Үшбұрыштың ауданы. Есептерді шығару. Геометрия, 8 сынып, дидактикалық материал, 5 сабақ.
Қосымша 1
Дайын сызбалар негізінде ауызша жұмыс
- 2)
3) 4)
5) d1=9; d2=6
6)
5
4
Қосымша 2
Есептер:
- Дұрыс үшбұрыштың ішінен алынған кез келген нүктенің оның қабырғаларын қамтитын барлық түзулерге дейінгі қашықтықтарының қосындысының тұрақты болатындығын дәлелдеңдер.
- ABC үшбұрышында ВС = 34 см. BC қабырғасының ортасынан АС түзуіне перпендикуляр МN жүгрізілген. Перпендикуляр АС қабырғасын AN= 25 см және NC= 15 см кесінділерге бөледі. ABC үшбұрышының ауданын табыңыз.
Қосымша 3
Қолданбалы есеп.
Егер саябақтың 1 м2 үшін 1000 теңге мөлшерінде салық есептелсе, ал спорт алаңының 800 теңге мөлшерінде салық есептелсе, саябақ және спорт алаңына бөлінген территорияның жер салығын есепте. Спорт алаңы мен саябақтың жоспары мен өлшемдері суретте көрсетілген.
Қосымша 4
Өздік жұмыс
I нұсқа
- АВС үшбұрышында А = 45°, ВС = 13, ал ВD биіктігі АС қабырғасын 12 см-ге тең DС кесіндіні кеседі . АВС ауданын және ВС қабырғасына жүргізілген биіктікті тап.
- АВС сүйір бұрышты үшбұрышында ВD биіктігі жүргізілген. Егер АВ=25см,
ВС =26см, ВD=24см болса ,АВС үшбұрышының ауданын тап .
II нұсқа
- АВС үшбұрышындаВ = 45°, оның биіктігі ВС қабырғасын BN = 8 см, NC = 6 см кесінділеріне бөледі. АВС үшбұрышының ауданын және қабырғасын тап.
2. Теңқабырғалы үшбұрыштың табанына қарсы бұрышы 150°-қа тең. Үшбұрыштың бүйір қабырғаларының қосындысы 20 см-ге тең. Үшбұрыштың ауданын тап.
III нұсқа
(оқу үлгерімі жоғары оқушылар үшін)
1. АВС үщбұрышында А = 30°, В = 75°, ВD биіктігі 6 см-ге тең. АВС үшбұрышының ауданын тап.
2. АВСD ромбының ВK биіктігі АD қабырғасын АK = 6 см, KD = 4 см кесінділерге бөледі. Ромбтың ауданын және диагоналдарын табыңыз.
Бағалау парағы
Оқушының аты-жөні:
Сәйкестікті орнатуға арналған тест | Дайын сызбалар негізінде есептерді шығару | Есептерді шығару | Топтық жұмыс | Өздік жұмыс | Қорытынды |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.