Үшбұрыштың ауданы. Геометрия, 8 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ жоспары
Сабақты жоспарлаудан бұрын орта мерзімді жоспарды қараңыз. Сабақ жоспарын ұсынылған үлгі негізінде әзірлеуге болады.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: | Мектеп: | |||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||
Сабақ тақырыбы Үшбұрыштың ауданы | ||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.3.3.13 трапецияның ауданының формулаларын қорытып шығарады және қолданады; | |||||||||
Жетістік критерийлері | Білу және қолдану.
Синтез.
Анализ.
| |||||||||
Тілдік мақсаттар | Тілдік мақсаттар: Оқушылар: - фигуралар аудандарының формулаларын ауызша тұжырымдайды; - формулаларды түсінгенін тексеру үшін сұрақтарды тұжырымдайды; - фигуралар аудандарының формулаларын қорытуды түсіндіреді; - есептердің шешімдерінің қадамын сипаттайды. Пәнге тән лексика мен терминология: - шама, өлшем бірлігі; - ауданы, ұзындығы, ені; - периметр, жарты периметр; - жай фигура, жазық фигура; - тең шамалас, тең құрамдас,тең фигуралар; - көпбұрыш ауданы; - төртбұрыш ауданы; - параллелограмм ауданы; - квадрат ауданы; - тіктөртбұрыш ауданы; - ромб ауданы; -үшбұрыштың ауданы. -трапецияның ауданы. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: квадрат/тіктөртбұрыш/параллелограмм /ромб/ ауданын анықтау үшін ... қажет - ...формуланы қолдану үшін ..... қажет. - егер квадраттың қабырғасын k есе қысқартса, онда ауданы …. - тең шамалас ... бөліңіз. | |||||||||
Құндылықтарды дарыту
|
| |||||||||
Пәнаралық байланыстар |
| |||||||||
АКТ қолдану дағдылары | ||||||||||
Бастапқы білім | Ауданның қасиеттері. Параллелограмм мен ромбының анықтамалары. Параллелограмм мен ромбының қасиеттері. Фигуралардың теңдігі. Тең шамалы фигуралар. Тең құрамдас фигуралар. Параллелограмның ауданы Үшбұрыштың ауданы. | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 5 минут | Сабақ басында: - оқушылардың зейінін шоғырландыру; - оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ОМ анықтап алу; - оқушылардың «жақын даму аймағын», сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтауға көңіл бөлу. Үй тапсырмасы:
Параллелограмның, ромбының аудандарының формулалары
№21 Үшбұрыштың қабырғалары 10 см және 12 см, ал олардың арасындағы бұрышы 45°. Ауданын табыңыз. №3 Қабырғасы 5см болатын тең қабырғалы үшбұрыштың биіктігін және ауданын табыңыз. №4 үшбұрышында , ал биіктігі қабырғасын , кесінділерге бөледі. үшбұрышының ауданын табыңыз. №7 Қабырғалары 3 см, 25см, 26 см болатын үшбұрыштың ең кіші биіктігін табыңыз. | Ә.Н. Шыныбеков. Геометрия-8. 83 - 89- беттер. | ||||||||
Сабақтың ортасы 71 минут. | Қайталау. 4 минут. Трапеция. Трапецияның түрлері(тең бүйірлі трапеция, тік бұрышты трапеция). Трапецияның табандары, биіктігі, бүйір қабырғалары. Трапецияның бұрыштарының қасиеттері. Трапецияның орта сызығы. Жаңа сабақ. 20 минут. Трапецияның ауданы. Топтық жұмыс. Трапецияның ауданы формуласын берілген суреттер бойынша төрт түрлі тәсілмен табыңыз және дәлелдеңіз. 1-дәлелдеме. 2-дәлелдеме.
3-дәлелдеме. 4-дәлелдеме.
Топтық жұмыс. 9 минут. 1-есеп. №51 Егер тең бүйірлі трапецияның ауданы 44 см2, ал табандары 8 см және 14 см болса, трапецияның бүйір қабырғасын табыңыз. 2-есеп. Трапецияның табандары 15 см және 21 см, ал биіктігі 12 см. Трапецияның ауданын табыңыз. 3-есеп. Трапецияның орта сызығы 16 см, биіктігі 15 см. Трапецияның ауданын табыңыз. 1-сабақты қорытындылау. 2 минут. 2-сабақ.
Жұптық жұмыс. 12 минут. 4-есеп. Тең бүйірлі трапецияның кіші табаны 6 см, бүйір қабырғасы 10 см, ал биіктігі 8см. Трапецияның ауданын табыңыз. 5-есеп. Тең бүйірлі трапецияның кіші табаны 12 см, бүйір қабырғасы 13 см, ал периметрі 60см. Трапецияның ауданын табыңыз. 6-есеп. №54. ABCD трапецияда AD : BC қатынасы 4 : 3. AD мен BC трапецияның табандары. Трапецияның ауданы 70 см2. ABC үшбұрышының ауданын табыңыз. Жекелей жұмыс. 15 минут. №355 Трапецияның параллель қабырғалары 60см және 20см, ал бүйір қабырғалары 13см және 37см. Трапецияның ауданын табыңыз. №356. Көршілес екі кіші қабырғасы 6см-ден, ал үлкен бұрышы 135 болатын тік бұрышты трапецияның ауданын табыңыз. №357. Берілген тең бүйірлі трапециямен тең құрамдас: 1) параллелограмм, 2) тік төртбұрыш салыңыз. Есеп шығару. 10 минут. №55 ABCD трапецияда AD мен BC трапецияның табандары. AD : BC қатынасы 2 : 1. Е нүктесі ВС қабырғасының ортасы. AED үшбұрышының ауданы 100 см2. Трапецияның ауданын табыңыз. №56. Табандары 4см және 6см болатын трапецияның орта сызығы оны екі фигураға бөледі. Осы фигуралардың аудандарының қатынасын табыңыз. | А.Ж.Жұмаділова. Геометрия. Планиметрия. Для подготовки к ЕНТ. Стр.29 А.Ж.Жұмаділова. Геометрия. Планиметрия. Для подготовки к ЕНТ. Стр.31 Ә.Н. Шыныбеков. Геометрия-8. 2011. 78-90 беттер А.Ж.Жұмаділова. Геометрия. Планиметрия. Для подготовки к ЕНТ. Стр.31 | ||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады Үй тапсырмасы: Трапецияның ауданы. Есеп. Тең бүйірлі трапецияның доғал бұрышынан жүргізілген биіктігі оның үлкен табанын 6см және 30см кесінділерге бөледі. Трапецияның бүйір қабырғасы 10см. Трапецияның ауданын табыңыз. Есеп. ABCD трапециясының табандары - BC және AD. BC= 10, , . Трапецияның ауданын табыңыз. | Ә.Н. Шыныбеков. Геометрия-8. 86-87 беттер. | ||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||||||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.