Дайындалған бұйымды көркемдеу. Көркем еңбек (ұлдар), 8 сынып, дидактикалық материал.


Ою- өрнек жасау үлгілері.

Аз уақыт жұмсап тез бітіру үшін түрлі – түсті қағаздар жиынтығы пайдаланылады.. Қима ою-өрнек жасау үшін сурет дәптер, «ТМ» қарындашы, қайшы , ақ жұмсақ өшіргіш, желім болу керек. Түрлі –түсті қағаздан қиып алынған үлгілерді сурет дәптердің бетіне рет-ретімен композициялап желімдеп отырады. Ою-өрнек элементін қағаздан қию үшін қағазды бір бүктеп қошқар мүйізінің жарты көрінісі қаламмен сызылып болған соң қайшымен қалам ізі бойынша қиылады. Күрделі ою-өрнектер жасау үшін қағазды бір, екі және төрт бүктеп, оның бетіне қалам мен күрделі ою-өрнектердің суреті салынады да ұқыпты қиылады.. Қиып алған ою-өрнекті бүктеуін жазып жібергенде әдемі ою алдыңнан шыға келеді. Міне осыдан кейін ою-өрнек дайын. Оны керекті бұйымның бетіне түсіре беруге болады.

Қандай ою-өрнек қималарын сурет дәптерінің бетіне желімдеп отырған жөн. Ою-өрнек өнерін қиып, ойып, сызып, жасаудың орындалу тәсілдерінің үлгілері беріліп отыр. Алдымен қағазда үлгі жасап үйреніп, оны баспа немесе трафарет ретінде қолдануға болады.

Сонымен біз әдемі ,әсем, ғажайып заттарды жасау үшін біз ою-өрнек сызу әдісін үйренуіміз керек екен.

Ою- өрнекті дайындау кезеңдері:

  • Қағазды төрт бүктеп, ою-өрнектің ¼ бөлігін сызамыз.
  • Сызық бойымен қиямыз.
  • Ою-өрнектің бүктеуін жазамыз.
  • Дәптер бетіне жабыстырамыз.

Этностильдегі ою- өрнектер үлгілері

Пайданылған ресурстар:

https://www.liveinternet.ru/users/3361560/post361964428/

https://www.tarbie.kz/67



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.