Үшбұрыштың ауданы. Үшбұрыштың ауданын табу үшін Герон формуласы. Геометрия, 8 сынып, сабақ жоспары, 4 сабақ.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.1А Аудан | Школа: НЗМ ХББ, Ақтау қаласы | ||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Нурланова Альбина Нурлановна | ||||||||||||||||
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: | қатыспағандар: | |||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Үшбұрыштың ауданы. Үшбұрыштың ауданын табу үшін Герон формуласы. | ||||||||||||||||
Cабақтың түрі | Практикум сабағы. | ||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.3.3.12 үшбұрыштың ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану; | ||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | - Герон формуласын білу және үшбұрыштың ауданын табу үшін Герон формуласын қолдану; | ||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | - медиана үшбұрышты аудандары тең екі үшбұрышқа бөлетінін дәлелдейді. - Герон формуласын біледі; - үшбұрыштың ауданын табу үшін Герон формуласын қолданады; | ||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге қатысты лексика мен терминология: шама, өлшеу бірлігі; ені, ауданы; периметр, үшбұрыштың жарты периметрі; жазық фигура; тең шамалы фигуралар, тең фигуралар; көпбұрыштың ауданы; үшбұрыштың ауданы; төртбұрыштың ауданы; параллелограммның ауданы; квадраттың ауданы; тікбұрыштың ауданы; ромбтың ауданы, Герон формуласы
Егер квадраттың қабырғасын k рет кішірейтсе, онда оның ауданы … | ||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Бір-бірін тыңдай білу, кезекпен сөйлеу қабілеті, мысалдар мен дәлелдер келтіріп аудиторияға өз ойларын дәл жеткізе білу, дербес оқу мен академиялық шындыққа талпыну, жаңа жағдайларға бейімделу, проблемаларды қою, шешімдер қабылдау, топта жұмыс істеу, өзінің жұмыс сапасына жауапты болу, Құндылықтарды дарыту сабақтың барысында жоспарланған жұмыстар арқылы жүзеге асырылады. | ||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Сызу, тарих және әдебиетпен байланыс. | ||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | https://www.socrative.com/ сайтында видео көрсету, интерактивті тақтаны қолдану | ||||||||||||||||
Бастапқы білім | Шаманың мөлшерін білу, шаманы бір өлшем бірлігінен екіншісіне айырбастау мүмкіндігі. Көпбұрыштың, үшбұрыштың, төртбұрыштың және олардың элементтерінің анықтамаларын білу. Үшбұрыштың және төртбұрыштың түрлерін тану қабілеті. Квадраттың және төртбұрыштың ауданын табу үшін формулаларды қолдану дағдысы. | ||||||||||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||
Сабақтың басы 2 мин | 1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, сыныптың тазалығын, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру Мұғалімнің әрекеті оқушылардың зейінін шоғырландыруға бағытталған. Мұғалім сабақтың тақырыбын жариялайды және оқушылармен бірге сабақтың/оқытудың мақсаттарын, «жақын даму аймағын», бағалау критерийлерін анықтайды. | Презентация Слайд 1-4 | |||||||||||||||
Сабақтың ортасы 3 мин 3 мин 8 мин 10 мин 12 мин | Мұғалім білімді белсендіру мақсатында, https://www.socrative.com/ сайтын қолдана отырып,4 сұрақтан тұратын True-False»(Ақиқат - Жалған) ойынын ойнауды ұсынады. Осы кезде оқушылардың алдында тұрған ноутбуктың экранынан түрлі түсті квадратттар жанады (қызыл, сары, көк). Осы түстерге сәйкес, оқушылар үш топқа бөлінеді. Ойынның қорытындысынан кейін мұғалім тарапынан оқушыларға кері байланыс жүргізіледі. Білім және түсіну Проблемалық есеп үшін видеороликті көрсету. (Хан үшбұрышты жерді ұлдарына бөліп беруі тиіс. Ол үшін үшбұрыштың төбесін, оған қарама қарсы жатқан қабырғасның ортасымен қосады, яғни үшбұрыштың медианасын сызады). Мұғалім: Жерді бөлу мәселесін шешуді көмектесейік. Сұрақ- жауап 1. Қалай ойлайсыздар, ұлдары не туралы ойланып қалды? 2. Әкесі жерді тең бөлді ме? 3. Неліктен ұлдарда күмән туды? 4. Қалай ойлайсызар, біз ханның жер телімін дұрыс бөлгенін тексере аламыз ба? (иә, жоқ). 5. Оны қалай жасауға болады? Топтық жұмыс. Жер телімінің теңдігі туралы гипотезаны тексерейік. Мұғалім: Біздің гипотезамыздың дұрыстығын тексеріп көрейік. Ол үшін үш топқа бөлініңдер. Үшбұрыштарды бұрыштарына сәйкес жіктеңдер (сүйір бұрыш, жоғал бұрыш, және тікбұрыш). Ендігі кезекте, үшбұрыштың ауданын табумен байланысты, (сүйір бұрыш, жоғал бұрыш, және тікбұрыш) Герон формуласын пайдалана отырып, үш есепті шығарайық,
Осы үшбұрыштардың ауданы туралы не айта аласыз? ( барлық үшбұрыштардың ауданы тең) Практикалық жұмыс. Үшбұрыштың медианасы оны аудандары тең екі үшбұрышқа бөледі. Топтық жұмыс. Мұғалімнің сөзі: Сіздердің алдарыңда жіп, пластилин, кішкентай қылыштар, пенопласт орналасқан. Қалай ойлайсыздар, жіп не үшін керек? (себебі, ерте кезеңде өлшемді жіп арқылы өлшеген). Тәжірибелік жұмыстарды орындау кезінде оқушылар үшбұрышты берілген материалдардан жасайды, 1-қосымшадағы үшбұрыштың өлшемін сақтайды. Содан кейін, үшбұрыштарының әрқайсысында үлкен қабырғасына медиана жүргізіледі, үшбұрыш екі бөлікке бөлінеді және алынған бөліктердің ауданы өлшенеді. Ауданды есептеу бойынша топтардың жұмыс алгоритмі 1. Жұмысты баяндайтын спикерді таңдау. 2. Әр топ берілген үш есептің біреуін таңдауы қажет, есептің шартына сәйкес, берілген заттармен масштабы сақтай отырып, үшбұрыш салу керек. Кейін оның үлкен қабырғасына медиана өткізу керек. 3. Медиананың ұзындығын өлшеу және оның дәптерге жазу. 4. Алынған екі үшбұрыштың ауданын табу. 5. Екі ауданды салыстыру. 6. Қорытындыны дәптерге жазу. 7. Бір минуттың ішінде жұмысты баяндап беру. Сонымен бүгінгі оқу мақсаттары қандай? Оның критерийлері қандай? Есептерді шешу. Жұптық жұмыс Сынып үлгерімі жоғары оқушы, оқу үлгерімі төмен оқушымен жұмыс істейтін етіп жұпқа бөлінеді. Жұптарға күрделілігі әртүрлі деңгейдегі үш тапсырманы беріледі. Жұптар бір тапсырманы таңдап, оны бірге орындауға құқылы. Бұдан кейін жұптағы әрбір оқушыға қалған екі тапсырма арасында таңдау беріледі. Әрбір оқушы дәптерде дербес өз есебін шешеді. Содан кейін оқушылар дәптерлерімен жұпта алмасып, өзара бағалау жүргізеді (мұғалім берген жауаптар бойынша). Оқушылар шешімдер мен жауаптарды талқылайды, қателерді түзейді, мүмкін болатын балама шешімдерді ұсынады, тапсырмалар бойынша сұрақтар қояды.. Мұғалім бақылайды, қажет болса түсіндіреді, шешімдер мен жауаптарды түзейді, оқушыларға кері байланыс береді. | Видео көрсету Презентация 5 слайд Үлестірме құралы Қосымша №1 5-6 слайд жіп, пластилин, кішкентай қылыштар, пенопласт Қосымша №2 | |||||||||||||||
Сабақтың соңы 3 мин | 1Мұғалім тарапынан оқушыларға кері байланыс беру. 2. Оқушыларға рефлексияның бір түрі ретінде, анкетаны толтыру ұсынылады.
3. Үй жұмысы: Егер ханның 4 ұлы болса? Үшбұрышты жер телімін 4 тең бөлікке бөлуге болады ма? Оны қалай жасауға болады? | Қосымша №3 | |||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||
Оқушылар жұптық жұмыста бір біріне шамалары келгенше көмектеседі. Саралау жұптық және топтық жұмыстарда көрінетін болады. Оқу үлгерімі жоғары оқушылардың басқа оқушыларға көмек көрсетуі қажет. | Мұғалім сабақтың басында үшбұрыштың қасиеттері тақырыбына қатысты білімін тексеру үшін жекедара жұмыс жүргізіледі. Әрбір оқушыға оның аяқталуы туралы кері байланыс беріледі. Осылайша, бағалау жұптық жұмыста жүзеге асырылады. Оқушылар бір-бірін тексереді және нақты кері байланыс береді. | Сабақтың басында кабинетті желдету. Парталар мен үстелдердің дұрыс қойылуына назар аудару. | |||||||||||||||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.