Планиметрияның негізгі фигуралары. Планиметрияның аксиомалары. Геометрия, 7 сынып, дидактикалық материал.


Дидактикалық материалдар

1 тапсырма

1.O, Z, U, A, P, V нүктелері UZ сәулесінің бойына тиісті ме?

2.Оқушыларға сызбада салынған кесінділердің ортақ нүктелерін әріптермен белгілеуді ұсыныңыз. Келесі сұраққа жауап беруін сұраңыз: «Суретте неше кесінді сызылған?»

3.Суретте АЕ, BD, GD, DC сәулелері бар ма?

2 тапсырма

Деңгейлік тапсырмалар:

1. Фигура дегеніміз не?

2. Планиметрияда қандай фигуралар зерттеледі?

3. Үшбұрыш, төртбұрыш, көпбұрыш фигураларына күнделікті өмірден қолданылатын заттардан мысалдар келтір.

4. Бір түзуде жататын А,В және С үш нүкте неше кесінді құрайды?

5. Бір түзуде жатпайтын екі кесіндінің неше ортақ нүктесі бар болуы мүмкін?

6. М нүктесі К және Р нүктелерінің арасында жатыр. Егер КР=0,9дм, КМ=0,3дм болса, М және Р нүктелерінің ара қашықтығын тап.

7. С - АВ кесіндісінің ортасы. О- АС кесіндісінің ортасы. 1) АВ=2см болса, АС,СВ,АО и ОВ кесіндісін тап.

3 тапсырма

2. Өзбетімен жұмыс

І деңгей тапсырмалары

1. Геометрия дегеніміз не?

2. Геометрия ғылымының дамуына үлес қосқан ерте заман ғалымдарын ата.

3. Геометрия неше салаға бөлінеді және оларды ата?

4. Шар, кесінді, конус, цилиндр, сызық. Осы фигураларды геометрияның қай саласында зерттелетінін ата.

IІ деңгей тапсырмалары

5. Кез келген екі нүктені белгіле.

6. Екі нүкте арқылы түзу сыз;

7. Екі нүктенің ара қашықтығын өлшеп дәптерге жаз.

IIІ деңгей тапсырмалары

8. Екі нүкте арқылы неше түзу жүргізуге болады?

4 тапсырма

3. Топтық жұмыс.

Сынып екі топқа бөлінуі керек.

I топ

Планиметриялық фигуралар жөнінде өмірден мысалдар келтіріп, қолданылуы жайлы деректер беруі тиіс.

II топ

Стереометриялық фигуралар жөнінде өмірден мысалдар келтіріп, қолданылуы жайлы деректер келтіруі қажет.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.