Фигураның аудандары. Геометрия, 8 сынып, дидактикалық материал.
«Көпбұрыштардың аудандары» тақырыбы бойынша тест
1-нұсқа.
1. Параллелограмның ауданы:
а) қабырғаларының көбейтіндісіне тең;
б) биіктіктердің көбейтіндісіне тең;
в) қабырға мен осы қабырғаға түсірілген биіктіктің көбейтіндісіне тең.
2. Қабырғасы 3 см болатын квадраттың ауданы:
а) 6см2 б)9 см2 в) 12 см2.
3. Сөйлемді аяқта: ромбтың ауданы
а) қабырғалардың көбейтіндісіне тең;
б) оның диагональдарының көбейтіндісінің жартысына тең;
в) оның қабырғасы мен диагоналінің көбейтіндісне тең.
4. S = aв формуласы бойынша
а) тікбұрыштың ауданы есептеледі;
б) тікбұрышты үшбұрыштың ауданы есептеледі;
в) трапецияның ауданы есептеледі.
5. Табандары АВ және СД болатын және биіктігі ВО болатын АВСД трапециясының ауданын есептеу формуласы:
а) S(АВ + ВО) б) S( ВО + СД) в) S(АВ + СД)
«Көпбұрыштардың аудандары» тақырыбы бойынша тест
2-нұсқа.
1.Квадраттың ауданы
а) барлық қабырғалардың көбейтіндісіне тең;
б) қабырғаның квадратына тең;
в) оның қабырғасын 4-ке көбейткенге тең.
2.Параллелограмның ауданы:
а) оның сыбайлас қабырғаларының көбейтіндісіне тең;
б) диагоналдарының көбейтіндісіне тең;
в) қабырға мен осы қабырғаға түсірілген биіктіктің көбейтіндісіне тең.
3. S= d1d2 формуласы бойынша
а) ромбтың ауданы есептеледі;
б) тікбұрыштың ауданы есептеледі;
в) параллелограмның ауданы есептеледі.
4. Үшбұрыштың ауданы
а) табандарының көбейтіндісінің жартысына тең;
б) табан мен осы табанға түсірілген биіктіктің көбейтіндісінің жартысына тең;
в)оның биіктіктерінің көбейтіндісінің жартысына тең.
5. Табандары ВС және АД болатын және биіктігі ВH болатын АВСД трапециясының ауданын есептеу формуласы:
а) S(ВС + АД) б) S( ВС + АД) в) S(ВС + ВН)
Жауабы:
1 нұсқа | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
в | б | б | а | в | |
2 нұсқа | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
б | в | а | б | а |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.