Планиметрияның негізгі фигуралары. Планиметрияның аксиомалары. Геометрия, 7 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша 1

Аты-жөні ___________________________________________________ Сынып: 7 « »

Қысқаша жазба

Анықтамасы

Сызба

А

АВ

Кесінді-

Бұрыш–— бір нүктеден шыққан әр түрлі екі сәуледен құралған геометриялық фигура.

,

Сурет 1 бойынша.

  • АВ және CD кесінділері қиылыса ма?
  • АВ және CD түзулері қиылыса ма?
  • М нүктесі CD түзуінде жататындай, ал CD және АВ кесіндісінде жатпайтындай етіп белгілеңіз.
  • Н нүктесі CD түзуінде А және В нүктелері арасында жататындай етіп белгілеңіз

Тексерген Аты-жөні:________________________________

Балл

Қосымша 2

Планиметрияның аксиомалары

1.Тиістілік АКСИОМАСЫ

Сызбасы, қысқаша жазба

Аксиома 1.1  Түзу қандай болса да, оның бойында жататын және оның бойында жатпайтын нүктелер табылады.

Аксиома 1.2. Әрбір екі нүкте арқылы бір ғана түзу жүргізуге болады.

2. Орналасу аксиомасы

Сызбасы, қысқаша жазба

Аксиома 2.1. Түзу бойындағы үш нүктенің тек біреуі ғана қалған екеуінің арасында жатады.

Аксиома 2.2. Түзу жазықтықты екі жарты жазықтыққа бөледі.

Егер кесіндінің екі төбесі бір жартыжазықтықта орналасса, онда кесінді жазықтықты кесіп өтетін түзумен қиылыспайды. Егер кесіндінің екі төбесі екі түрлі жартыжазықтықта жатса, онда кесінді жазықтықты кесіп өтетін түзумен қиылысады.

3. Өлшеу аксиомасы

Сызбасы, қысқаша жазба

Аксиома 3.1. Әрбір кесіндінің нөлден үлкен ұзындығы бар. Кесіндінің ұзындығы оның әрбір нүктесімен бөлінетін бөліктерінің ұзындықтарының қосындысына тең.

Аксиома 3.2. Әрбір бұрыштың нөлден үлкен белгілі бір градустық өлшемі бар. Жазыңқы бұрыштың шамасы 1800-қа тең. Бұрыштың градустық өлшемі осы бұрыштың қабырғаларының арасы арқылы өтетін кез келген сәулемен бөлінетін бөліктерінің градустық өлшемдерінің қосындысына тең.

4. Өлшеп салу аксиомасы

Сызбасы, қысқаша жазба

4.1. Кез келген сәуле бойынан оның бастапқы нүктесінен бастап ұзындығы берілген кесіндіні өлшеп салуға болады және бұл кесінді жалғыз болады.

4.2. Кез келген сәуледен берілген жарты жазықтықты градустық өлшемі берілген бұрышты өлшеп салуға болады және бұл бұрыш жалғыз болады.

4.3 Қандай да үшбұрыш болмасын, берілген жарты түзуде оған тең тағы бір үшбұрыш бар.

5. Параллельдік аксиомасы

Сызбасы, қысқаша жазба

5.1 Берілген түзуде жатпайтын нүкте арқылы түзуге тек қана бір параллель түзу жүргізуге болады.

Қосымша 3

А деңгейі

№ 1

А, В және С нүктелері бір түзудің бойында жатыр. АВ=4,3 см, АС=7,5 см, ВС=3,2 см болса, А нүктесі В және С нүктелерінің арасында жатуы ммкін бе? С нүктесі А және В нүктелерінің арасында жатуы мүмкін бе? А, В, С нүктелерінің қасысы қалған екеуінің арасында жатады?

№ 2

, болса РК сәулесі QPR бұрышының ішкі сәулесі болады ма?

В деңгейі

№ 3

, , және ОК мен ОМ АОВ бұрышының ішкі сәулелері. КОМ бұрышын табыңыз.

4. Түзуде А,В,С нүктелері белгіленген: АВ = 7 м, АС = 21 м, ВС = 28 м. Нүктелердің қайсысы басқа екі нүктенің арасында жатыр?

5. АВ кесіндісінде О нүктесі белгіленген, К және М нүктелері АО және ОВ кесінділердің ортасында орналасқан. АВ кесіндісінің ұзындығын табыңдар, егер КМ = 8 см.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.