Үшбұрыштың ауданы. Есептерді шығару. Геометрия, 8 сынып, қосымша материал, 2 сабақ.
Сабақты ұйымдастыру бойынша қосымша әдістемелік нұсқаулықтар
Үшбұрыштың ауданы. Есептерді шешу.
Оқу мақсаттары:
8.3.3.12 үшбұрыштың ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану.
Сабақтың мақсаты: ұсынылған сабақ есептерді шешуде үшбұрыштың ауданын табу үшін формулаларын қолдануға арналған
Сабақтың түрі: Үшбұрыштың ауданын есептеу білімдерін бекіту, біліктері мен дағдыларын қалыптастыру сабағы
Негізгі терминдердің анықтамасы:
1. Үшбұрыштың ауданы оның қабырғасы мен осы қабырғаға түсірілген биіктіктің жарым көбейтіндісіне тең болады:
2. Үшбұрыштың ауданы оның кез келген екі қабырғасы мен олардың арасындағы бұрыш синусының жарым көбейтіндісіне тең болады:
3. Тікбұрышты үшбұрыштың ауданы оның катеттерінің жарым көбейтіндісіне тең болады:
4. Үшбұрыштың ауданын есептеуге арналған Герон формуласы:
, мұнда р – үшбұрыштың жартыпериметрі
5. Аудандары тең фигуралар, тең шамалы фигуралар деп аталады.
Сабақтың барысы:
Мұғалімнің әрекеті оқушылардың зейінін шоғырландыруға бағытталған. Мұғалім сабақтың тақырыбын жариялайды және оқушылармен бірге сабақтың/оқытудың мақсаттарын, «жақын даму аймағын», бағалау критерийлерін, сабақтың кезеңдерін анықтайды.
Теориялық материалды қайталау. Өткен тақырып бойынша фронталды сұрақ.
Мұғалім оқушыларға үшбұрыштың ауданын есептеуде, қолданылатын негізгі формулаларын еске түсіруге, көпбұрыштың негізгі қасиеттерін тұжырымдауды еске түсіруге шақырады. Оқушылар сұрақтарға жауап береді,бір-бірін толықтырады. Суреттер мен формулалармен слайд ретінде көрсету, материалды визуалды қабылдауға ықпал етеді.
Дайын сызбалар негізінде есептерді шешу. Деңгейлік тапсырмалар. Жұпта жұмыс жасау.
Сынып білімдері жоғары оқушылар үлгерімдері төмен оқушылармен бірігіп жұмыс жасауы үшін жұпқа бөлінеді. Жұптар өздеріне (А, В) деңгейлерін таңдап алады. Оқушылар тапсырмаларды жұппен орындайды, шешімдерді талқылайды, бір-біріне кеңес береді.
Жауаптар, тапсырмаларға қойылатын бағалау критерийлері, сабаққа қосымша материалдар.
А деңгейі
Жауаптары:
№1 165 см2. №2 18 см2.
№5 16 см2. №6 80 см2.
В деңгейі
Жауаптары:
№11 см2. №12 270 см2.
№15 196 см2. №16 64 см2.
Тапсырмаларды аяқтағаннан кейін, оқушылардың жұбы берілген дайын сызбалар негізінде арасында өзара тексеріс жүргізеді. Мұғалім оқушылардың жұмыстарына түсініктеме береді, қажет болған жағдайда көмектеседі, тақтада дұрыс шешімдерді көрсетеді. Мұғалім оқушылардың жұмысы бақылайды, қажет болған жағдайда шешімдер мен жауаптарға түсініктеме береді, оқушыларға кері байланыс орнатады.
Практикалық жағдайларды білімдері мен дағдыларын қолдану. Қолданбалы есептерді шешу.
Мұғалім оқушылармен бірге үшбұрыштың ауданын табуға арналған формулаларды қолдана отырып, олданалы есепті шығарады. Қолданбалы есептерді шығару, оқушылардың математиканы оқуға деген мотивациясын арттырады, меңгерілген материалды жақсы түсінуге ықпал етеді.
Жауабы: 144000 тенге.
Оқушылардың өздік жұмысы.
Әрбір оқушы үшбұрыш ауданын табуға арналған формулаларды қолдануға арналған есепті жеке дара шешеді. Алдын ала белгіленген уақыт өткеннен кейін, мұғалім типтік қателерді талдау мен бағалау үшін жұмыстарды жинап, тексереді.
Рефлексия кезінде мұғалім оқушылардан қорытынды жасауға, ненің қиын болғанына, оның себептерін айқындауды сұрайды.
Үй жұмысы үшбұрыштың ауданын есептеуде оқушылардың білімдері мен дағдыларын бекітуге арналған.
Көрсетілім мен қауіпсіздік техникасына қойылатын нұсқаулар
Материалдың сабақ барысындағы көрсетілімі Power Point бағдарламасы көмегімен жүзеге асады. Слайдтарды мұғалімге сабақтың алдында қарап шығып, оларды бір-бірден көрсетіп отырған жөн. Жауабы бар слайдтарды тек оқушылар өздерінің жауаптарын тексеру үшін ғана қолданыңыз. Сабаққа қажетті материал оқулықтардан және Білімланд сайтынан алынған. Егер осы сайтқа жазылымыңыз болса, онда оны қолдануларыңызға болады.
Жеке қосымша құжат түрінде жазылған тапсырмалар слайдта болғанымен, оларды параққа басып, әрбір оқушыға жеке ұсынған жөн. Сонымен, олардың сабақ үстінде интерактивті тақтамен жұмыс жасау уақытын үнемдеуге болады.
Қажетті интернет-сілтемелер мен әдебиеттер.
Алгебра. 8-сынып: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық/ Шыныбеков Ә.Н. – 3-басылымы. – Алматы: «Атамұра», 2012.
Алгебра 8 класс, задания для обучения и развития учащихся, Лебединцева Е.А., Беленкова Е.Ю. Москва: «Интеллект центр», 2013.
Білімлэнд, www.bilimland.kz
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.