М(2; -1), N(4; 3) болса.

№ 3. Шеңбер теңдеуі берілген: x2+y2=400.

А) Шеңбер бойындағы абсциссасы −20 болатын нүктенің ординатасын табыңыз.

Б) Шеңбер бойындағы ординатасы −20 болатын нүктенің абсциссасын табыңыз.

№ 4. Шеңбер центрінің ккординаталары C(5;2). Осышеңбердің тңдеуін жазыңыз, егер:

1. шеңбер Ox осін жанайтын болса;

2. шеңбер Oy осін жанайтын болса.

5. Берілген теңдеу шеңбердің теңдеуі ме? Егер солай болса, онда оның центрі мен радиусфн анықтап, суретін салыңыз:

№ 6. Шеңбердің теңдеуі x2+y2=16. Келесі нүктелердің орналасқан жерлерін табыңыз. 1) B(0;1); 2) C(4;5).

Жауаптар (сәйкес келетін нүктені қойыңыз):

а) шеңбер бойында,

б) шеңбермен шектелген дөңгелектің ішкі бөлігінде,

в) шеңбермен шектелген дөңгелектен тысқары.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.