Үшбұрыштың ауданы. Есеп шығару. Геометрия, 8 сынып, сабақ жоспары, 6 сабақ.
Қайталау | Мектеп: НЗМ ХББ,Қарағанды | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты жөні | |||||
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: | қатыспағандар: | ||||
Сабақ тақырыбы | Үшбұрыштың ауданы. Есеп шығару. | |||||
Cабақтың түрі | Білімді жалпылау және жүйелеу сабағы | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
| |||||
Сабақ мақсаттары | - үшбұрыштың ауданы формулаларын қорытып шығару; -үшбұрыштың ауданын табу үшін формулаларды қолдану | |||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар:
параллелограммның, ромбтың ауданы формулаларын біледі және қорытып шығарады;
| |||||
Күтілетін нәтижелер | Оқушылар
| |||||
Тілдік мақсаттар | Фигураның ауданын табуда қолданылатын терминдерді оқушылар біледі ( ауданы, фигураның табаны, биіктігі, қабырғаның ұзындығы, периметр, бұрыштың синусы, диагоналы және т.б.) Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
- егер квадраттың қабырғасын k рет кішірейтсе, онда оның ауданы … | |||||
Құндылықтарды дарыту | Құндылықтарды қалыптастыру осы сабаққа жоспарланған жұмыстар арқылы жүзеге асырылады. Оқи білуі, жағдайды талдау, жаңа жағдайларға бейімделу, проблемалар қою және шешімдер қабылдау, командалық жұмыстың сапасына жауап беру, өз уақыттарын ұйымдастыру. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Қолданбалы есептерді шығару арқылы экономикамен байланыс жүргізіледі. | |||||
АКТ қолдану дағдылары | ||||||
Бастапқы білім | Формулы для вычисления площадей треугольников, прямоугольника, квадрата, параллелограмма, свойства треугольников. | |||||
Сабақтың барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 2 мин Сабақтың ортасы 8 мин 5 мин 15 мин 7 мин Конец урока 3 мин | I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу. Мұғалімнің әрекеті оқушылардың зейінін шоғырландыруға бағытталған. Мұғалім сабақтың тақырыбын жариялайды және оқушылармен бірге сабақтың/оқытудың мақсаттарын, «жақын даму аймағын», бағалау критерийлерін анықтайды. Мұғалім оқушыларды сабақтың жоспарымен таныстырады. 1 Тест тапсырмаларын орындау 2. Дайын сызбалар негізінде есептерді шығару 3. Деңгейлік тапсырмаларды орындау 4. Топтық жұмыс 5. Өздік жұмыс 6. Сабақты қорытындылау
II. Білімді белсендіру. Үшбұрыштың ауданын есептеу үшін негізгі формулаларды қолдану Оқушыларға үшбұрыштың ауданын табуға арналған тесттік тапсырмаларды орындау ұсынылады. Оқушылар жеке дара жұмыс жасайды. Тапсырма орындалғанна кейін, презентация бойынша өзін өзі тексеру жүргізіледі. Қажетті жағдайда кейбір оқушылар шешімдерін түсіндіреді. III. Дайын сызбалар негізінде есептерді шығару Жұптық жұмыс. Оқушылар жұпта тапсырмаларды шешеді. Жұптасып жұмыс істеу үлгерімі төмен оқушыларға неғұрлым озық оқушылардан көмек алуға мүмкіндік береді. Қажет болған жағдайда мұғалім оқушыларға кеңес береді, оларды дұрыс әрекет етуге бағыттайды. ІV. Деңгейлік тапсырмаларды шешу . Деңгейлік тапсырмаларды шешу. Оқушылар белгілі бір деңгейдегі тапсырмаларды өздері таңдайды. Бірнеше деңгейдің есептерін шеше алады. Мұғалім бақылайды, оқушыларға қажет болған жағдайда көмектеседі. V. Қолданбалы есепті шығару. Оқушылар үш топқа бірігіп, қолданбалы тапсырмаларды орындайды. Оқушылар өз шешімдерін парақтарға жазып, кейін оларды бағалауға іледі. Қалған топтар жұмысты бағалайды, есеп бойынша сұрақтар қояды. Рефлексия. Сабақтың соңында мұғалім рефлексия жүргізеді: - мен не білдім, не үйрендім - не түсініксіз қалды - қандай мәселелермен жұмыс жасау керек Оқушылар өзінің жұмысын және өзінің сыныптастарының жұмысын тексереді Үй жұмысы. | Интерактивті тақта Презентация 1-4 слайд Презентация 5-6 слайд Қосымша 1 Презентация 7 слайд 8 слайд Қосымша 2 9 слайд 10 слайд Қосымша 3 | ||||
Саралау | Бағалау | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Оқушылар жұптық жұмыста бір біріне шамалары келгенше көмектеседі. Саралау жұптық және топтық жұмыстарда көрінетін болады. Оқу үлгерімі жоғары оқушылардың басқа оқушыларға көмек көрсетуі қажет. Өздік жұмыс үшін түрлі деңгейдегі тапсырмаларды таңдау дифференциацияны қамтамасыз етеді | Сабақ кезінде мұғалімнің формативті бағалауы - мұғалім жұмыстың орындалуын қадағалайды, ауызша түсініктеме береді. Оқушылардың бірлескен іс-әрекеттерге қатысуын және диалогтарын жүзеге асыруға қатысуын бағалау. Тапсырманы орындағаннан кейін өзін бағалау. Жұмыстарды орындағаннан және ұсынғаннан кейін өзара бағалау. Мұғалімнің оқушылардың жеке дара жұмыстарын бағалауы. | Іс әрекеттің өзгеруін ұйымдастыру және оқушылардың әр қызмет түрі үшін уақытты ұтымды бөлу. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес есептерді таңдау. | ||||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.